Ботаника | Ақуыздардың жіктелуі

Ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижесінде, аминқышқылдаарынан ғана тұратын ақуыздардың өте аз екендігі дәлелденілді, сондықтан жалпы жіктелу жүйесі бойынша алынған жәй ақуыздары екі топқа бөлінеді: ақиқат және шартты жәй ақуыздарға. Ақиқат жәй ақуыздарға гистондар, альбуминдер, протаминдер жатады. Шартты жай ақуыздарға протеинойдтар, глобулиндер, проламиндер, глютелиндер жатады, олардың құрамына өте аз мөлшерде ақуызға жатпайтын компоненттер (моносахаридтер, дисахаридтер, олигосахаридтер, липидтер, металлдар) кіреді.
Гистондар. Бұл ақуыздар негіздік қасиет көрсетеді, олардың құрамына негізінен лизин мен аргинин (20-30%) кіреді. Гистондар екінші реттік құрылым ғана түзеді, олардың молекулалық салмағы жоғары емес (11000-24000) құрамындағы лизин мен аргининнің сандық мөлшеріне байланысты, гистондардың бес түрі белгілі: H1, Н2а, Н2в, Н3, Н4. Гистондық фракциялардың изоэлектірлік нүктелері 9,5-ДНҚ аралығында болады. Табиғи жағдайда гистондар хроматиннің ДНҚ- сымен электростатикалық байланыстармен байланысқан (көпжасушалы организмнің рН мағынасында гистон оң, ал ДНҚ теріс заядталынған). Гистондар құрылымдық реттеуші қызметтерін атқалы Гистондардың төрт фракциясы нуклесомдарды түзуге, ал Hi фракциясы нуклесомдар арасындағы ДНҚ-ның фрагменттерін орауға
қолданылады, яғни хроматинді және хромосомды түзуге жүмсалады Гистондардың реттеуші қызметтеріне, олардың әсерімен ДНҚ-даі РНК=ға берілетін гендік мәліметтердің реттелуі жатады Протаминдер. Бұл ақуыздардың құрамына кіргіш аминқышқылдарының 60-85% аргининнен тұратындықтан, протаминдер өте жоғарғы негіздік қасиет көрсетеді. Олардың молекулалық салмағы төмен, 4000-12000 аралығында болады. Протаминдер ұрықтардың хроматинінің ДНҚ - сымен байланыс түзеді. Осы ақуыздар негізінең барлық сперматозоидтарында кездеседі. Кейбір протоминдер, өздерінің алыну көзіне байланысты аталады. Мысалы: лосось ұрығына алынған протаминдер сальмин, селдь уылдығынан—клупейн, форель ұрығынан — труттин, скумбрия ұрығынан - скумбрин деп аталады.
Протаминдер құрылымдық қызметін атқарады, бірақта реттеуші қызметін атқармайды, сондықтан Бұл ақуыздар бөліне алмайтьн жасушалардың (сперматозоидтардың) қүрамына кіреді.....
Рефераттар
Толық