Ұялы байланысында үнемдеу кеңестері

Осыдан жиырма жыл бұрын адамдар «Желі ұстамай тұр», «Менің телефоныма ақша салшы», «Саған жаңа ғана телефонмен хат жібердім, алдың ба?» немесе «Телефонымды үйге қалдырып кетіппін, хабарласа алмадым» дегенді естісе, ақыл-есі ауысқан деп ойлауы мүмкін еді. Қазір ұялы телефонсыз өзімізді жалаңаш қалғандай сезінеміз. Почтаны тексеріп, чатқа шығып, баратын мекен-жайымыз туралы білуді смартфонсыз елестете алмаймыз.

Алайда, мұндай «ғажайып құрылғы» әрқашан арзан болмаған, қазіргі «трубкалар» да қымбат. Біз ұялы байланыс пен қосымша қызметтер мен қосымшаларына өзіміз байқамастан әжептәуір қаражат жұмсаймыз. Өзіміз бен айналамыздағы.....

Кеңестер
Толық

Ерлер назар аударатын 13 нәрсе

Әдетте еркектерді көп нәрсеге мән бермейді деген пікір қалыптасқан. Бірақ бүгінгі ақпаратымыздан кейін бұл пікір жоққа шығуы әбден мүмкін. Өйткені олар кездескен арулардың тек кеудесіне ғана назар аудармайды. Мынадай ұсақ түйектерді де жіті бақылайды екен.

Қыздарға (бойжеткен) пайдалы кеңестер
Толық

Күнделікті бет күтімінің 10 ережесі

№ 1 ереже
Бет күтіміне арналған құралдарды теріңізге сәйкес таңдаңыз. Таңдаған косметикаңыз сіздің теріңіздің типіне сәйкес келуі керек. Құрғақ, майлы терілердің қажеттіліктерінің бір-біріне ұқсамайтынын ескеріңіз.

№ 2 ереже
Терінің сезімтал бөліктеріне ерекше назар аударыңыз. Бет терісінің кейбір бөлігі өте жұқа әрі сезімтал келеді. Осы себепке байланысты ол нәзік күтімді талап етеді. Әсіресе, көз айналасының.....
Қыздарға (бойжеткен) пайдалы кеңестер | Аналарға және әйелдерге кеңестер
Толық

Төсектегі мінсіз әйелдерге кеңес

Еркектер төсек ойынын жақсы көреді, ал ол ойынды жақсы көретін әйелдерді одан да қатты жақсы көреді. Сондықтан артық ұялшақтықтың және жыныстық сауатсыздықтың қажеті жоқ. Олардың көзіне аздап ақымақ болып көрінгеніңіз жақсы. Мамандардың нәзікжандыларға арналған бірнеше кеңесіне құлақ түріңіздер.
Қыздарға (бойжеткен) пайдалы кеңестер | Аналарға және әйелдерге кеңестер
Толық

Жалқаулықты жеңудің 7 жолы

1. Жалқаулықты жеңу үшін ештеңе істемеу керек.
Шынымен, кез-келген бөлменің ортасына тұрыңыз да, ешқандай әрекет жасамаңыз: оқымаңыз, жатпаңыз, ешкімді тыңдамаңыз, ойланбаңыз, тамақ жемеңіз. 15 минутқа толмай жатып бір істі бастауға құлшынысыңыз оянып кетеді.

2. Қойшы, бұл 5-ақ минуттың шаруасы.
Жалқаулыққа бой алдырмаш үшін бес минуттық шаруадан бастаңыз, бұл – ұзақ және жұмысқа толы күн күтіп тұр деген ойға қарағанда әлде қайда жеңіл бастама.

3. Маңызды жұмысты бірнеше бөлікке бөліп тастаңыз.
Үлкен шаруаның нәтижесіне жету мүмкін емес. Алдыға қойылған.....
Ерлерге (жігіт) пайдалы кеңестер | Қыздарға (бойжеткен) пайдалы кеңестер
Толық

Тарихтағы ең бай адам Джон Рокфеллердің өмірден тоқыған ең маңызды 20 сабақ

1. Мен 100 пайыз өзімнің күш-жігерімнен гөрі 100 адамның 1 пайыз күш-жігерінен пайда тапқанды қалар едім.

2. Күндіз-түні жұмыс істеген адамның ақша табуға уақыты жоқ.

3. Бедел жинаңыз, ертең ол Сізге жұмыс жасайтын.....
kz | Кеңестер | Ерлерге (жігіт) пайдалы кеңестер | Бизнес және қаржы
Толық

Қол мен тырнақ күтімі. Ерлер білуге тиіс 7 жағдай

Ерлердің тырнақ күтімі дегенде, әрине, біз тырнақ өсіру немесе оны бояп жүруді айтпаймыз. Саусақтың шымырлығын арттыра отырып, оның терісінің саулығын бақылаудың өзі бізге жетіп артылады. Егер қарапайым (саусақпен асылып, турникке тартылу, «груша» ұру сияқты) жатығулар саусақтарымызды шынықтырса, саусақтың саулығын күнделікті күтім ғана қамтамасыз етеді. Барыңызды базар етіп, «нан табатын» саусақтарыңызды күте білу заманауи жігітке қажетті қабілет. Сонымен, бастайық:

1) Егер осы мақаланы оқып отырған болсаңыз, қолмен қоқыс тазалап, кетпенмен арық қазуды кәсіп қылмағаныңызға шүкірлік етіңіз. Шүкір етіп ғана қоймай, табиғат ананың бізді жануарлардан ерекшелеп, епті қылған сыйлығына, яғни айналдырған он саусағыңызға мұқият көңіл бөлмеген болсаңыз, бүгіннен бастауға еш кедергі жоқ. Өйткені заман талабына сәйкес.....
Ерлерге (жігіт) пайдалы кеңестер
Толық

Дәстүрлі күйшілік өнер

Музыка аспаптарында орындалатын шығармаларды аспаптық музыка деп атайды.
Қазақтың домбыра, қобыз, сыбызғы, шертер сияқты ұлттық музыкалық аспаптарында орындалатын әуен-саз күй деп аталады.
Бізге жеткен ең көне күйлер – күй атасы Қорқыттың шығармалары.

Күй – бағдарлы мазмұны бар, көркемдігі жоғары аспаптық жанр. Онда табиғат құбылыстары («Алатау», «Саржайлау», «Көбік шашқан»), тарихи оқиғалар («Ел айырылған», «Жеңіс»), халық мерекелері («Тойбастар», «Балбырауын»), жан-жануарлар («Аққу», «Қоңыр қаз», «Көкала ат»), аңыз-ертегілер («Мұңлық-Зарлық», «Қос мүйізді Ескендір»), жеке адамдар.....
Рефераттар
Толық

Бала тәрбиесіндегі негізгі факторлар

Дүниедегі ең ауыр және ең маңызды іс – адам өсіріп жетілдіру. Бір адамның жетілуінде көптеген факторлардың әсері болады. Бұлардың ішінде ең маңыздылары: жанұя, қоршаған орта, оқу орны және бұқаралық ақпарат құралдары.

Әлемдегі барлық мемлекеттер өз балаларының, жастарының әділ, еңбекқор, көркем мінезді, табысты, мәдениетті, қоғамға пайдалы, отанын сүйетін, білікті және ел құндылықтарын....
Әкелерге (папа) пайдалы кеңестер | Аналарға және әйелдерге кеңестер
Толық