Қаржы | Ақша жүйесінің ұғымы элементі және типтері

Ақша тауарлы өндірістің өнімі яғни ақша жаратылысы оның тауарлы шығу тегіне байланысты. Тауар сатуға немесе айырбастауға арналған еңбек өнімі, ал еңбек өнімінің тауарға айналуы ақшаның пайда болуына обьективтік алғы шарттарын туғызады. Қоғам дамуымен ақшаның маңызы арта түседі. Жоспарлы экономикада ақшаның мәні шектеулі болады. Ақша есеп жүргізу, бақылау құралы. Егер ақша айналысы болмаса, онда тауар айналысы да болмайтын еді.
Қоғам дамуымен байланысты әр түрлі формасында, сол уақыттың талабына сай ақша жүйесі дамыды. Олар металл ақша айналысы және несие-қағаз айналысы типі болып табылады. Олардың экономикалық қызметі жүзеге асыруда алатын орны өте зор.
Сондықтанда мен курстық жұмысымның тақырыбын «Ақша теориясының дамуы, элементтері және типтері» деп алдым. Өйткені ақша тарихи дамыған экономикалық категория .
Мен жұмысымды үш бөлімге, яғни бірінші бөлімде ақшаның пайда болуын мен оның мәні және қызметтері мен экономикадағы рөлі және ақша теориясы мен оның үш теориясын қарастырдым. Екінші бөлімде ақша айналысының сипаттамасы және ақша жүйесінің ұғымы, элементтері, типтеріне тоқталдым. Үшінші бөлімде Қазақстанның ақша жүйесі және экономикасы дамыған елдердің ақша жүйелерін қарастырдым. Осы бөлімде Қазақстанның осы заманғы және шет елдердің ақша жүйесінің толығырақ тоқталдым.
Жалпы мемлекеттік заңдармен реттелген елдегі ақша айналысының ұйымдастыру ақша жүйесі болып табылады. Қазақстан Республикасында ақша жүйесі 1995 жылы 30 наурыздағы «Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі туралы» Қазақстан Республикасы Президенттінің заң күші бар Жарлығына сәйкес ұйымдастырылған....
Курстық жұмыстар
Толық