Мысал ертегі: Емен түбін жайлаған шошқа

Бұрынғы өткен заманда, ну жыныс қалың орманда бір шошқа мекен етіп тұрыпты. Оның қорек қылатын ағашы емен екен.

Еменнің бүршіктеріне жеміс шығады, ол шошқаның атасының асы, ең сүйіп жейтін тамағы болады

Шошқа әбден семіреді, тегін тамақ мол болғандықтан ашаршылықты көрмейді. Тамаққа тойып, емен түбінде күн шуақта жата береді. Ыстықта көлеңкесіне паналайды, суықта түбіндегі үңгірде жатады.

Қысқасы, осы ормандағы дәу жалғыз емен шошқаның әрі орны, әрі азығы болып, барлық мұқтажын өтеп тұрады. Ашаршылық көрмеген, азық үшін еңбек істемеген семіз, күйлі шошқа әбден ерігеді, не істерін білмейді. Ақырында тұра салып еменнің түбін қаза бастайды. Шошқа бірнеше күн еріккен сайын, емен түбін қазатын болады. Еменнің тамырлары қиылып құлауға қарайды. Сол кезде оған емен тұрып тіл қатады:
– Әй, ақымақ, өлеріңді білмейтін сен доңыз, менің түбімді қазып, құлайтын халге жеткіздің. Құламаған күнде де тамырларым қиылды, көбін аршып тастадың, сондықтан мен аз жылда қуарып құрып бітемін.....
Ертегілер
Толық

Қиял-ғажайып ертегі: Ағашшы мен темірші

Бұрынғы өткен заманда Жәркент деген қалада өнері елден асқан бір ағашшы мен бір темірші ұста өмір сүріп тұрады екен. Ұста мен ағашшы бірінен-бірі асып түсіп шеберлік сайысында жүреді екен. Күндердің бір күнінде ұста мен ағашшы елінің ханына кеп жүгініседі. Сонда хан:

—Мен сен екеуіңнің мынауың артық,—деп айта алмаймын. Сондықтан екеуің бір-бір нәрсе істеп алып кеп өнер сайысына түсіңдер,—дейді. Темірші үйіне барып төрт жүз көзді алтын жүзік соғады. Ал ағаш шебері ағаштан ат жасап алып келеді.

Хан екеуін бірдей көріп, өнерлеріне таң қалады да: «Ал, мына, атыңның өнері не?»—дейді. Ол аттың оң құлағын бұраса ұшады да, сол құлағын бұраса, жерге түседі екен. Ханның он төрт жастағы баласы жылап жүріп ағаш атты әкесінен сұратып алады. Осылайша бір жыл өткен соң бала аттың өнерін бір көрейін деп ойлайды да, атты мініп ап, оң құлағын бұрағанда ұшып жүріп береді. Ұшып отырып, ұшып отырып ес кетіп, жан шықты дегенде бір қаланың шетіне келіп сол құлағын бұрап қалғанда әлгі қалаға кеп түседі. Бұл қала Рум деген қала екен. Ол сол қаладағы бір кемпірге кеп «мен сізге бала болайын» деп үйіне кіреді. Елі алыс қалғанын бала да біліп отыр. Түнде жатса, әлгі үйдің іші сүттен жарық болып тұр екен. Бала ұшып тұрып далаға шықса ай да, күн де жоқ. Бірақ қаласы жап-жарық екен. Ол үйге қайта кіріп кемпірден сұраса:
—Е, балам, бұл жарыққа таңқаларлық еш нәрсе жоқ.....
Ертегілер
Толық

Қоршаған орта факторларының жергілікті экожүйе ағзаларының тіршілік әрекеті мен таралуына әсері (Биология, 7 сынып, I тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Биосфера, экожүйе және популяция
Сабақ тақырыбы: Қоршаған орта факторларының жергілікті экожүйе ағзаларының тіршілік әрекеті мен таралуына әсері
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 7.3.1.1 қоршаған орта факторларының жергілікті экожүйе ағзаларының тіршілік әрекеті мен таралуына әсерін зерттеу
Сабақ мақсаттары: Оқушылар:
Барлықоқушылар:
Мекен ету ортасына қарап, сол жерлерде өсетін өсімдіктер мен мекен ететін жануарлардың түрлерін және олардың бейімделу тәсілдерін сипаттау;
Оқушылардыңкөпшілігі:
Экологиялық факторларды зерттеу барысында жіктей алады;
Кейбір оқушылар:
Теориялық білімін практикада қолдана біледі, зерттеу барысында өсімдіктер мен жануарларды өздігінен анықтай біледі.....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Адам қызметінің қоршаған ортаға әсері (Биология, 7 сынып, I тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Тірі ағзаларды жүйелеу Адам қызметінің қоршаған ортаға әсері
Сабақ тақырыбы: Адам қызметінің қоршаған ортаға әсері
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 7.3.2.2 адам тіршілігінің экожүйеге кері әсерін тигізетін салаларының мысалдарын келтіру
Сабақ мақсаттары: «экожүйе» ұғымын қайталау арқылы мысалдар келтіру;
адам да экожүйенің бөлігі болатынын түсіндіру;
адамың экожүйеге «оң» және «теріс» әсер ететіндігін талдау;
адам тіршілігінің экожүйеге кері әсерін тигізетін салаларының мысалдарын келтіру.....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Тәрбие сағаты: 1 Қыркүйек - Білім күні («Балдәурен» әнінің әуені)

1 қыркүйек - Білім күні («Балдәурен» әнінің әуені)

Музыка жетекшісі: Рахметова Әдемі

Мақсаты: 1 қыркүйек - Білім күні мерекесінің маңызын түсіндіру, сезіндіру.
Сахна мәдениетіне баулу.
Көңілді орта қалыптастыру.
Барлық балалар «Балдәурен» әнінің әуенімен түрлі - түсті шарлар ұстай көңілді би билейді, би аяқталғанда шарларды қояды. Орындарына отырады.

Тәрбиеші: Құрметті тәрбиешілер, қонақтар, ата - аналар, аяулы тәрбиеленуші балабақша бүлдіршіндері! Бүгінгі сағынышқа, шаттыққа толы «Білім күні» мерекелеріңіз құтты болсын!
Туған жер төсін тербеткен
Өмірдің бейбіт шағы бұл
Мінеки, достар, тағы бір
Өткізіп жазды дүбірмен
Құшағы толып гүлдермен
Білім нәрін алуға
Бақшаға келді балалар!.....
Тәрбие сағаттар
Толық

Өз шығындарыңды қалай жоспарлаған жөн? (Дүниетану, 3 сынып, IV тоқсан)

Пән: Дүниетану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Демалыс мәдениеті. Мерекелер»
Сабақ тақырыбы: Өз шығындарыңды қалай жоспарлаған жөн?
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 3.1.1.4 Өз шығындарын жоспарлау және дәлелдеу
3.1.1.5 Өз шығындарын тиімді етудің жолдарын ұсыну
Сабақ мақсаттары: Оқушылар
• «отбасылық бюджет» және «жеке шығындар» дегенді білу;
• өз шығындарын жоспарлау және негіздеу;
• өз шығындарының "төлқұжатын" құру.......
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Бізді қоршаған орта (Дүниетану, 2 сынып, IV тоқсан)

Пән: Дүниетану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Қоршаған орта
Сабақ тақырыбы: Бізді қоршаған орта
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу): Қоршаған орта дегеніміз не екендігін түсінеді.
Мұғалімнің көмегіне сүйене отырып ақпарат көздерімен жұмыс істей алады.
Сабақ мақсаттары: Қоршаған орта туралы өз пікірін білдіреді.
Барлық қоршаған орта табиғат және адам қолымен жасалатынын біледі.......
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Жағалаудағы көрініс (Көркем еңбек, 3 сынып, IV тоқсан)

Пән: Көркем еңбек
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Су - тіршілік көзі
Сабақ тақырыбы: Жағалаудағы көрініс
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 3.1.1.1 Қоршаған ортаны зерделеу барысында визуалды бейнелердің ерекшелігін және көрінісін өзінің жұмысында түсіндіру.
3.2.2.1 Күрделі әдістер мен техникаларды пайдаланып, материалдарды және құралдарды қолдану, эксперимент жүргізу.
Сабақ мақсаттары: • Су бетіндегі нысандардың кескінін зерттеу негізінде қоршаған дүниенің ерекшеліктерін түсіндіру;
• Ұсақ толқынды су бетін бейнелеу үшін түрлі материалдар мен көркем техниканы пайдалану;
• Суретшілер жұмыстарында су айдынын бейнелеу тәсілдерін сипаттау. .......
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Тәрбие сағаты: 1 қыркүйек - Білім күні (Мектеп - бізді шақырады)

Сабақтың тақырыбы: 1 қыркүйек - Білім күні (Мектеп- бізді шақырады)

Мақсаты: Балаларды мектепке шығарып салу кешінде жыл бойы алған білімдерін бекіту,білгендерін ортаға салып қорытындылау.Берілген сөздерге сөйлем құрау,есептер шығару арқылы ойлау қабілеттерін дамыту.

Көрнекілігі: Топ бөлмесінде шарлар,қанатты сөздер ілініп,ертеңгілікке сай безендірілген.

Мұғалім: Сәлеметсіздерме құрметті ата-аналар,аяулы ұстаздар.Мектеп бізді шақырады атты ертеңгілігімізді ашық деп жариялаймыз.Кеше ғана алаңсыз ойнап жүрген бүлдіршіндер бүгінде бойларында үлкен жауапкершілік пайда болып,мектепалды даярлық тобын аяқтап,1 сыныпқа қадам басқалы тұр.Қадамдарың құтты болсын жас бүлдіршіндер.Қазір алдарыңызда тұрған бүлдіршіндер дайындық тобынан 9 ай ішінде алған білімдерін, ортаға салып,өнерлерін көрсетпекші.
Өсті міне бойларың
Өсті міне ойларың,
Қуанышқа ортақпын,
Құтты болсын тойларың.
Ендігі кезекті балаларға берейік........
Тәрбие сағаттар
Толық