Қаржы | Ақша нарығы мен валюталық биржалардың мәні

Ақша мен биржаның пайда болуы
Тарих құрылуының ұзақ мерзімді уақытында ақшаның пайда болуы және мәні туралы біркелкі шешімін тапқан емес. Экономикалық мектептің бір өкілдері ерте дүниедегі грек ойшылы Аристотель ұсынған қағидаға сұйене отырып, ақшаның шарты – белгілі март, адамдар арасындағы саналы келісім нәтижесі деп қараған. Басқа бағыттағы мектептің өкілдері ақшаны – мемлекет бекіткен тауарды айырбастауға қажетті құрал ретінде қарастырған. Үшінші өкілдері ақша өзінің табиғаты бойынша алтын мен күміске жататындығын айтқан.
«Биржа» деген термин ежелгі грек сөзі - "бурзэ", яғни әмиян деген мағынаны аңғартады. Алғашқы қор биржасы XVI ғ. Голландияда бағалы қағазды (облигация, содан кейін акция) шығару және сату үшін пайда болған. Ал XVII ғ. биржалар тауар жөне қор биржасы болып бөліне бастады. Қор биржаларының ең кең түрде дамыған кезі капитализмнің монополизм сатысына өту кезі, яғни XX ғ. бас кезі. Ол уақытта қор биржаларының негізгі операциялары өндіріс көсіпорындарының акцияларын шығару және сату болды. Биржа өнеркәсіп циклын және жалпы елдің экономикасы мен саясатындағы өзгерістерді қадағалап отыратын барометр сияқты. Сондықтан қор биржасы өнеркөсіптің өрістеу фазасында экономиканын өсуін ал дағдарыс фазасында оның баяулауына себепті болады.
Экономикасы дамыған мемлекеттерде биржалар бірнеше түрге бөлінеді. Мысалы,
• қор биржасы (бағалы қағаздар сатады);
• валюта биржасы;
• тауар биржасы;
• еңбек биржасы.
Сонымен, биржа - нарықтың ұйымдасқан түрі, онда сұраным мен ұсыным негізінде тауармен, бағалы қағаздармен сауда жасалады және қызметкерлер жалданады. Ол - сатушылар мен сатып алушылай келісімге келу үшін кездесетін оры....
Курстық жұмыстар
Толық

Қаржы | АҚША НАРЫҒЫ ОНЫҢ ТЕПЕ ТЕҢДІК САҚТАУ ПРОБЛЕМАСЫ

Дүние жүзінде әр түрлі ақша айналымының жүйелері бар, ол тарихи даму кезеңдерінен өткен және әр мемлекеттің заңымен бекітілген. Ақша айналымының басты компоненттері мыналар:
1. Ұлттық ақша өлшемі (доллар, теңге, сом, франк, марка, йена, крона және т. б.) олар арқылы тауарлар мен қызмет көрсету бағалары белгіленеді.
2. Несие және қағаз ақшалар, монеталар жүйесі, олар қолма-қол айналымдағы заңды төлем құралдары болып саналады.
3. Ақша эмиссиясы жүйесі, яғни айналымға ақша шығарудың заңды түрде бекітілген тәртібі.
4. Ақша айналымын реттеп отыратьш мемлекеттік органдар.
Ақша айналымы жүйесінің негізгі екі түрі бар:
1. Металл ақшалар айналымы жүйесі. Мұнда толыққанды алтын немесе күміс монеталар айналымда болады, олар ақшаның барлық қызметтерін атқарады.
2. Несие және қағаз ақша айналымы жүйесі. Бұлардың ерекшелігі алтынға айырбастала алмайды, алтьнның өзін айналымнан ығыстырады.
Тарихи металл ақша айналымының (жүйесінің) биме-тализм және монометаллизм деген түрлері қалыптасты. Биметаллизм алтын мен күмісті пайдалану негізінде XVI— XIX ғасырларда Батыс Еуропа елдерінде пайда болды. XIX ғасырдың соңында күміс өндірісі жағдайларынын, өзгеруіне сәйкес ол құнсызданып, алтынмен арасалмағы өзгерді. Күміс монеталардың көбеюі оларды шығаруды тоқтатты. Сөйтіп биметаллизмді монометаллизм ауыстырды, мұнда ақша материалы болып, бір ғана металл — алтын есептелетін болды. Қағаз және несие ақшалары осы металға еркін айырбаст ....
Курстық жұмыстар
Толық

Қаржы | Ақша нарығындағы ұсыныс және сұраныс

Ақша – бұл тарихи даму үрдiсi барысында қалыптасқан экономикалық категория болып саналады. Ол қоғам дамуының әрбiр кезеңiндегi өндiрiс және айырбас процестерiнде адамдар арасындағы экономикалық қатынастарды көрсетедi. Қоғамның экономикалық дамуы күрделенген сайын, ақшаның маңызы арта түседi. Ақша – тауарлы өндiрiстiң өнiмi. Ақша- кез-келген тауар айналысының құрамдас бөлiгi және оның нәтижесi. Тауар және ақша бiр-бiрiнен ажырамайды, себебi ақша айналымынсыз тауар айналымы болмайды, болуы да мүмкiн емес /1, 23б/.
Ақша тауардан дами отырып тауар болып қала бердi, бiрақ тауардың жалпылама эквивалентi ретiнде. Расында да, ақша адамдарға ежелден-ақ таныс. Бiрақ оның қалай пайда болғандығы туралы құпия сыры және өмiрiндегi мәнi көп уақытқа дейiн беймәлiм болды. Бұл сұрақтарға қоғам өмiрiн зерттей келiп, көптеген ғалымдар ақшаның тауар айналымында атқаратын маңызын жан- жақты ашып, жауап бердi.
Ақшаның қажеттiлiгi туралы әр уақытта әр түрлi ойлар айтылған. Мысалы, рационалистiк концепцияны ақыл-ой талабына ғана енгiзілген көзқарас жақтаушылар ақша адамдар арасындағы келiсiм құралы, ол айырбас кезiнде құндардың қозғалысына қажеттi арнаулы құрал деп түсiндiрдi. Бұл ойды жақтаушы Аристотель өзiнiң Никомахова этика деген кiтабында Айырбасқа қатысатындардың барлығы өзара салыстырмалы болу үшiн шарттылыққа негiзделген әлдебiр өлшем болуы қажет деп жазған /2,24б/. Бұл ой көне Рим қоғамындағы заңға енгiзiлiп, оның қағидасы бойынша император ақшаның құнын заңмен бекiткен......
Курстық жұмыстар
Толық