Ақ көйлек (Қазақ ауыз әдебиеті)
Ақ көйлек жыртылмайды, ей, кең болған соң,
Ойнайды екі жақсы, ей, ақ көйлек көңіл жай,
тең болған соң, айдой-әу.
Бұл жерге келмес едім, ей, келіп тұрмын,
Бұл жерде көңілге алған, ақ көйлек көңіл жай,
сен болған соң, айдой-әу.
Етегін ақ көйлектің, ей, бүрмелеген,
Ошаққа от жаға алмайды, ей, ақ көйлек көңіл жай,
үрмелеген, айдой-әу.....

Өлеңдер