Дұрыс тамақтану

Дұрыс тамақтану ережесін білу артық салмақ мәселесін де туғызбайды. Салауатты өмір салтын ұстанудың басты ережесі де дұрыс тамақтануды білуге тиіссіз.

Денсаулыққа пайдалы кеңестер
Толық

Қазына, дәулет, байлық, молшылық

Дәулетіне қарай сәулеті.

Дәулетті ел — сәулетті.

Орман ел дәулеті, жер сәулеті.

Еңбексіз құраған дәулет,
Емсіз жабықсан дертпен тең.

Жамандықты көп қусаң,
Құтылмас пәле жолығар,
Жақсылықты көп қусаң,
Бақ-әулетің молығар.

Келген - дәулет, кеткен - бейнет.

Дәулет келерінде тойға келген қыздай,
Кетерінде қолға ұстаған мұздай.

Келген дәулет, кеткен мехнат бәрі бір.

Адыра қалды бақ, дәулет,
Еңбек енді шын дәулет.
Мақал-мәтелдер
Толық

Байлық

Байда пейіл болса,
Кедейде мейір болады.

Байдың малы ортақ.

Байдан жұғар, балдан тамар.

Бай - жарлының бақташысы.

Дәулеттінің дәмімен.

Түгін тартса, түбінен май шығады.

Байдың малы ардақты,
Жарлының жаны ардақты.

Жүзді айдап, бірді жетелеген.

Басытқыға бал ішкен,
Сусынына шай ішкен.

Бай тоқ болмас,
Батыр аш болмас.
Мақал-мәтелдер
Толық

Байлық, баршылық, тоқтық, кедейлік

Денсаулық — зор байлық.

Ай бетінде де дақ бар.

Құзғын ас таңдамайды.

Байлық не керек,
Адалдан жимасаң.
Билік неге керек,
Әділдік құрмасаң!

Су байлық —
Алты айлық.
Қар байлық —
Үш айлық.

Байлық байлық емес, бірлік — байлық.

Байлық мұрат емес,
Жарлылық ұят емес.

Бақыт — қолға қонған құс.
Байлық — қолға ұстаған мұз.
Құс ұшып кетеді
Мұз еріп кетеді,
Дүниенің қызығы — сіз бен біз.

Кедей мен бай жолдас болмас,
Қасқыр мен қой жолдас болмас.

Алтынды тот баспайды.

Аузы қисық болса да, байдың ұлы сөйлесін.

Қарыз қатынас бұзады.

Тіленшіге жел қарсы.

Базар – бай, алушы – кедей.

Жоқшылық жомарт ердің қолын байлар.

Жоққа жүйрік жетпейді.

Жіп жіңішке жерінен үзіледі.

Байлық — мұрат емес,
Кедейлік — ұят емес.

Ауызы қисық болса да
Байдың ұлы сөйлесін.

Ашаршылықта
Ашқарақ алдымен өледі.

Сараң бай союға қозы таппай
Жарлының жалғыз тоқтысын сұрайды.

Бар мақтанса, табылар,
Жарлы мақтанса, шабылар.

Көз бір уыс топыраққа тояды.
Мақал-мәтелдер
Толық

Саулық – байлық негізі

Адам өміріндегі ешбір байлықтың құнына тең келмейтін асыл қазына – денсаулық. Деннің саулығы, жанның тазалығы ұзақ өмірмен жарқын күндердің себепшісі болып табылады. Шыны керек денсаулықтың қаншалықты өз организмімізге қажет екенін біздің ата – бабаларымыз ежелден-ақ түсінген және қадіріне жете білген. Сол себепті «Басты байлық- денсаулық» деп, бекер айтып кетпеген болар. Бұл тұрғыда біз ең бірінші дені сау адам қандай болу керек, жалпы қазіргі ....
Шығармалар
Толық

Татулық таптырмас байлық (2 сынып, I тоқсан)

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Менің отбасым және достарым
Сабақтың тақырыбы: Мәтін тақырыбы мен тірек сөздер бойынша негізгі ойды анықтау. Мәтіннің жоспарын құру.Татулық таптырмас байлық.
Оқу мақсаты: 2.2.4.1 мұғалімнің қолдауымен мәтіннің тақырыбы мен тірек сөздер бойынша негізгі ойды анықтау
Сабақтың мақсаттары: Мәтін тақырыбы мен тірек сөздер бойынша негізгі ойды анықтауды үйрету.......
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Су - баға жетпес байлық (3 сынып, IV тоқсан, 7 бөлім)

Пән: қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7-бөлім «Су – тіршілік көзі»
Сабақ тақырыбы: Су - баға жетпес байлық
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:
3.2 Мәтіннің мазмұнын түсіну
3.3.2.1 жиі қолданылатын сөздер мен фразалардан құрастырылған шағын мәтіндегі негізгі ойды түсіну
Сабақ мақсаттары:
Оқушылардың барлығы:
сөздер мен фразалардан құрастырылған шағын мәтіндегі негізгі ойды мұғалімнің қолдауымен түсінеді.
Оқушылардың көпшілігі:
сөздер мен фразалардан құрастырылған шағын мәтіндегі негізгі ойды түсінеді және түсіндіреді.
Оқушылардың кейбірі:
сөздер мен фразалардан құрастырылған шағын мәтіндегі негізгі ойды түсінеді және қолданады. ....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Денсаулықтан асқан байлық жоқ (5 сынып, III тоқсан, 1 бөлім )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Денсаулық - зор байлық.
Сабақтың тақырыбы:Денсаулықтан асқан байлық жоқ
Сабақта іске асатын оқу мақсаты: (оқу бағдараламасынан сілтеме)ТБ2. Сөйлем
Сабақтың мақсаты:ТБ2. Жазба жұмыстарында хабарлы, сұраулы, лепті сөйлемдердің жасалу жолдарын білу, құрастыру....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Мұхтар Шаханов (Жаңа қазақтар немесе рухани байлықсыз да мемлекет құруға болады деп ойлайтын жас бизнесменге хат)

Жаңа қазақ, шала қазақ — жас інім,
Алшысынан тұрды бүгін асығың.
Саған қарап ойландым да, жасыдым.
Айырмаған азғыны мен асылын
Мына ғасыр, бәлкім, сенің ғасырың.
Мына ғасыр безбүйректеу өр ғасыр,
Жүрегінде сезім емес, қорғасын,
Шетке қақты тұлпары мен жорғасын.
Қақпай қайтсін, бәрін сатып алуға.....
Өлеңдер
Толық