Бір уыс мақта

Мақсаты:. Әңгіме мазмұнымен таныстыру, түсінгенін айта білуге үйрету. Есте сақтау қабілеттерін дамыту. Сөздік қорларын молайтып, байланыстыра сөйлеуге дағдыландыру. Еңбекқорлыққа, имандылыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Ыбырай Алтынсариннің портреті, мақта және әңгімеге байланысты суреттер.
Сөздік жұмыс: шапан, мамық, қиқым,
Әдіс - тәсілдер: әңгімелесу, сұрақ - жауап, көрсету

Ұйымдастыру кезеңі:
Шаттық шеңбер
- Ал балалар, шеңберге тұрамыз. Алдымен келген қонақтармен амандасып алайық.
Күннің көзі ашылсын
Көкке шуақ шашылсын
Құтты қонақ келіпті
Төрімізге еніпті
Амандасу үлкенге
Тәрбиенің басы ғой .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық

С дыбысы және әрпі

Мақсаты: Жаңа С дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыру. С дыбысы бар сөздер айтып, талдау.
Білімділік: Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру және сауатты жазуға үйрету.
Дамытушылық: С дыбысы мен әрпін оқыту арқылы балалардың ойлау, есте сақтау қабілетін, сөздік қорларын дамыту.
Тәрбиелік: Балаларды ұқыптылыққа және ойын толық жеткізіп айтуға үйрету.
Көрнекіліктер: суреттер, кеспе әріптер,«С» әрпінің баспа түрі, саңырауқұлақтар.

Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Балаларды шаттық шеңберіне тұрғызып, бір - біріне жылулық лебізін білдіру.
Армысың алтын күн!
Армысың асыл жер!
Армысың жан досым!
Жылуыма жылу қос,
Мінекей менің қолым!
- Балалар өткен сабағымызда қандай дыбыспен танысып едік? «Б» дыбысынан басталатын кім көп сөз айтады? .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық

Ғ дыбысы және әрпі

Мақсаты: Ғ дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыру. Балалардың ойлау қабілеттерін, қиялын дамыту. Балалардың ғ дыбысы бар сөз, сөйлем ойлап табуына назар аудару, сөздік қорына мән беріп, байланыстыра сөйлеуге үйрету. Жазуға қолдарын жаттықтыру.
Көрнекі құралдар: кеспе әріптер мен буындар, жұлдыз, зымыран мен ғаламшарлардың суреттері, дидактикалық материалдар.

Жылулық шеңбері.
- Балалар, қане, бәріміз Жермен, Күнмен, достарымызбен амандасайықшы.
Амансың ба, алтын Күн!
Амансың ба, Жер ана!
Амансың ба, достарым,
Сендерді көрсем қуанам! .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық

Қош келдің Наурызым

Мақсаты: Балаларды қазақтың салт - дәстүрімен, қазақ киімдерімен таныстыру.
Жүру барысы:
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, апайлар Наурыз мерекесі құтты болсын! Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жаңа жыл келді. Бәріңізге жаңа жыл бақыт жылы, бейбіт жылы болсын!
Анель: Қыс өтіп, қар кетіп,
Шырайлы жаз жетіп.
Шаруаның кенелген,
Мейрамы ежелден.
Құтты болсын Наурыз!
Бекарыс: Наурыз тойы салтанат,
Наурыз тойы мархабат.
Әр жүректен ән тарап, .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық

1-5 сандары

Мақсаты. 5 - ке дейін реттік санауды бекіту, заттарды салыстыру, артық және кем санды анықтауды, есеп шығаруды үйрету және ойлау қабілетін дамыту.
Керекті көрнекіліктер. 1 - 5 дейінгі сандар, себеттер, алмалар, қоян суреті және жапсыруға керекті құралдар.
Әдіс - тәсілдер. Сұрақ – жауап, есептер, логикалық есептер, санамақтар.

Оқу іс – әрекет барысы.
Шаттық шеңбері.
Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды қаламыз, .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық

К дыбысы мен әрпі

Білімділігі: Балаларға К дыбысы мен әрпін таныстыру. Сөздерді буынға бөлуге және буындарды оқи білуге үйрету.
Дамытушылығы: Балалардың білімге деген қызығушылығын дамыту.
Тәрбиелілігі: Ойын еркін айтуға дағдыландыру. Шапшаңдыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: жаңа сабақ.
Әдіс - тәсілі: сұрақ - жауап, суретпен жұмыс, топтастыру стратегиясы.
Көрнекілігі: кесенің, күшіктің, кенгурудің, бүркіттің суреті.

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Қызығушылығын ояту. Амандасу. Шаттық шеңберіне тұру.
Кел, балалар, күлейік,
Күлкіменен түлейік.
Қабақ түйген не керек,
Көңілді боп жүрейік! .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық

Сандар әлеміне саяхат

Сабақтың мақсаты: 1) 8 санымен таныстыру деп аталатын ойын сабаққа балалармен 7 - ге дейінгі сандарды тура және кері санап балалардың есіне түсіру. 8 санымен таныстыру. Әрбір санның алдыңғы және өзінен кейінгісін дұрыс атай білуге үйрену. Қанша? Қандай? Нешінші? деген сұрақтарға дұрыс жауап беруге жаттықтыру мақсаты көзделеді.
2) Сондай - ақ айналадағы қоршаған ортамен салыстыра отырып, геометриялық пішіндерді ажырата білуге дағдыландыру. Логикалық ойын арқылы баланың қиялын, ой өрісін, есте сақтау қабілетін дамыту.
3) Саусақтың көмегімен 8 санын көрсету жолдарын ойлап табуға қызықтыру.
Алдын ала өткізілетін жұмыс:
Жұмбақ шешу, математикалық өлеңдер.
Сабақтың көрнекілігі: 1 - ден 8 - ге дейінгі сандар, суреттер, геометриялық пішіндер, түрлі түсті қағаздар.
Әдіс тәсілдер: әңгімелесу, түсіндіру, сұрақ жауап, ойын. .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық

Төрт түлік

Сабақ мақсаты: Балаларға төрт түлік малдың пайдасы туралы қарапайым түсініктерін қалыптастыра отырып, төлдерін атау, алынатын өнімдер туралы әңгімелеу.
Малды шақыру\қоралау\. Балаларға төрт түлікті бағып күту туралы түсіндіру. Ойын, тілдік қорын, дүниетанымын кеңейту.
Әдісі: Сұрақ - жауап, көрсету.
Көрнекілігі: Ойындар. Суреттер. Интерактвиті тақта. СД дискі («Табиғаттың сиқырлы әуені»), ойыншықтар.
Сабақ түрі: Аралас сабақ.

Жүрісі:
І. Ұйымдастыру.
Жылулық шеңбері.
Аспанымыз ашық болсын,
Хан туымыз биік болсын.
Әке - шешем аман болсын.
Деніміз сау болсын. .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық

Көктем келбеті

Сабақтың мақсаты: Көктем мезгілінің ерекшеліктерімен таныстыру. Көктем мезгілі туралы балаларға білім беру. Табиғаттағы құбылыстар, өсімдіктер мен жануарлардағы маусымдық өзгерістер, адамдардың көктемдегі пайдалы іс – әрекеттері туралы әңгімелеу. Табиғатты сүюге, одан ләззат алуға еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.
Көрнекілік: Көктем туралы суреттер және үлестірмелі суреттер.
Әдіс – тәсілдер: салыстыра сөйлету, әңгімелесу, түсіндіру, ойын, көрнекілік.

Сабақ барысы:
І. Қызығушылығын ояту. Шаттық шеңбері.
Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды күніміз,
Жарқырайды даламыз. .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық

Өмірімізді сақтайтын – бағдаршам

Сабақ тақырыбы: «Өмірімізді сақтайтын – бағдаршам»
Мақсаты: балаларды жолда жүру ережесімен таныстыру. Жол белгілерін айыра білу дағдыларын қалыптастыру, жол ережесін білудің маңызды екенін түсіндіру. Есте сақтауға үйрету, жол қауіпсіздігін, өз өмірлерін сақтай білуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Бағдаршам, жол ережелеріне байланысты суреттер. Теледидардан слайд арқылы суреттер көрсету. Түрлі – түсті қарындаш, ақ бет, т. б.
Әдіс - тәсілдер: Айту, түсіндіру, көрсету, сұрақ - жауап.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық