file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Психология | Бала асырап алу

Бүгінгі таңда жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үйін сақтау көкейтесті мәселелердің бірі. Бала интернатты мекемеде тәрбиеленген кезде, баланың құқығы бар тұрғын үйдің бөлігі жайдан-жай сатылып кетеді. Алайда оған тұрғын үйдің бөлігінің қандай да бір құны өтелмейді. Осыған байланысты, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы «29» қарашадағы № 1271 қаулысымен Жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үйін сақтау қағидалары бекітілді.
Аталған қаулыға сәйкес тұрғын үйінің сақталуын бақылауды жергiлiктi атқарушы органдар (бұдан әрі – органдар) қамтамасыз етедi.
Балаларды қорғаншылыққа немесе қамқоршылық, патронаттық тәрбиелеуге бергенге, білім беру ұйымдарына, медициналық және басқа да ұйымдарға орналастырғанға дейін олардың тұрғын үйін сақтауды органдар қамтамасыз етедi.
Балаларды қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа, патронаттық тәрбиелеуге беру, білім беру ұйымдарына, медициналық және басқа да ұйымдарға орналастыру кезінде олардың тұрғын үйін сақтауды балалардың заңды өкілдері қамтамасыз етедi.
Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан орган жалдаған тұрғын үй балаларда олар білім беру ұйымдарында, медициналық және басқа да ұйымдарда, оның ішінде қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін ұйымдарда болған кезеңде, қорғаншылықта немесе қамқоршылықта, патронаттық тәрбиеде болғанда кәмелетке толғанға дейін сақталады. ....
Рефераттар
Толық