Сиқырлы гүлдер еліне саяхат

Мақсаты: а) білімділік: Өз ойларын айта білуге, алған білімдерін іске асыруға үйрету. Математикалық білімдерін кеңейту;
ә) дамытушылық: Логикалық ойын дамыту;
б) тәрбиелік: Достыққа, татулыққа және бір - біріне көмек көрсетуге тәрбиелеу.

Тәрбиешінің іс - әрекеті
- Балалар бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс - әрекетін бастамас бұрын, кәне бәріміз бір - біреуімізбен амандасып алайық.
Шаттық шеңбер.
Қайырла таң!
Балалар шаттық шеңберін хормен, қиымлдар арқылы жасайды.
Саламатсыңдар ма, алақандарым –
Хлоп, хлоп, хлоп......
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық

Ц дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты:
А) Білімділік: Ц ц дыбысының әріп таңбасымен таныстыру, жаңа сөздермен танысу, сөздерді буынға бөлу, сөйлемдер құрау;
Ә) Дамытушылық: Балалардың ойлау, қиялдау, түсіну қабілеттерін дамыту;
Б) Тәрбиелік: Балаларды адамгершілікке, тазалыққа, қамқорлыққа тәрбиелеу;
Көрнекіліктер: интерактивті тақта, слайдттар, жеміс суреттері
Әдіс - тәсілдер: Көрнекілік, ойын, ертегі, сұрақ - жауап;

Сабақ барысы
1. Ұйымдастыру.
А) Сәлемдесу
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Құрметпенен сіздерге,
Сәлем бердік біз.
Ә) Тренинг «Жылулық шеңбері» .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық

Төлдердің айтысы

Бөлімдері: Тіл дамыту
Тақырыбы: Төлдердің айтысы
Мақсаты: Балалардың білім, білік дағдыларын қалыптастыру, үй жануарлары туралы білімдерін дамыту. Үй жануарларының пайдасы, әрі қайсысының орыны, төлі, ерекшеліктері жөнінде білімдерін кеңейту. Жануарлар жөнінде өлеңдер, тақпақтар, жаңылтпаштарды мәнерлеп жатқа айту арқылы тілдерін дамыту.
Көрнекілік: Төлдердің суреттері және бетперделері

Сөздік жұмыс:
сиыр - корова,
жылқы - лошадь,
түйе - верблюд .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық

Пішіндер әлемі

Мақсаты
1. білімділік: оқушылардың математика пәнінен алған білім, білік дағдыларын шыңдай отырып, үйренгендерін пысықтау, жұмыс істей білуге үйрету, сабақ барысында геометриялық фигуралармен танысу.
2. дамытушылық: пәнге қызығушылықтарын арттыру, ойындар арқылы ой - өрістерін, білімділік қасиеттерін дамыту, зейіндерін тұрақтандыру. есте сақтау қабілеттерін, логикалық шапшаңдықтарын дамыту.
3. тәрбиелік: шапшаңдыққа, ұтқырлыққа, байқампаздыққа тәрбиелеу
Сабақ түрі: жаңа сабақ, дидактикалық ойын
Көрнекіліктер: суреттер, көңіл - күй галереясы
Әдіс - тәсілдер: талдау - жинақтау, түсіндірмелі, сұрақ - жауап, көрнекілік; т. б. .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық

7 саны мен цифры

Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: 7 санымен таныстыра отырып, тура және кері санауға үйрету;
Дамытушылық: Оқушылардың ой - өрісін, математикалық тілін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру;
Тәрбиелік мәні: Ұқыптылыққа, өздігінен жұмыс істеуге тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: «Мақта қыз бен мысық» ертегісі желісіндегі сабақ
Әдісі: Түсіндіру, сұрақ - жауап, ойын
Көрнекілігі: «Мақта қыз бен мысық» ертегісіндегі кейіпкерлер, шаблон суреттері

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық.
Балалар бір - біріне жылу, тілек білдіреді.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Кешегі сабақта өткен сандарды еске түсіру.
- Бүгінгі сабақ ерекше болмақ. Ол үшін біз «Мақта қыз бен мысық» ертегісін есімізге түсірейік. .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық

В дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты: Балаларға В дыбысы мен әрпін таныстыру. В дыбыс бар сөздерге дыбыстық талдау жасата білуге үйрету. Әріптің баспа түрін жазғызу. Сурет арқылы өз ойларын жүйелі әңгімелеуге дағдыландыру. Адамгершілік қасиеттерін, білімге деген қызығушылығын қалыптастыру.
Түрі: жаңа сабақ
Әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап
Көрнекіліктер: В әрпінің баспа түр, кеспе әріптер, түлкі, Мақта қыз бен мысық» ертегісіндегі кейіпкерлер, шаблон суреттері

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық......
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық

Тәуелсіздік - ел тілегі

Мақсаты: Еліміздің тарихы туралы түсінік беру. Өз Отанын сүюге тәрбиелеу. Еліміздің рәміздерін қастерлеуге үйрету. Туған елге деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Өз ана тілін, әдет - ғұрпын, салт - дәстүрін сақтауды бойына дарыту. 1986 жылы желтоқсанда ел азаттығы жолында құрбан болған ұл қыздарымыздың ерліктерін еске алу. Егемендіктің мәнін түсіндіру. Бүгінгі тәуелсіздікке қалай қол жеткізгенін зерделеу. Отанын, елін, жерін, сүюге, қорғауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қазақстан Республикасының рәміздері. Желтоқсан құрбандары.

Тәрбиеші: Құрметті ұстаздар,балалар! Бүгінгі сабағымыз дүниені дүр сілкіндірген 1986 жылы болған желтоқсан оқиғасына арналады. « Тәуелсіздік – ел тірегі» атты ашық сабағымызды бастаймыз.

Амандасу.
Армысыз қайырымды Аспан – ата!
Армысыз, мейірімді Жер - ана!
Армысыз, шұғылалы нұрлы күн!
Сәлеметсіздер ме, апайлар! .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық

Балалардың қарым-қатынас нышандарын дамыту жаттығулары

Балалардың қарым - қатынас нышандарын дамыту
Мақсаты: - жағымды, қолайлы эмоционалды жағдай құру;
- топты біріктіру;
- сабақ үстіндегі мінез - құлық ережелерін құру.

1. «Сәлеметсіздер ме, мен танысқаныма қуаныштымын».
Жаттығудың өту барысы: әрбір оқушы 3 минут ішінде өзіне ұнамды ат таңдайды да, оны алдын - ала арнайы дайындалған парақшаларға фломастермен жазып, басқа оқушыларға көрінетіндей етіп өзінің кеудесіне бекітеді. Содан кейін, 10 минут ішінде топ мүшелерінің әрқайсысы шеңбер бойынша келесі сөзді айтып шығуы қажет: «Сәлеметсіздер ме, мен танысқаныма қуаныштымын!». Кейін, өз аттарын атап, өзі туралы бірнеше сөз айтады.
Танысу кезінде басқалардың есінде қалу үшін, әрбір қатысушы өзінің ерекше қасиетін атауы қажет. .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық

Біз бір топпыз ойыны

1. «Баспа машинкасы» ойыны
Ойынның барысы: «Бүгін біз топта қалай жұмыс істей алатынымызды тексеріп көрейік. Ал, ол үшін баспа машинкасымен сөздерді басу процесін көзімізге елестетіп, оны ойша және еркін орындап көруіміз қажет». Біз машинкамен басып шығатын сөз өзімізге таныс өлең жолдарынан алынған болса болады. Мысалға, «Алтын күн аспаны...». Әрбір қатысушы өлең жолдарында берілген сөздердің бір - бір әрпін дауыстап атайды да, қолымен жазады («Алтын күн...»). Әрбір сөз жазылып біткен соң тыныс белгісінің орнына барлық қатысушылар орындарынан тұрып аяқтарымен жерді тебеді, ал әрбір жол аяқталған кезде қолдарын шапалақтап соғады. Осы арада айта кетер жайт, ойынның бір шарты бар: қателескен бала - ойыннан шығады. Сонымен бірінші оқушы бірінші әріпті атап, ауада жазады, ал екінші оқушы – екінші әріпті... Тыныс белгілерін ұмытуға болмайды.
«Бастадық, енді кімнің ойыннан шығатынын, ал кімнің жеңімпаз атанатынын байқайық!». Барлықтарыңызға рахмет! Осымен ойынымыз аяқталды.....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық

Ұ әрпі мен дыбысы

Мақсаты: Балаларға "ұ"дыбысымен әрпін таныстыру. Сөздерге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету. Сөз арқылы ойын толық айта білуге, шығармашылық еңбек етуге тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Балалардың ой - өрісін ойлау қабілетін, өз ойларын жүйелі әңгімелеуге дағдыландыру.
Тәрбиелігі: Адамгершілік қасиеттерін, білімге деген қызығушылығын қалыптастыру.
Әдіс - тәсіл: Көрнекілік, сөздік, сұрақ - жауап, түсіндіру, қайталау, жазу.
Көрнекілігі: Ұршық суреті, кеспе әріптер, текшелер, әліппе дәптері, Ұ әрпінің баспа түрі.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық