География | Ақсу Жабағылы қорығы

Кең –байтақ республикамызда қорықтардың аздығы кімді болса да ойландырмай қоймайды.Қазақстанда ұйымдастырылған Ақсу-Жабағылы (1926), Алматы (1931), Барсакелмес (1939), наурызым (1959), Қорғалжын (1958) және Марқакөл (1976), Үстірт (1984), Батыс Алтай (1992)., Алакөл (1998), Қаратау (2002) қорықтары табиғат байлықтарын қорғау ісіне орасан зор үлес қосып отыр.
Талас Алатауының солтүстік-батыс сілемдерін және оған іргелес жатқан Өгем жоталарын қамтыған Ақсу-Жабағылы мемлекеттік қорығы 1926 жылы 14 маусымда ұйымдастырылған. Бұл қорықты ұйымдастырудағы басты мақсат – Батыс Тянь-Шань тауының өзіндік ерекшелігі бар табиғат ландшафтыларын- табиғат кешендерін сақтап қалу еді. Бастапқыда қорық аумағының ауданы-30 мың га шамасында болса, қазір оның алып жатқан жер көлемі-85,4 мың га. Ақсу-Жабағылы қорығы Оңтүстік Қазақстан обылысының оңтүстік –шығыс бөлігінде, яғни Жамбыл облысымен, көршілес Қырғызстан және Өзбекстан республикаларының шекараларымен түйісетін жерде орналасқан. Бұл қорықтың негізгі аумағынан басқа, жалғасып жатқан екі филиалы- Әулие сай және Қарабастау палеонтологиялық қорықша- -лары бар. Мұнда осыдан 150 млн жыл бұрын тіршілік еткен жануарлар мен өсімдіктердің тасқа айналған қалдықтары шоғырланған. Әулие сай Қошқарата өзені аңғарының сол жақ жағалауында орналасқан. Ал 125 га аумақты қамтыған қарабастау бөлігі Қаратаудың Боралдай жотасында орналасқан.
Ақсу-Жабағылы қорығының басым бөлігі 1000-4000 метрлік биіктік аралығын қамтиды. Мұнда табиғат белдеулері биіктік бойынша таралған. Шөлейт дала, ұсақ шоқылы дала, аршалы-шабындықты дала,субальпі мен альпі шалғындығы және мәңгі мұздықты белдемдер кезектесіп, табиғатың түрліше көрінісін береді.Аталған белдемдердің табиғат жағдайларына байланысты ол жерлерге өсетін өсімдіктер әлемі де сан алуан. Мысалы:Ақсу-Жабағылы қорығының аумағында жоғары және төменгі сатыдағы өсімдіктердің шамамен 1400 түрі өседі. Соның ішінде сүректі ағаштардың 16 түрі және бұталардың 62 түрі кездеседі. Талас терегі, тал мен қайық, шетен мен үйеңкі, жабайы алма мен долана, мойыл мен регель алмұрт сияқты ағаштар мен бұталар тау беткейлерінде, өзен аңғарларында орамнды алқап құрайды. Ал тамаша аршалы ормандар үлесіне қорық жерінің 30 % -ы тиеді. Ормандар арасы мен жазықтарда әсем гүлдер мен көк майса шалғындар жасыл кілем сияқты қалың өскен. Жасыл желекке оранған бұл өлке жануарлар дүниесіне де өте бай. Мұнда құстардың 240, сүтқоректілердің 43, бауырмен жорғалаушылардың 9, қосмекенділер- -дің 2 түрі және балықтың 4 түрі тіршілік етеді. Ал омыртқасыз жануарлар дүниесі өзінің түрі жағынан өте бай. Қорық жерін мекендейтін жануарлардың ішінде кәсіптік маңызы бар – арқар, таутеке, елік, марал, жабайы шошқа сияқты аңдар өздерін еркін сезінеді.Жемтігін аңдыған жыртқыштар- барыс, аю, түлкі, борсықтар қорықтан жайлы қоныс тапқан. Әсіресе өте сиреп кеткен бүркіт, жұмақторғай өсіп-өнуі үшінқорық аумағы өте қолайлы.....
Рефераттар
Толық