Бәйтерегім

Отанымның тірегі
Астанамның жүрегі.
Мақтан етем өзіңді,
Бәйтерегім киелі.
Тақпақтар
Толық

Ана

Мен үшін не керек,

Бәрін іздеп табасың.

Айналайын анашым

Жұмысыңа барасың,

Қайтып мені көргенде,

Шын сағынып қаласың.
Тақпақтар
Толық

Дос

Күнде бірге жүреміз,

Бірге ойнап күлеміз.

Бірімізге –біріміз

Көмектесіп жүреміз.
Тақпақтар
Толық

Аралар

Аралар ұшып тынбайды,

Әрі-бері зырлайды

Аралайды қырлайды,

Шаң тозаңды жинайды.

Әдемі гүлдер өсірсең

Саған балын сыйлайды.
Тақпақтар
Толық

Кім болам?

Бір тамақты пісіріп,
Бір тамақты түсіріп,
Анам ылғи жүреді
«Дәмді емес» кім деді?
Он жетіге толамын,
Мен аспазшы боламын!
Тақпақтар
Толық

Ана

Мынау пәни жалғанда,

Анадан асқан жан барма!

Мәпелеп сені өсірсе,

Сыйла, анаңды ардақта.
Тақпақтар
Толық

Ана

Ана деген әдемі,

Ана деген әлемі.

Аялайық ананы

Әлпештеген баланы.

Сәбиге өмір сыйлаған,

Әлди, әнмен тербеткен.

Қадірімді түсінген,

Аяулы ана, ақ ана.
Тақпақтар
Толық

Ана

Анам менің бесігім,

Тұла бойы кешірім.

Анам аман тұрғанда,

Қарыздармын өзіңе.

Қарағанда көзіме

Зейін салам сөзіңе.
Тақпақтар
Толық