Экономика | Ағымдағы міндеттемелер есебі
Қандай да болмасын шаруашылық субъектілерін олардың қандай салада қызмет атқаратындығына қарамастан алып қарайтын болсақ, олардың барлығының да міндеттемелері болады. Кез келген өндіріспен айналысатын субъекті сол өнімді өндіру үшін қажетті шикізаттармен материалдар үшін жабдықтаушыларының алдында міндетті болса, саудамен айналысатын шаруашылық субъектісі сол сататын тауарларын жеткізіп беруші яғни жабдықтаушы субъектінің алдында міндетті болуы мүмкін. Тіпті өндіріспен де, саудамен де айналыспайтын субъектілердің өзі қарамағында жұмыс істейтін жұмысшы қызметкерлерге олардың істеген еңбегі үшін,сондай-ақ бюджетке түрлі салықтар үшін қарыз немесе оның алдында міндеттемесі болуы мүмкін. Қазіргі таңда қаржының жетіспеушілігінен банктер, банктен тыс мекемелерден, шет елдерден қарыз, несие алып өздерінің жұмысын жандандырып жатқан, сондай ақ міндеттемелерін шектен тыс көбейтіп алып, оны қайтаруға мүмкншілігі болмай жабылып, аукционға салынып, сатылып жатқан субъектілер көптеп кездеседі. Осы айтылғандар туралы толық түсінік беретін қаржылық есептің ең негізгілерінің бірі болып саналатын тақырыптардың бірі – міндеттемелер есебі.
Қазіргі таңда барлық кәсіпрындар өз табысын өсіру мақсатында жаңа технологияларды қолдануға асығады. Сондықтан да банктерден несие алу барлық кәсіпорын үшін өте маңызды. Сондай-ақ несие негізгі міндеттемелерінің бірі болып табылады. Несие беру және оның операцияларын жүргізу лицензия берілген Ұлттык банктің шешімімен айқындалған ресми статусы бар банкілер арқылы жүзеге асырылады.....

Курстық жұмыстар