Аққу едім (Қазақ ауыз әдебиеті)

Сен де сері, ей қалқа, мен де сері, ахау,
Шын сүймесем көңілімді бермес едім, дариға.
Құс аңдыған мергендей көл жағалап, ахау,
Сен болмасаң бұл жерге келмес едім, дариға.

Аққу едім көлдегі,
Сұңқар едім шөлдегі,
Үйрек ұшып, қаз қонған,
Дария шалқар көлдегі.....
Өлеңдер
Толық