Қаржы | Ақша айналымының ұйымдастыру принципі

Ақша айналысы ұдайы өндірістік процестің әртүрлі жақтарын бейнелейтін өте күрделі жүйе.
Тауарлық немесе тауарлық емес фирмада болатын өндірістік және тұтынуға арналған өндірілген өнімдер мен көрсетілген қызметтер ақша арқылы сатылады. Ақшаның көмегімен табыс оның ішінде қосымша өнімнің құны қалыптасады әрі бөлінеді.
Сондай-ақ ақшаның көмегімен несие мен басқа қаржы ресурстары қалыптасып, қайта бөлінеді және пайдаланады. Бұл арада шаруашылық жүргізуші органдар мен жекелеген кәсіпкерлер арасындағы, олардың мемлекет арасындағы , шаруашылық жүргізуші субъектілер және олардың жұмыскерлері арасындағы , халық пен мемлекеттің арасындағы, сондай-ақ жеке азаматтар арасындағы тікелей ақша қатынасында қолма-қол ақшасыз немесе қолма-қол ақшалай формада есеп айырысулар болады. Бұл жағдайда есеп айырысудың қолма-қол ақшасыз формасы мен қолма-қол ақша қозғалысы бір-бірімен өзара тығыз әрекеттесіп, бірыңғай ақша айналымын құрайды. Сондықтан да барлық ақша қызметтерінің олардың тауар айналысының процесінде жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) және ұлттық табыстың (ҰТ) жиынтық құнын қалыптастыру, бөлу және қайта бөлу барысында пайдаланылуы ақша айналымынын қалыптастырады.
Кәсіпорындардың, ұйымдардың арасында, олар мен халық арасында, жекелеген азаматтардың арасында тауарлар мен қызметтерді өткізу себебі бойынша орын алатын ақшалай есеп айырысулар ақша айналымының көп бөлігін құрайды.....
Курстық жұмыстар
Толық