Пән: Биология Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Тірі ағзалардың көп түрлілігі. Сабақтың тақырыбы: Табиғаттағы көміртек пен азот айналымы. Биосферадағы биохимиялық үрдістер. Топырақ пен шөгінді жыныстар түзудегі тірі ағзалардың рөлі. Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары: 9.3.1.4 азот пен көміртектің табиғаттағы айналымының сызбасын құру. Сабақтың мақсаты: азот пен көміртек айналымын түсінеді азот пен көміртек айналымының сызбасын құра алады. азотты сіңіру, ыдырау, нитрификация және денитрификация үдерістерін өз сөзімен түсіндіре алады .....
Пән: География Қысқа мерзімді жоспар бөлімі:Экономикалық география Сабақтың тақырыбы: Биосфера-тіршілік қабаты Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)7.3.4.1 Биосфераның құрамын, құрылымын, шекаралары мен қасиеттерін анықтау Сабақ мақсаттары: Сызба және фотосуреттер арқылы биосфераның шекарасы, құрылымын атау Биосферадағы зат айналымын түсіндіру Биосферадағы ағзалардың көптүрлілігін сипаттау....
Табиғат байлықтарының қымбатты түрлерінің бірі-су.Дүние жүзінде көптеген өнім мен тағамға айырбас боларлық заттар табылғанымен суды алмастыратын зат табылған жоқ.Су адамдар мен жануарлардың дене құрамына кіріп,онда болатын зат және энергия айналымына қатысады.Денедегі су мөлшері 10-12 процентке кемісе адам әлсіреп,шөлдеп,аяқ-қолы дірілдей бастайды,20-25 процентке кемісе өмір сүруі тоқтайды.Бір адам70жылда орта есеппен 50тонна су ішетіні көрінеді. Су-түсі,исі және дәмі жоқ сұйық зат,жақсы ерітуші,үстіңгі кернеуі өте жоғары,айқын капиллярлық(жіңішке түтікпен сұйық заттын жоғары көтерілуі)қасиеті бар.Осы қасиеті топырақтағысу ерітінділерін өсімдіктер бойына сорып алып күн көруі үшін өте қолайлы.Жер шарында сулар үнемі қозғалыста болып,барлық бос сулар.олардың агрегаттық(сұйық,бу, мұз түрлерінің,жиынтық атауы)күйіне қарамастан,жердің гидросфера деп аталатын қабатына жатады.Жер шарының сулы аудандарының жиынығын гидросфера деп атайды.Гидросфераға мұхиттар,теңіздер,өзендер,тоғандар,ми батпақ,топырақтығы,жер астындағы және атмосфералық ауадағы сулар кіреді.Дүние жүзінің3/4бөлігі су.Мұхит пен теңіздердің жалпы аудандары құрғақ территорияның ауданынан 2,5есе артық.Гидросфера биосфераның басқа бөліктері-литосфера(жер асты сулары),атмосфера(булы дымқыл)және оларда тіршілік ететін тірі организімдермен тығыз байланысты.Гидросфераның жалпы көлемі 1455миллион километр квадрат. Жалпы су қорының 97,5проценті тұзды минералды болып келеді.Теңіз(мұхит)суларын ерітінді деп есептеуге болады,себебі бұл сулардың құрамындағы тұздардың мөлшері орта есеппен 35г/кг.Менделеев периодтық системасындағы барлық элементтер жер бетіндегі сулардың құрамында кездеседі.Бірақ та олардың ішінде теңіз суларының негізгі тұздылығын құратындарға натрий,магний,кальций катиондары мен хлорид, карбонат…сульфат аниондарын жатқызуға болады.Басқа химиялық элементтердің мөлшері негізгі иондардікімен салыстырғанда анағұрлым төмен болғанымен,олардың теңізбен теңіздегі тірі организімдерде жүретін химиялық процестерге қосатын үлесі өте зор.Олардың ішінде тірі организімдер өз тіршіліктеріне пайдаланатын азотты,фосфорды,кремнийді ерекше атап өтуге болады.бұл элементтердің теңіз суындағы мөлшерін реттеп отыратын теңізде тіршілік ететін жан-жануарлармен өсімдіктер. Тұщы сулардың қоры жалпы су қорларының 2,5процентің құрайды,немесе35млн.км3.Бұл сулардың орташа тұздылығ 1г/л аспайды.Планетаның әр тұрғынына келетің тұщы су мөлшері шамамен 8 млн.м3.Тұщы сулардың 30проценті жер астындағы сулар.Тұщы судың негізгі қоры тау бастарындағы мұздықтар,Арктика мен Антарктида мұздарында-97процент.Антарктидада мұздың ең қалың 4.78 км тең қабаты және дүние жүзі бойынша ен таза суы бар теңіз Уэддела осы Антарктидада тіркелген.Оның мөлдірлігі тазартылған судікіндей.Жер шарыедағы барлық өзендер 650-700жыл ішінде қанша су берсе,тау мұздарында да сонша су бар ....
.Биосфера ұғымы - ғылымға кездейсоқ берілген. 100 жылдан астам уақыт бұрын, 1875 ж Австриялық биолог Эдуард өзінің Альпі тауларының шығу тарихы туралы кітабының ең жалпылама тарауында жер шарының әр түрлі қабаттарының жолында баяндаған кезде осы терминді алғаш рет қолданды. Бірақ бұл үстіртін айтылған сөз ғылыми ойдың дамуында айтарлықтай роль атқара алған жоқ. 1926 жылы орыс минералогы Вернадскийдің екінші лекциясы жарыққа шықты. Сол лекцияда ол Зюзстың еңбегінен кейін 50 жылдан соң біз осы күнге шейін мойындап жүрген биосфера концепциясын тұжырымдады. Биосфера ретінде Вернадский жер қыртысының бүкіл геологиялық тарихы бойында тірі организмдер әсеріне ұшыраған барлық қабаттарды түсіндірді. Соңғы жылдары көптеген ғалымдардың (Д.Ж. Катин және т.б.) биосфера жер бетінің қазіргі кездегі организмдердің тіршілігінің ықпалындағы бөлігі ретінде қарастырылып, биосфера ұғымын таратып жүр. Көптеген ғылыми терминдер әртүрлі жағдайлар бірде кеңірек, бірде тарылу мағынасында қолданып жүр....
Биологиялық эволюцияның қазіргі заманғы теориясы төмендегілерді бөліп көрсетеді: - эволюция басталатын элементарлық құрылымды – яғни жеке особь немесе түр емес, популяция; - эволюцияның механизмі, яғни популяцияның генотипінің тұрақты өзгерісі - мутагенезді; - факторларды – олар негізгі және қосымша болып бөлінетін эволюцияның қозғаушы күштерін; - триггерлерді - қозғаушы күштердің іске қосу механизмдерін, яғни осы қозғаушы күштерді қозғалысқа келтіретін себептерді. Мутациялар – эволюцияның материалдық қайнар көздері. Келесі ұрпақтарда тұқым қуалайтын өзгерістер туғызатын мутациялар организмдердің қасиеттерін, белгілерін, ерекшеліктерін не реакция нормаларын анықтайды. Көбеюдің әдеттегі қалыпты үрдісінде мутациялар аяқ асты пайда болады. Ұрпақ сандарындағы мутациялар саны тұрақты болады. Кездейсоқ пайда болған өзгерістер организм үшін пайдалы болса, тіршілік үшін күресте организмнің тіршілігін сақтап қалуына себін тигізеді. Бірнеше ұрпақтар бойына сақталып, қайталанып отыратын бұндай кездейсоқ өзгерістер тірі организмдер мен олардың популяцияларының құрылымында түбегейлі өзгерістер туғызып, нәтижесінде жаңа түрлер пайда болады. Табиғи және жасанды сұрыптаудан басқа тұқым қуалаушылық өзгергіштікті реттейтін ешқандай фактор жоқ. Тек қоршаған ортаның белгілі жағдайларындағы өзгерістер пайдалы болғанда, табиғи ортада сұрыпталады, немесе эволюция барысында олардың саналы түрде жасанды сұрыптауы арқылы іске асады. Эволюция және түрдің пайда болуы популяциялардың немесе кіші бір ғана қолайлы емес екені анықталған. Үлкен популяцияда тұқым қуалаушылық өзгерістердің пайда болуы зиян, ал кіші популяциядағы кездейсоқ әсерлердің ықпал етуі жиі кездеседі. Сондықтан особьтардың сандық құрамын тұрақты түрде өзгертіп отыратын орта мөлшердегі популяциялардың эволюцияға шын жаңа түрлер пайда болуына қалайды. Жаңа түр пайда болуы үшін бұрынғы организмдердің белгілі бір тобы ерекшеленуі қажет. Организмдердің белгілі бір тобының ерекшеленуі мен изоляциясы арқылы, олардың басқа түрлермен шағылыспа, яғни генетикалық информацияларымен алмаспауы үшін қажет екені дәлелденген. Табиғатта әртүрлі организмдер тобының изоляциясы, сол сияқты оның селекция практикасында қолданылуы да әртүрлі жолмен жүзеге асырылады, олардың мақсаты біреу ғана –түрлердің генетикалық информациялармен алмаспауын қадағалау.....
Биосфера – ерекше биос - өмір және тіршілік, «Sphaira» (сфера) шар, қоршаған орта деген сөздерінен алынған, яғни жер шарындағы адамзаттың жан-жануарлардың, өсімдіктердің және басқа тірі организмдердің тіршілік ететін ортасы деген мағына береді. Бұл терминді 1875 жылы бірінші рет Австрияның атақты геологы Э. Зюсс ғылымға енгізді. Бірақ биосфера және оның жер бетінде жүріп жатқан процестері туралы ілімнің негізін салған академик В.И. Вернацкий болды. Осы ілім бойынша, биосфера +50 %-дан – 50 % -ға дейін температурасы болатын термодинамикалық қабат болып саналады. Биосфера негізінен үш қабаттан құрылады. Олар: атмосфера (газ күйіндегі), гидросфера (су), литосфера (қатты) қабаттар.
Атмосфера жер шарын түгелден орап тұрады. Ол гректің «atmos» - бу, «sphairi» (сфера) сөзінен шыққан. Оның қалыңдығы 100 км-ге дейін жетеді. Атмосфераның негізгі құрамында оттегі (20,95 %), яғни 1,5 * 1015 тонна аргон (1,28 %), азот (75,50 %), яғни 3,8 * 1012 тонна және басқадай газдар кездеседі. Атмосфера негізінен – тропосфера, стротосфера және иопосфера қабаттары болып үшке бөлінеді. Тропосфера – грекше «tropos» (тропос) – бұрылысы, «sphaira» (сфера) – шар. Өзгермелі қабат деген мағына береді. Жер бетіне тікелей жайласқан төменгі тығыз қабаты. Орташа биіктігі 10 * 12 км-ге жетеді. Стротосфера – латынша «stratum» - төсем, тағы сондай сияқты теңіз деңгейінен 9-11 км жоғары жататын атмосфера қабаты. Иопосфера – гректің «ion» - қозғалғыш қабат деген сөзінен алынған. Қалыңдығы 800 км-ге жетеді.....
Күн системасының (жүйесінің) ерекше планетасы Жердің су (гидросфера), жер (литосфера) және ауа (атмосфера) сияқты бөлімдері бір-бірімен өзара қарым-қатынаста болатын жұқа қабатында тірі ағзалар мекендейді. Бұл қабат биосфера (грекше биос — тіршілік, сфера - шар) деп аталады. Биосфера (В.И.Вернадский бойынша) — тіршілік бар немесе қандай да бір кезеңде тіршілік болған және үнемі тірі ағзалардың әсер етуіне ұшырайтын немесе ұшыраған планета аймағы. Бірінші рет «Биосфера» түсінігі ұлы француз натуралисті Жан Батиста Ламарктің (1744-1829) жұмыстарында кездессді. Биосфераны тіршілік иелерінің мекен ету сферасы немесе тіршілік орын алған сфера ретінде түсінуді 1875 жылы австриялық ғалым Э.Зюсс ұсынды, бірақ бұл түсінік кейін ұмытылып кетті. Биосфера туралы жалпы ілімді жасаған (тарихта үшінші рет) белгілі орыс (совет) геолог-ғалымы В.И.Вернадский (1863-1945) болды. Ілімнің негіздері оның «Биосфсра» кітабында (1926) баяндалған. В.И.Вернадский планеталық тірі заттардың планетаның бет-әлпетін өзгертуге және оның дамуына қолайлы экожүйелерді қалыыптастыруға қабілетті аса қуатты геологиялық фактор екенін дәлелдеді. В.И.Вернадский бойынша тірі заттар күн энергиясын қабылдай алады және ыдырауы ксзінде химиялық жәнс физикалық жұмысқа жұмсалатын энергия бөліп шығаратын химиялық қосылыстарды жасайды. ....
Биосфера ұгымы ғылымға кездейсоқ енген. Жүз жылдан астам уақыт бұрын, 1875 жылы австриялық геолог Эдуард Зюсс өзінің Альпі тауларының шығу тарихы туралы кітабының соңғы, ең жалпылама тарауында жер шарының әр түрлі қабаттары жайында баяндаран кезде осы терминді алғаш рет қолданған болатын. Бірақ бұл үстіртін айтылған сез ғылыми ойдың дамуында айтарлықтай роль атқара алған жоқ. 1926 жылы орыс минералогы В. И. Вернадскийдің екі лекциясы жарыкқа шықты. Сол лекцияларында ол, Зюсстың еқбектерінен кейін 50 жылдан соң, біз осы күнге шейін мойындап жүрген биосфера концепциясының негізгі қағидаларын тұжырымдады. Биосфера ретінде Вернадский жер қыртысының бүкіл геологиялық тарихы бойында тірі организмдердің әсеріне ұшыраған барлык қабаттарын түсінді. Сонғы жылдары көптеген ғалымдар (Дж. Хатчинсон және басқалар) биосфераның Жер бетінің, қазіргі кездегі организмдер тіршілігінің ықпалындағы бөлігі ретінде қарастырып, биосфера ұғымын тарылтып жүр. Көптеген ғылыми терминдер әр түрлі жағдайларда бірде кеңірек, бірде тарлау мағынада қолданылуда. ....
Байқоңыр космодромы қазақ жеріндегі ең үлкен және өте күрделі инженерлік құрылыс. Мұндай инженерлік кешенді адамзат баласы бұрын- соңды жасаған емес. Бұл ғажап құрылыста космос корабльдерін, космос станцияларын, зымырандарды, зымыран- тасымалдаушыларды сынау, космос кеңістігін зерттеу үшін кең көлемде ғылыми- зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Байқоңыр космодромындай құрылыс жер шарында жоқ. Сондықтан Байқоңыр космодромы дүниежүзі халықтарының назарын аударып, алаңдатып отыр. Ол тек космос корабльдері мен зымырандарды космос кеңістігіне ұшыру мақсатына жасалған емес. Сонымен қатар, әскери қару- жарақтардың жаңа түрлерін сынау мақсатын да көздейді. Байқоңыр космодромы әскери ғылыми- техникалық орталық болып есептеледі. Космодромда өнеркәсіп және шаруашылық орындары шоғырланған. Олар да космос кеңістігін зерттеуге атсалысады. Мұнда космосқа ұшырылатын космос корабльдерінің, зымырандардың, зымыран- тасымалдаушылардың бөлшектері жиналып, космосқа ұшырылып отырады. Космосқа ұшқан космос корабльдерінің ұшатын бағыты белгіленіп, ұшу жылдамдығы анықталады. Онда зымырандардың бағытын және жылдамдығын анықтайтын электронды есептеу орталығы бар. Космодром 1957 жылы Байқоңыр қаласында салынған. Бұл қалада қазіргі кезде 6 мың халық тұрады. Космодромда 9 зымыран ұшуру кешені, 15 зымыран ұшыратын қондырғылар бар. Ресейдің барлық космосқа ұшқан корабльдері мен зымырдандары осы Байқоңыр космодромынан ұшырылған. Зымырандарды отынмен қамтамасыз ететін 3 станция, космонавттардың денсаулығын бақылайтын медициналық орталық, 1- классқа жататын 2 аэродром, сұйық оттек, сұйық озот өндіретін завод, электр жылу жүйесі, газ құбырлы электр станциясы, 470 шақырым темір жол, 1280 шақырым автокөлік жүретін магистраль, электр, жылу, сумен қамтамасыз ететін жүйелері бар. Космодромның құрылысы алғашқы кезде тым құпия болған. Салынған жүйелер мен құрылыстар объектілерді жасырын түрде жүргізілген. Қазақ елінің жерге деген билігі жоқ болатын. Байқоңыр космодромы Қазақстанның оңтүстік-батысында, яғни Қызылорда облысының территориясында орналасқан. Бұл аймақтың ауа райы өте құбылмалы келеді. Қысы суық, жазы ыстық, жауын-шашын 90-150 мм-дей аз жауады. Сол себептен ауа райы ылғалсыз болып келеді де, құрғақшылық жиі-жиі болып тұрады. Жер бедері жазық, тау-тастар жоқ. Тек қана құм белестері мен көшпелі құмдар көп кездеседі. өсімдік әлемі онша көп емес. Орман-тоғай бұл аймақта өспейді. ....