1 сынып оқушыларына арналған тақпақтар

Балауса көкпеңбек,

Көктем бұл шырайлы.

Күн шуақ көктен кеп,

Төккені ұнайды.


Тәп-тәтті қырдағы бүлдірген,

Таңдайға балдай боп жағатын.

Бүлдірген тереміз бір-бірден,

Біреуі ауызды табатын.

Тақпақтар
Толық

Мектеп туралы тақпақтар

Мектеп, сенсің адалдықты үйреткен,
Мектеп, сенсің жамандықты күйреткен.
Мектеп сенсің жақсылықты ұран қып,
Мектеп, сенсің мені жұртқа сыйлы қып,
Өмірге азық мол сыйың,
Құшағы құтты нұрлы ұям.
Мектебім менің - өз үйім,
Санама күнде нұр құйған.

Тақпақтар
Толық

Буриме деген не?

Буриме (фр. bouts-rimés) — Француз поэзиясында 17-ғасырдан бастап орын алған өлең түрі. Алдын ала дайындалған ұйқастарды пайдаланып өлең шығаруды машық етуден туған. Айталық, бір ақынның дайындап берген ұйқастарын қолданып, басқа ақындар өлең шығарған. Ақындық шеберлікті сынасу ниетімен әдейі осындай өлең үлгісін алған. Бұл, әрине, өлеңнің қуатын логикалық, көркемдік сақтаудан гөрі түршілдікке мән беру. Өйткені алдын ала даярланған сөзге, ұйқасқа сәйкес етіп өлең шығару оңай емес, шығарған күнде де ақын қол-аяғы байлаулы болған соң, көркемдік қабілетін еркін көрсете алмайды, ұйқасқа тәуелді болып отырады. Басқа халықтар поэзиясында бұл өлең түрі аз тараған. Орыс поэзиясында революциядан бұрынырақ бір топ ақындар арнайы конкурсқа қатысып, осы үлгі бойынша өлеңдер жазған. 

kz
Толық

Киіз үйге қатысты бата, тілектер

Шаңырағың биік болсын!
Шаңырағың шайқалмасын!
Керегең кең болсын!
Түндігің түтінді болсын!
Қос босағаң берік болсын!
Ақ босағадан аттаған келін оң аяғымен енсін!
Ұлттық ұғымда киіз үй және оның әрбір құрамдас бөлшегі қасиетті деп саналады. Соған орай ата-бабаларымыз әрбір затқа лайық ұлықтау, теңеу, бейнелеу сияқты ойлы ұғымдармен бірге тәрбиелік....

Баталар
Толық

Кімнің мекені жақсы?

Мәтіннің мазмұнын ашу. Әр жәндіктер мен жануарлардың өз мекендерін қалай жақсы көретінін ұғындыру
Оқушылардың танымдық ойлау қабілеттерін,сөйлеу мәнерін жетілдіру және мазмұндап айтуға дағдыландыру
Туған жерін,туған елін сүюге тәрбиелеу

Сабақ жоспары
Толық