Информатика | Ақпараттық процесстер ақпаратты кодтау

Ақпарат – адамнан да ерте туған құбылыс. Біз бәріміз жарық дүниені көргенімізден бастап ақпарат алмасу процесіне қатысамыз. Кітап, газет және журнал оқығанда, радио тыңдап, теледи-дар көргенде, мұғаліммен, ата-аналармен, достарымызбен әңгімелескенде әртүрлі ақпарат аламыз. Адамдардың араласуы мен бірге жүруі – жұмыс істеу, оқу және ойлау – ақпарат алмасусыз жүзеге аспайды. Берілген ақпараттар өзімізге, заттарға қатысты айтылып, айнала ортамызда болып жатқан оқиғалармен тығыз байланыста болады.
Философиялық түсінік бойынша ақпарат дегеніміз нақты әлемді (өмірді, қоршаған ортаны) мәліметтер және хабарламалардың көмегімен көрсету. Бұл хабарламалар тіл, бейнелеу, цифрлық мәліметтер, таблицалар, графиктер, т.б. түрінде болады.
Ақпарат дегеніміз – хабарламаның, берілген белгінің, жадының мазмұны, сонымен қатар хабарламада, берілген белгіде немесе дадыда болатын мәліметтер. Басқаша айтқанда ақпарат – белгілі бір нәрсе (адам, жануар, зат, құбы-лыс) туралы таңбалар мен сигналдар түрінде берілетін мағлұматтар.
«Ақпарат» термині латынның түсіндіру, баяндау, білу деген ұғымды білдіретін information сөзінен шыққан.
Ақпараттық процестер, яғни информацияны сақтау, өңдеу және таратупроцесі қоғам өмірінде әрқашан маңызды рөл атқарады. Адамдар ауызша хаттармен, хабарламалармен, жолдаулармен алмасып отырған. Олар бірбіріне өтініш, бұйрық, орындалған жұмыс туралы есептер, мүліктердің тізімін беріп отырады; көне хаттармен құжаттардысақтайды; алынған хабарлар туралы көп ойланады немесе бастықтың нұсқауларын дереу орындауға ұмтылады. Осының барлығы ақпараттық процестер.
Ақпарат ұғымы басқа ғылыми ұғымдармен қатар материалдық әлем заңдарын тереңірек білуге мүмкіндік береді. Ол материя қозғаласының барлық түрлері мен пішіндеріне ортақ болып табылады және материаны белгілі бір ажырағысыз қасиеттерімен және атрибутымен байланысы деп есептеледі.....
Рефераттар
Толық