Түркістан қаласы

Түркістан – Қазақстанның көне қалаларының бірі. Бұл қала еліміздің оңтүстік аймағында орналасқан. Түркістан қаласы қазақ халқының тарихымен тығыз байланысты. Орта ғасырларда (ХҮІ – ХҮІІІғғ) ол Орта Азия мен Қыпшақ даласы халықтарының саяси орталығы болған. Беріде Қазақ хандығының.....
Шығармалар
Толық

Өнерлі өрге жүзеді

Әр адамның өзінің бойына ерекше біткен таланты болады. Соның бірі - өнер. Әсем әуенмен ән айту, тал шыбықтай мың бұралып би билеу немесе нақышына келтіріп күй тарту кез-келген жанға бұйыра бермейді. Біздің сынып тағы Айжан мектептегі барлық шараларда «Біз бақытты балалар» әнімен танымал болса, Анель бишілік өнерімен...
Шығармалар
Толық

Ата-ананың парызын, өтеу - сенің қарызың

Ата-ананың қадірін білмеген – халық қадірін білмес.
Ғ.Мұстафин



Ата-ана – отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері. Дәстүрлі қазақ отбасында ата-ананың қадірі ерекше әспеттелген.
Әсіресе, тіршіліктің қайнар көзі, махаббаттың шуақ күні, мейірімнің кәусәр бұлағы – Ана есіміне қатыссыз дүниеде қасиетті ештеңе жоқ. Сондықтан ананы ардақтамайтын халық та жоқ.
Ана баланы тоғыз ай көтеріп, толғатып, дүниеге келтіріп қана қоймайды.
Бала, бала, бала деп,
Түнде шошып оянған.
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Мұзды бесік таянған, -
да ана, көзінің қарашығындай қорғап, аялап өсіріп, аяғынан тік тұрғызатын да ана. Халықтың халықтығының басты нышаны – туған елінің тілін үйретіп, сазына қандыратын да ана. Сондықтан.....
Шығармалар
Толық

Мұрагер

Бір шалдың төрт ұлы болыпты. Бір күні шал ұлдарын жинап алып:
- Мен қартайдым. Біреуіңнің үй иесі болатын уақыттарың жетті. Кімнің ақылы
байлығына сай болса, сол мұрагерім болады. Әр қайсың маған байлыктарың мен ақылдылықтарынды көрсетулерің керек,— дейді. Үлкен ұлы асыл тас салған жүзігінің көзін көрсетіп:
- Міне, менің байлығым. Ал кім бай.....

Ертегілер
Толық

Еріншек

Ешбір жұмыс тындырмас, шөптің басын сындырмас, еріншек бір етікші болыпты. Еріншек етікшінің үш ешкісі бар екен. Күн суытып, қыс түсіпкележатқанын көре тұра еріншек ешқандай қам жасамапты. Ешкілеріне азықтық жем-шөп жинамапты. Бір түнде боран қар жауады да, жердің бетін ақ көрпе бүркеп қалыпты. Ешкілері енді бұрынғыдай өрістеп жайыла алмай, суық қорада бүрісіп, дірдектеп тұрады.
Етікші, керек десең, сыртқа шығуға да.....

Ертегілер
Толық

Ойын – оқушы білімін берік меңгерту құралы (бастауыш)

Бастауыш сынып мұғалімі
Муканова Лязат Маратовна
Үңгіртас орта мектебі МДШО мемлекеттік мекемесі

Жоспар

I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1. Ойын технологиясы оқушылардың білімін дамыту құралы
2. Бастауыш сыныптардағы ойын түрлері
3. Ойындарды сабақта қолдану әдісі
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


Кіріспе

Қазіргі оқытушы, болашақ мұғалімдерді дұрыс ұйымдастыра отырып, бағыт-бағдар беру арқылы өздігінен жұмыс жасауға үйрету нәтижесінде, жаңа идеялар мен жаңалықтар, болжамдар мен нәтижелер әкелетіндей тұлға даярлап шығуды көздеуде. Оқытушы қауымнан болашақ мұғалімдер тек білімге ғана емес, өмірге де үйрететін қабілеттілікті қажет етіп отыр.
Тілді үйрету әдісі үнемі заман талабына, уақыт ағымына қарай өзгеріп, дамып, жетіліп отырады. Олардың ішінде проблемалық оқыту, интерактивтік оқыту, модульдік оқыту, ойындық технологиялық оқыту.....
Ашық сабақтар
Толық

Үш жетім

Ертеде, ерте заманда, ешкі құйрығы келте заманда бір патша бар екен. Оның жалғыз ұлы болыпты. Ол ұлы ажалы жетіп ауырып өліпті. Жалғыз ұлының күйігінен патша далаға шықпай жатып алыпты. Бұл патшаға бірнеше патша көңіл сұрай барыпты. Сонда да тұрмапты. Патша басқармаған соң елі күйзеліпті. Осы елде жан ашыр адамы жоқ, әке-шеше, аға-іні дегендей туған туысы жоқ үш жетімек бар екен. Бұлар үшеуі ақылдасып «біз патшаның көңілін сұрасақ қайтеді» деген оймен патшаға бармақшы болады. Бұлар халықтарына «біз барып көңіл сұрасақ қайтеді» деп ақылдасады. Халықтары: «Сен үшеуің түгіл сендерден де зорлар барып көңіл айтқан сонда да тұрмаған патша, сендерге тұра ма?» - депті. Әрине ол уақта жетім-жесірді көрсе де көзге.....
Ертегілер
Толық

8 Наурыз - Халықаралық әйелдер күні (Гүл өссе - жердің көркі, Қыз өссе - елдің көркі)

Сценарий тақырыбы: «Гүл өссе - жердің көркі, Қыз өссе - елдің көркі»
Әйелдің табиғи сұлулығы ешқашан өзгермейтіні белгілі, бірақ біздің заманымыздың қыздары өзінің сұлулығымен бірге жан сұлулығын және тән сұлулығын сақтауы тиіс. Өз мамандығын құрметтеу, эстетикалық сезімін ұғындырып, жетілдіру.

Кеш барысы:
Ән - орындайтын Жанболат.
Жүргізуші: «Гүл өссе - жердің көркі Қыз өссе - елдің көркі» - дегендей ежелден ата - бабаларымыз қыздарды әрқашанда гүлге теңеген. Табиғатта ең сұлу өсімдік гүл болса, әлемнің сұлуы - қыз. Қыздарымызға тән нәзіктік, сұлулық, ұяңдық, ибалылық, сыпайылық, әдемілік, іскерлік, шеберлік, рухани байлық, ақ ниет, сүйіспеншілік, намысы, қайрат жігері, бәрінен де ар тазалығы тән. Осындай қасиеттерімен де қазақ қыздары зор тағылым иесі!

Қыз тәрбиесі туралы көп айтуға болады. «Қызға қырық үйден тыйым» - деген сөз қызды кемсіту үшін айтылмаған, керісінше қыз баланың тәрбиесіне зор жауапкершілікпен қарауды меңзейді. Бүгінгі қыз - ертеңгі ана. Сондықтан, халқымыз әйел - барша тіршіліктің бастауы, өмірдің сәні деп қасиет тұтып, ардақтап аялаған.
Сценарийлер (ертеңгілік)
Толық