Орманның ішінде бір кішкене үйшік бар.Онда түбір өмір сүреді.Оның достары басқаша түрленбейді екен.Түбір олар өзгерсе қалай болады екен деп ойлайды. Түбір бір күні орман ішінде ......
Ертеде орманда қайырымды қоян өмір сүріпті. Қоян кішкентай аңдарға көмектеседі. Аңдардың жоғалтқан заттарын тауып әкеп береді. Себебі, қоян иісшіл, дыбысты жақсы сезеді. Барлық аңдар қоянды жақсы көреді. Бір күні қоян орман ішінде жүгіре-жүгіре, секіре-секіре шаршап қалады. Ол өзінің қарны қатты......
Түлкі мен бөдене екеуі айрылмас дос болыпты. Екі дос талай жерді шарлапты, талай қызық көріпті. Күндерде бір күні: - Досым, мені бір күлдірші, - депті түлкі. - Жарайды, күлдірейін. Сен менің артымнан ер де отыр. Мен ұшамын да отырамын, - депті бөдене. Сонымен бөдене ұшыпты да отырыпты, түлкі желе жортып, еріпті де отырыпты. Бір жерге келсе, бір кемпір сиыр сауып отыр екен, шалы бұзауды ұстап тұр екен. Бөдене ұшып барып, сиыр сауып отырған кемпірдің басына қона кетіпті. Түлкі анадай......
Кіп-кішкентай маса дүниеге келе салып, өз-өзіне қарап сүйсіне бастайды. — Міне, ғажап, қандай әдемі, сұлумын! Ғажайып деп осыны айт! Аяғына қараса, алтау екен! Ұп-ұзын, сымбатты! Төрт аяқпен тік тұрасың, ал қалған екеуі: бесіншісі, алтыншысы — қорғаушылар. Олар денеге ештеңені жақындатпайды. Маса енді өз қанаттарына қарады. Қандай мөп-мөлдір, жеп-жеңіл, жылдам көтеріп кетеді. Мұртшасы үлпілдек.......
Баяғыда бір жалғыз бала орманда өз күнін көріпті. Ол күн сайын жұмыс жасайтын болыпты. Ол бір күні көп ойланып: «Мүмкін маған үйлену керек шығар. Жасымда таяп қалыпты. Әкем мен анамды бір қуанту керек қой не дегенмен. Мен қаладағы ата-анама хат жіберіп көрейін» дейді бала. Оның ата-анасы мен ағасы оны орманға тастап кеткен екен. Себебі, ол еріншек бала болған соң. «Бұл бала қатты еріншек болып кетті. Бұл баланы орманға........
Баяғыда бір жарлы болыпты, мінуге аты, ішуге асы болмапты, бала-шағасы көп болыпты. Мал дегенде маңдайына біткен жалғыз ғана қазы болыпты. «Аштық – атаң емес» деген, тесік тамақ шыдата ма, ақыр соңында сол қазды жемекші болып сойып, пісіреді. Бірақ оған салатын тұзы да, қосып жейтін наны да болмайды. Сонда.....
Бір қасқыр тамақ іздеп келе жатып, құрулы тұрған қақпанға түсіп қалады. Олай жұлқынып, бұлай жұлқынып, зорға құтылады. Қашып бара жатқан касқырды аңшылар көріп, артынан қуа жөнеледі. Қасқыр сасқалақтап бір егіншіге келіп жайын айтады: «Қайтсең де мені жасыр, ұмытпаспын жақсылығынды, мені қабыңа .....
Ақ лақ пен Қара лақ әрі жүгіреді, бері жүгіреді. Жан-жағына алақ-жұлақ қарайды. Мына жағы - қалың шілік, ана жағы - қалың бау. Маңайда ешбір қой-ешкі көрінбейді. - Сен Ақ лақсың, түк білмейтін ақымақсың. Мені әрлі-берлі сүйреп жүріп, ақыры адастырдың. Жаның барында қойды тауып бер! - деп, Қара лақ Ақ лақты бүйірден бір түйіп кеп қалады. Қара лақ бір......