Экономика | Ақшаның номиналистік теориясы
ХVII – ХVIII ғғ. Ақшаның номиналистік теориясы өкілдері ағылшын ғалымдары алымдары Дж. Беркли мен Дж. Стюарт, А. Смит болып табылады. Бұл теория ақша айналымында құнсыз монеталар қаптап кеткен кезде қалыптасты. Бұл ғалымдар ақшаны мемлекет жасайды деп және оның бағасы атаулы құнмен (номинал) және ақша болып табылатын баға масштабымен анықталады деп есептеген. Олар ақшаны тек техникалық ауыстырудың таза құралы деп қарастырып, оның құндылық табиғатын толық теріске шығарды.
Ақшаның номиналистік теориясының негізгі идеялары төменде келтірілген:
- ақша тамаша есептеу бірлігі болып табылады, онын көмегімен ақшаның салыстырмалы құны анықталады;
- бірдей бөліктері бар тамаша масштаб болып табылатын аталған бірлікте ешқандай ішкі құн болмайды.
Номинализм үстемдік жағдайға XIX ғ. аяғы мен XX ғ. басында қол жеткізді. Бірақ, оның ерте кезеңдік номинализмнен айырмашылығы - оның қорғау объектісі болып құнсыз ақша емес, ол қағаз ақша болды.
Неміс ғалымы Г. Кнаптың ақша теориясында («Ақшаның мемлекеттік теориясы») басты мақсат-мұрат анық қалыптасты:
- ақша - мемлекеттік құқық тәртібінің өнімі, мемлекет билігінін туындысы;
- ақша - бақылау төлем құралы, яғни мемлекеттік мұратты төлем кушімен иемденген белгілер;
- ақшаның негізгі қызметі - төлем құралы. Ол ақшаның мәні белгілердің материалында емес, олардың қолдануын реттейтін құқықтық нормаларда, деп жазды.
1929-1933 жж. Экономикалық дағдарыс кезеңінде номинализм алтын стандарттан кетуді ақтау үшін теориялық база ретінде ары қарай дамуға бет алды.
Мемлекеттік капиталистік монополизмнің идеологы, ағылшын экономисі Дж. Кейнс өзінің «Ақша туралы трактатында» қағаз ақша алтынға қарағанда айналымда ыңғайлы толық құнды төлем құралы болып табылады және олар қоғамның үнемі өркендеуін қамтамасыз етеді - деп жазды. Қағаз ақша алтынды айналымнан ығыстырып. Бұл құбылыс ақшаны алтын әсерінен азат етті және дәл осы жайт Киапп теориясының жеңісі ретінде қарастырылды.
Сонымен. Кеннс номинализмнің тәжірибелік мақсаты - алтын стандартты жойып, қағаз ақшаның айналымға еркін енуін және экономиканы инфляциялық процесті баскару арқылы реттеуін тәжірибелік негіздеуінде болды.
Қазіргі танда номинализм - ақша болмысының мәселесі жөніндегі үстем теориялардың бірі. Осылайша, әйгілі американдық экономист П. Самуэльсон ақша шартты белгілер болып табылады деп санайды. «Экономика» шығармасында ол: «Тауарлы ақшаның дәуірін қағаз ақша дәуірі ауыстырды. Қағаз ақша ақшаның мәнін, олардың ішкі табиғатын кейіптейді ... Ақша - жасанды әлеуметтік шарт» - деп жазды.....

Рефераттар