Қаржы | АҚШАНЫҢ НАРЫҚТАҒЫ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

Ақша – бұл тарихи даму үрдiсi барысында қалыптасқан экономикалық категория болып саналады. Ол қоғам дамуының әрбiр кезеңiндегi өндiрiс және айырбас процестерiнде адамдар арасындағы экономикалық қатынастарды көрсетедi. Қоғамның экономикалық дамуы күрделенген сайын, ақшаның маңызы арта түседi. Ақша – тауарлы өндiрiстiң өнiмi. Ақша- кез-келген тауар айналысының құрамдас бөлiгi және оның нәтижесi. Тауар және ақша бiр-бiрiнен ажырамайды, себебi ақша айналымынсыз тауар айналымы болмайды, болуы да мүмкiн емес /1, 23б/.
Ақша тауардан дами отырып тауар болып қала бердi, бiрақ тауардың жалпылама эквивалентi ретiнде. Расында да, ақша адамдарға ежелден-ақ таныс. Бiрақ оның қалай пайда болғандығы туралы құпия сыры және өмiрiндегi мәнi көп уақытқа дейiн беймәлiм болды. Бұл сұрақтарға қоғам өмiрiн зерттей келiп, көптеген ғалымдар ақшаның тауар айналымында атқаратын маңызын жан- жақты ашып, жауап бердi.
Ақшаның қажеттiлiгi туралы әр уақытта әр түрлi ойлар айтылған. Мысалы, рационалистiк концепцияны ақыл-ой талабына ғана енгiзілген көзқарас жақтаушылар ақша адамдар арасындағы келiсiм құралы, ол айырбас кезiнде құндардың қозғалысына қажеттi арнаулы құрал деп түсiндiрдi. Бұл ойды жақтаушы Аристотель өзiнiң Никомахова этика деген кiтабында Айырбасқа қатысатындардың барлығы өзара салыстырмалы болу үшiн шарттылыққа негiзделген әлдебiр өлшем болуы қажет деп жазған /2,24б/. Бұл ой көне Рим қоғамындағы заңға енгiзiлiп, оның қағидасы бойынша император ақшаның құнын заңмен бекiткен.
Ал, XVI ғасырдың бас кезiнде 1516 ж. утопиялық социализмнiң негiзiн қалаушы Томас Моор өзiнiң Золотая книга о наилучшем устройстве государства и новом острове Утопия деген еңбегiнде барлығын ақшамен өлшегенде мемлекеттiк iстердiң табысты және дұрыс шешiлуi мүмкiн болар ма екен деп жазған /2, 24б/.....
Курстық жұмыстар
Толық