file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Ақтөбе қаласы

Ақтөбе қаласы - Ақтөбе облысының әкімшілік орталығы (1932). Қазақстанның ірі өнеркәсіп және мәдени орталықтарының бірі. Темір жол, әуе және автомобиль қатынастарының маңызды торабы. Мұғалжар тауының оңтүстік-батысында Елек өзенінің сол жағалауына, Ақтөбені айнала орналасқан. Патша әскерінің Қазақстан мен Орта Азияны жаулап алуы үшін соғыс бекінісі ретінде алғашқы қазығы 1869 жылдың мамырында қағылған. 1891 жылдың 25 мамырынан уездік қала, Торғай облысы Ақтөбе уезінің орталығы. Орынбор – Ташкент темір жолының салынуына.....
Рефераттар
Толық

"Ақтөбе" футболшысы Кенжесариевтің жағдайы туралы ағасы айтып берді

Эмиль Кенжесариевтің ағасы Рүстем Жаныбаев "Ақтөбе" клубының ойыншысының бүгінгі жағдайы туралы айтып берді.

Бұл туралы "Ақтөбе" футбол клубы жанкүйерлерінің "ВКонтакте" әлеуметтік желісіндегі парақшасында белгілі болды.

"Эмильдің ем-домы аяқталды. Жақында үйге шығып қалуы мүмкін. Қазір Алматы қаласынан пәтер іздеу үстіндеміз. Жағдайы жақсарып келеді. Біраз уақыттан соң Германияға емделуге барады" дейді Жаныбаев.

Сондай-ақ, ауруханадан шыққан соң Кенжесариевтің өзі жанкүйерлеріне хат жазатынын жеткізді.

Естеріңізде болса, "ақтөбелік" спортшы осы жылдың 10 тамызы күні соққыға жығылып, ауруханаға түскен еді. Кейіннен оған "Вертолет" және "Баритон" мекемелерінің күзетшісі Бейбіт Ұзақбай кінәлі екені анықталды.

Жаңалықтар
Толық