Ірі мекеменің қарауындағы бір шағын ғана орталықты басқаратын Кішкентай Адам үйіне барып түстенген соң жұмысына қарай жетіп алмақшы болып, автобусқа жайғасқаны сол еді, қалтасындағы телефоны безілдеп қоя берді. Хабарласып тұрған хатшысы болса керек. Орталық деген аты ғана болмаса, онда бар-жоғы екі-ақ адам бар. Бірі – өзі, екіншісі – компьютерде мәтін теретін бір жас қыз және қабырғасы бір есікпен ғана бөлінетін табыттай тар екі бөлме. Төр жағында өзі, есік аузында хатшысы жайғасқан. Соған қарамастан, аты дардай. «Ұлы дала мұраларын бүгіншілеп тану орталығы» деп аталады. Орталықтың басшысы...
Баланың сандық ұғымы туралы білімін тереңдету және санай білу қабілетін жетілдіру осы кезеңдей ең жауапты міндет болып табылады. Ата-аналар балаға «қанша», «неше» - деген сұрақтарды қоюға болатын мүмкіншілікті орынды пайдалану тиіс. Мысалы: «Біздің үйдің бағында неше алма ағашы, неше өрік ағашы өсіп тұр», «Сенің бөлмеңде неше гүл өсіп тұр?», «Балам столға үш кесе, үш шанышқы әкел және сонша қасық әкеле қойшы. Қане қанша қасық әкелдің? Және т.б. сұрақтар мен тапсырмалар айтыңдар олардың санау қабілетін дамытады. Жақсы санау білу дағдыларын «Кім көп тосын алады?», т.б. ойындар арқылы шыңдай түсуге болады. Реттік сандар қатарын салыстыруға жаттығу баланың санның реттік қатарын (1,2,3) құрылуының негіздегі принципін түсінуге бағыттайды. Осыған орай «Бірлігі ортақ санды ата?» - ойынын ойнатуға болады. Тәрбиеші балалардың көз өлшемінің дамуына көп көңіл бөлуі керек. Мысалы, оларға 4-5 заттың үнемі таңдай отырып, оған тең аз - көп үлгідей затты көзбен табу ұсынылады. Балалар өлшемі тең затты табуды үйренеді. Өлшемі енді көз өлшемдік әрекетке салыстыру заттарын қоюдан өту мақсатын аралық құрал ретінде пайдаланады. Балалар заттарды өлшей отырып, заттардың санына мән береді. Балалар өлшеу, есептеу барысында көптеген көрнекіліктерді қолданады (ленталар, шарфтар, қораптар, шаңғылар). Олардың санын анықтап, бір-бірінен үлкен-кіші, биік-аласа, ұзын-қысқа, тең т.б. екеніне көз жеткізеді. ....
Кіріспе Зерттеудің көкейкестілігі: Халқымыз бала тәрбиесіне қашанда ерекше мән берген, өйткені бала біздін болашағымыз, өміріміздің жалғасы. Сондықтан бүгінгі таңда да балаларлы қорғау - әлеуметтік мәні зор халықтық іс болып табылады. Балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау, оларды тәуелсіз мемлекетіміздің білімді, білікті, мадениетті азаматы етіп тәрбиелеу барысында жасалып жатқан тың жұмыстар, өмірімізге еніп жатқан жаңалықтар осыны дәлелдейді. "Бала тәрбиесі — бесіктен басталады"— деген ұлы қағидаға сүйенсек, 1,5 – 6 жас аралығындағы сәбилерге білім және тәрбие беретін мекемелердің орны да маңызды да ерекше. Елбасы Н.Ә. Назарбаев өзінің халыққа арналған «ЖАҢА ӘЛЕМДЕГІ ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН» атты Жолдауының «Тоғызыншы бағытында – Жоғарғы технологияларды енгізуге және инновацияларды қолдауға бағытталған біртұтас мемлекеттік стратегия жүргізу жүйесін өте мұқият зерделеген жөн » деп атап көрсетті. Зерттеудің мақсаты: Мектепке дейінгі балаларға мектеп алды даярлық жағдайында тәрбие мен білім беру мазмұнын жаңарту барысындағы әдістемелік әдебиеттерді талдау, ғылыми негіздерін белгілеу. Және де мектеп алды даярлық жағдайында тәрбие мен білім беру мазмұнын жаңарту әрекетін дамыту әдістемесін жасау. Зерттеудің міндеті: ....
Кіріспе Зерттеудің көкейтестілігі: Қазіргі қоғамда болып жатқан әлеуметтік - экономикалық және саяси жаһандық өзгерістер жаңа ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу ісіне үлкен талаптар қойып отырғаны баршаға мәлім. Еліміздің тәуелсіздікке қол жеткізіп жаңа қарқынмен дамуы ұрпақ тәрбиесінде ұлттық дәстүрлерімізді ұлықтап, өз ана тілімізді құрметтеп, оның қуат - қайнарын пайдалануға жол ашты. Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесіндегі тәрбие жұмысын реттейтін бірінші тұжырымдамалық құжат 1995 жылы қабылданған «Мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларды тәрбиелеу тұжырымдамасы» болды. Онда тәрбие жұмыстарының мақсаты, ұстанымы, мазмұны мен тәсілдері қарастырылып, отбасының тәрбиелік потенциалы мен мектептің тәрбие жүйесіне аса мәнді көңіл бөлінді. Қазір содан бері 20 жылдан аса уақыт өтіп, бұл құжат бүгінгі күні өзінің миссиясын орындады деп айта аламыз[1]. .....
Болашақтың бүгінгіден нұрлы болуна ықпал етіп,адамзат қоғамын алға апаратын күш тек білімде ғана.Қай елдің болмасын өсіп-өркендеуі,өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне,даму бағытына байланысты. Егеменді еліміз тәуелсіз мемлекет мәртебесін алып,қазақ халқының ғасырлар бойы аңсаған арманы іске асу барысында,осы тұста өз жеткіншегін жан-жақты жетілген,парасатты азамат етіп тәрбиелеу,тиісті мамандық беру кез-келген мемлекеттің естен шығармайтын негізгі мақсаттарының бірі.Қазіргі кезде орын алып отырған қиыншылықтарды,келеңсіздіктерді жеңетін де,жаңаша жол табатын да,нарықтық қатынастардың дұрыс бағытын анықтыйтын да тек іскер,білгір мамандар болатындығына дау жоқ. Ел Президентінің Қазақстан халқына «Қазақстан-2030» жолдауында: «Біздің жас мемлекетіміз өсіп жетіліп кемелденеді,біздің балаларымызбен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді.Олар өз ұрпағының жауапты да жігерлі,білім өресі биік,денсаулығы мықты өкілдері болады»-деген сенімі жай айтылған сөз емес.Бүгініг күн талабына орай білім беру мазмұны,мақсаты қайта қаралып,түбегейлі жаңартылуы тиіс.Еліміздің болашағы көркейтіліп,өркениетті елдер қатарына қосылу бүгінгі ұрпақ бейнесінен көрінеді.Осыдан барып жас ұрпаққа ғылыми негізде білім беру,қабілеттерін ашу міндеті туындайды.Яғни білім мазмұнын жаңарту,үздіксіз білім беру жүйесін дамыту-өмірдің өзі талап етіп отырған бүгінгі күннің обьективті заңдылығы. Кез келген елдің болашағы білім беру жүйесінің және зиялылар қауымының деңгейіне байланысты болғандықтан, Қазақстан халқына да әлемнің дамыған елдерімен тең дәрежеде білім беру қажеттілігі тудырмайды. Білім мазмұнын жаңартудың ғылыми негізіне бастауыш сынып оқушысын белгілі бір қажетті біліктер мен дағдылардың иесі,оқу әрекетінің субъектісі,әр түрлі мәдениеттермен өз көзқарасы тұрғысынан диалогқа түсетін автор және жас ерекшелігіне сәйкес өз жасын қалыптастыруға күш жұмсап,еңбектенетін бала деп қарастыратын,осыған орай көп қырлы құрылымды білім- тәрбие мазмұнын анықтап құруға көмектесетін қазіргі заманғы дамыта оқыту идеясы алынады. «Адам ұрпағымен мың жасайды»-дегендей ,ұрпақ тәрбиесі- қай кезеңде де халықтық мәселе болған.....
Бүгінгі таңдағы еліміздің басты мақсаты - өркениетті елдердің қатарына қосылу, бүкіл әлемдік білім кеңістігіне еніп, дамыған елдермен терезесі тең ұлтқа айналу. Ендеше, бұл жолда мемелекетіміздің алдында көптеген атқарар жұмыстар тұр. Соның бірі – болашақ ұрпақ тәрбиесі. Жаһандану дәуірі қызу жүріп жатқан кезеңде алпауыт мемлекеттердің жетегінде жұтылып кетпес үшін ұлттық білім беру жүйесін тың арнаға, жаңа сапаға жеткізуіміз керек. Замана талабына сай баланың білімі мен білігі екінші орынға түсіп, басты орынға оның тұлғасын жан-жақты дамыту, ұлттық тәлім-тәрбиені сіңірту міндеті алға қойылды. Демек, өмірге келген сәбиге туыла салған сағаттан бастап жан тәрбиесін беру – бүгінгі күннің басты міндеті. Азаматты тәрбиелеу – мемлекеттің мойнындағы мәселе. Әр елде осы мәселеге қатысты тәрбие берудің өзіндік идеологиясын жасаудың әр ұлтқа тән үрдістері бар. Яғни баланы балабақшаға барғаннан бастап, күнделікті көріп жүрген теледидарынан, оқып жатқан оқулықтарынан бастап осы мәселені жан-жақты қарастыру керек. Теледидар – бүгінде біздің өміріміздің ажырамас бөлігіне айналған. Әсіресе, бүлдіршіндер мен жеткіншектер тарапынан жоғары сұранысқа ие болып отырған бұл ақпарат құралының қоғамдағы алатын орны зор. 2000 жылы Германияда балалар мен жасөспірімдер арасында «Егер елсіз-жұртсыз айдаладағы аралға апарып тастаса, өздеріңмен не алар едіңдер?» деген сұраққа олар бірінші орында теледидар, компакт дискілер, екінші орынға – тамақ, тек үшінші орынға ғана өз ата-аналарын қойған екен. Бүгінгі біздің қоғам жағдайы да осыған келіп тұрғаны анық. ....