Көлік

Зу-зу етіп көшеде,
Күн-түн тыным таппайды.
Төрт дөңгелек дөңгелер,
Төрт аяқпен шаппайды.

Түрі, түсі, атауын,
Оңай емес жаттауға.
Қазіргінің тұлпары,
Көлік жүйрік шықты алға.
Тақпақтар
Толық

Бағдаршам

Бағыт-бағдар көрсетер,
Бір орында тұрып-ақ:
Қызыл көзі жанғанда,
Жүріп кетпе тек бірақ.
Сары жанса, дайындал,
Қалма, ботам, сен құлап.
Жасыл жанса, жүре ғой,
Қоя бермей көп сұрақ.
Тақпақтар
Толық

Ғаламтор

Ғаламтор деген ғажап бар,
Бес құрлыққа тараған,
Күн-түн демей қажетке
Жаратады бар адам.

Адамдардың сан алуан
Көп болса да сұрағы
Миллиондаған жауабы
Лезде дайын тұрады....
Тақпақтар
Толық

Компьютер

Пернетақта алдыңда,
Дәу манитор тұр қарап.
Көп шаруаны атқарар,
Компьютер бұл ғажап.

Керек емес қаламың,
Жазуды да жазады.
Қарындаш пен бояусыз,
Суретті де салады......
Тақпақтар
Толық

Ұялы телефон

Қарасы бар әкемде,
Жаңасы бар тәтемде.
Аппағы бар анамда
Екеуі бар көкемде.

Қақпақтарын ашады,
Нүктелерін басады.
Ар жақтағы адамды,
Байланысқа қосады.
Тақпақтар
Толық

Ұя

Ұя салды көктемде,
Қос қарлығаш ұшып кеп.
Біткенше ұя тынбады,
Ары-бері ұшып көп......
Тақпақтар
Толық

Қазақстан

Қазақстан туған өлкем.
Неткен ғажап туып өскен,
Кең байтақ жерімде,
Күліп ойнап күлімдеген.......

Тақпақтар
Толық

Анашым

Анашым менің анашым,
Өзіңсің менің данашым.
Ардақтаймын өзіңді,
Ардақты, асыл анашым.
Тақпақтар
Толық

Өтірік өлең

Осыдан сегіз ғасыр бес жыл алдын.
Келіп ем осы өңірге қадам басып.
Жасым менің 6-да туылған ем Қытайда,
Суши менен лапша жеп,
Өстім үлкен сарайда......
Тақпақтар
Толық