География | Ақсу Жабағылы қорығы

Көлемі 2,7 миллион шаршы километр жерді алып жатқан байтақ өлке өзінің саялы да аялы қалың орман – тоғайы, оны мекендеген сан түрлі хайуанаттары, айдын – шалқар көлі, сарқырап аққан өзен суымен бай, көрікті. Біздің өлкеде 34 миллион гектар жыртылған құнарлы жер, 186,9 миллион гектар шыбындықтар мен жайылымдықтар, 22 миллион гектар орман, Д. И. Менделеевтің периодтық кестесінің барлық элементтерін жинақтаған түрлі қазба байлықтардың ірі кен орындары, 11 мың өзен, 7 мыңнан астам көлдер мен су қоймалары бар. Сондай-ақ туған өлкеміз алуан түрлі жан – жануарларға өте бай. Осы мол табиғат қазыналарын көздің қарашағындай сақтап, қорғауда республикамыздағы Алматы, Ақсу – Жабағылы, Барсакелмес, Қорғалжын және Наурызым қорықтарына қоса 1976 жылы ұйымдастырылған Марқакөл қорығының маңызы зор. Ұлан – байтақ республикамызда келешекте де осындай табиғи лабораториялар көбейе берсе дейміз.
Менің ойымша, республикамыздың барлық территориясының 0,3% - ға жуық аумағын алып жатқан Қазақстан қорықтары кейбір бірен – саран жағдайларда болмаса, жануарлардың ( сол сияқты өсімдіктердің ) сирек кездесетін түрлеріне байланысты мәселелерді шеше алмайды. Болашақта сонау 1975 жылы Қазақстан Ғылым академиясы ұсынған және келешекте қорғалатын табиғат территорияларының Бас жүйесіне енген жаңа қорықтар желісін құру жоспары іске асқан кезде ғана олардың сирек және жойылып бара жатқан түрлерді қорғаудағы рөлі бірнеше мәрте өседі. Бірақ ол кезде де қорықтар қорғау ісіне территориялық тұрғыдан қарайтын болғандықтан, екінші таксономиялық тұрғыдан шешу мәселелерін алмастыра алмайды.
Бұл тұрғыдан қараудың екінші мәні сол, ол жануарлардың (және өсімдіктердің) таралу аймағы (ареалы) адам баласының шаруашылық және басқа да атқарылатын қызметіне көп болғанда ғана, яғни оның таралу ауданы кең көлемде болып, ол жерде түрдің географиялық өзгеру процестері жүре алатын жағдайда ғана жүзеге аса алады. Бұл жағдай түрді тек қорғалатын территорияларда ғана емес, сол сияқты жалпылай пайдаланатын жерлерде де сақтаудың қажеттілігі мен маңызын көрсетеді.
60 – жылдардың ортасында, ал біздің елде 1978 жылы жарық көрген Қызыл кітап жануарлар мен өсімдіктерді қорғау жұмыстарына екінші тұрғыдан қарауға негізделген. Бұл – Қазақстанда таралу аймағының барлығында ерекше қорғауды қажет ететін жануарлар мен өсімдіктер түрлерінің қысқаша сипаттамасы берілген тізім. Республиканың жануарлар әлемінде оларды қорғаудың басты шаралары – түрдің таралу аймағының үлкен бөлігінде оның өмір – шеңділігін қамтамасыз ету.....
Курстық жұмыстар
Толық