Атақты тұлғалар туралы жазу Алаштың Әлиханы (3 сынып, III тоқсан )

Пән: қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Атақты тұлғалар
Сабақ тақырыбы: Атақты тұлғалар туралы жазу.Алаштың Әлиханы
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 3.1.3.1 түрлі жағдаяттағы (қоғамдық ортада) қатысымдық әрекеттерде өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, тілдік нормаларды сақтап сөйлесу;
3.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру:
3.4.2.4 негізгі, туынды зат есім/сын есім/ етістікті анықтау.
Сабақ мақсаттары: түрлі жағдаяттағы (қоғамдық ортада) қатысымдық әрекеттерде өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, тілдік нормаларды сақтап сөйлесу;
мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру:
негізгі, туынды зат есім / сын есім / етістікті анықтау......
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Әріптер сөздер емле және грамматика Қарлығаштың құйрығы неге айыр? (ертегі) (2 сынып, III тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті»
Сабақ тақырыбы: Әріптер, сөздер, емле және грамматика. Қарлығаштың құйрығы неге айыр? (ертегі)
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқубағдарламасынасілтемеу) Сөйлеуқабілетіндамытадыжәнекөпмағыналысөздердіқолданабастайды.
Сабақ мақсаттары:
Т/А4 Астарлы мағынаны болжау
О1 Ақпаратты түсіну
Ж4 Өзойынанмәтінжазу.....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Әдебиет | Ғұмар Қараштың педагогикалық көзқарастары

Қазан төңкерісіне дейінгі Қазақстанда қоғамдық-саяси, ағартушылық-педагогикалық ой-пікірдің дамуына өзінің өлшеусіз үлесін қосқан ХХ ғ.бас кезіндегі қазақ әдебиетінің ең көрнекті қайраткерлерінің бірі, ағартушы, педагог Ғұмар Қараш болды. Ол туралы соңғы жылдары ғана баспасөз беттерінде мақалалар жарыө көріп, шығармалар жинағы басылды. Көп жылдар бойы оның педагогикалық-ағартушылық қызметі, сол кезеңнің көкейтесті мәселелерін көтерген еңбектері коммунистік идеологияның тікелей әсерімен тең басып, кітап қоймаларының түкпір-түкпірінде қажетсіз болып жатты. Халық тарихы мен оның рухани мұрасына балта шапқан коммунистік партияның идеологтары Ғ.Қараштың есімін жазуға да, айтуға да тыйым салды.
Тарихи ақиқаттың орнауы нәтижесінде Ғ.Қараштың құнды мұралары ортамызға қайтып оралды. Ғ.Қараш туралы деректер Қазан төңкерісіне дейінгі мерзімді баспасөз беттерінде, мұрағат қазыналарында жиі-жиі кездеседі. Оның есімі ХХ ғасырдың бас кезеңінде татар, башқұрт, қазақ және орыс тілдерінде жарық көрген газет, журналдар мен кітаптардың беттерінен түскен емес, оның өз заманында Ресейдің бүкіл түркі тілдес халықтарын аузына қаратқандығын мақтан тұтуға болады.
Отарлық саясаттың тікелей салдарынан, жаппай орыстандыру әрекетінен жапа шеккен, халқын ұлттық бірлік пен ынтымақтастыққа шақырып, қазақ еліне даналы ақыл бергендердің бірі – осы Құмар Қараш болды. Оның алаш партиясын жақтап, құрамына белсенді мүше болуы, көрнекті қайраткер есімін тарих бетінен мүлде сызып тастады.
Ғ.Қарашты бұрынғы одақ жұртшылығына таныстыруда белгілі ғалым, академик С.З.Зиманов пен зерттеуші-ғалым, М.Ш.Ысмағұлов көп үлес қосты. Сонымен қатар Ғ.Қарашты ақындық қырынан зерттеп, кандидаттық диссертациясына арқау еткен филология ғылымдарының кандидаты Мақсат Әнесұлы Тәжірмұратов болды.
Халқымыздың осынау абзал перзентінің шығармашылығын насихаттауға жазушы, ғалым М.Мағауин біршама еңбек сіңірді. Ол 1978 жылы цензорлық бақылауға қарамастан, Ғұмар Қараштың бірнеше өлеңдерін Ленинград қаласында басылып шыққан «Қазақстан ақындары» жинағына енгізді.....
Рефераттар
Толық

Тарих| Алаштың алдаспаны

Бердіқожа батыр туралы біз не білеміз

Балдәурен – балалық шақтағы бір бейне әлі есімде. Ол ауылдағы Тасқынбай атаның келбеті еді. Қадірменді қария тарих туралы, өткен бабалар өмірі туралы керемет әңгімелер айтатын. Соның бірі төмендегідей толғаныс-тын.

“Батырлардың ішіндегі хас батыр ғана өлімнен қорықпаған, келер күн, ұрпақтың ертеңі деп найзасын көкке шаншып, шарқ ұрған солардың бірі ғана емес-ау, бірегейі Бердіқожа батыр еді ғой. Ол тек шанышқылының ғана емес, алты Алаштың, тұтас қазақтың қайсар, ер мінезді ұлы болатын. Әттең ... Осы күнге дейін бабамыздың жерленген жерін біле алмай жүргеніміз өкінішті-ақ!” – дейтін қария. Со­дан кейін ол кісі бізге мейірлене көз тастап: “Ал, сендер, балаларым, алда-жалда батыр бабаларың туралы естіген-білгендерің болса – ұрпаққа естелік қалдырыңдар, зиратын тапсаңдар, басына барып дұға оқып, кіндік қаны тамған жердің бір уыс топырағын біздің атымыздан салыңдар. Сонда бабаларыңның аруағы бір аунап түсері хақ!”, деп аталық аманатын айтушы еді. Бұл сөзді кейінірек Қаратай Тұрысов, Мекембай Омаров ағаларымыз да еске алып, қостап-қолдап, қуаттап жүретін.

Одан бері де көп уақыт өтті. Талай су ағып, бірталай дүние өзгерді. Ұрпақтың алмасуы, қоғамның ауысуы болды. Қайда жүрсем де ауыл ақсақалы аманат еткен сол бір сөз құлағымнан кетпей қойды. “Шанышқылы Бердіқожа батыр! Ол кім? Қандай батыр, несімен батыр болған? Неге шанышқылы деп тұтас рудың атын батырға қосарлап айтады? Қазақ еліне қандай еңбегі сіңген? Тарихта бар болса, жерін жаудан қорғаса, ерлік көрсетсе – неге есімі Қарасай, Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай және тағы сол секілді батырлардың қатарында аталмайды? Зираты қайда? Ұрпақтары неге үнсіз?” деген сауалдар жан-жағымнан үздіксіз қаумалап, үнемі мазалап жүретін. Әсіресе соңғы кездері: “Неден бастау керек? Кімге бару қажет?” – деп жиі ойланатынмын. Мұның жауабы бір күні табылды.

2005 жылдың 22 шілдесі болатын. Қызметтен келіп, әдеттегідей “Егемен Қазақстан” газетін оқи бастадым. Онда филология ғылымдарының докторы, профессор Ақселеу Сейдімбектің “Байғозы батыр” атты көлемді дүниесі жарық көріпті. Оқып отырып төбем көкке бір елі жетпей қалды. Таптым! Табылды!

Мақалада шанышқылы Бердіқожа батыр туралы ғалым – қаламгер ағамыз бір рет емес, үш жерде ерекше атап көрсетіпті. Төмендегі жолдарды жүрегім толқып, сірә, он-жиырма рет оқыған шығармын. “Байғозы батыр өз кезегінде ... керей Жарылғап, әлтеке Жидебай, шанышқылы Бердіқожа, шапырашты Наурызбай, уақ Баян, албан Райымбек сияқты батырлармен жорықтас жолдас, төс тигізген дос-құрдас болады. Осы орайда Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің сөзі еске түседі, – деп жалғастырады ғалым. — “Абылай ханның заманындағы қазақ жұртынан шыққан батырлар қаракерей Қабанбай, қанжығалы Бөгенбай, қаз дауысты Қазыбек, Шақшақұлы Жәнібек, көкжарлы көкжал Барақ... шанышқылы Бердіқожа, сырым Малайсары... балтакерей Тұрсынбай, тарақты Байғозы, он сан Орта жүзге ұран болған Олжабай, Малай жәдігерден Жауғаш, Биғаш, бөрі тонды бөрте атты, бөрі бас Орманшы, ақсары Шотана, қозған Биікше мерген, қарауылшысы әлтеке Жидебай, уақ Баян. Бұл айтылған батырлардың бәрі де Ербекейше бұзау жарып батыр атанған емес, жалғыз жүріп қалмақтың қамалын бұзған батырлар...

Алтын қақпалы қорғанды бұзатұғын жолда сырым Малайсары да бар еді, шанышқылы Бердіқожа да бар еді, – депті Мәшһүр Жүсіп”.....
Рефераттар
Толық

Тарих | АЛАШТЫҢ АСТАНАСЫ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ ИДЕЯ

ХV ғасыр ортасында шаңырақ көтерген Қазақ мемлекетінің күні бүгінге дейін сабақтастығы мен жалғастығы үзілмеген төл тарихы әлденеше Астананы аспандатқаны ұлттық санамызда, бабаларымыздан жеткен рухани мұрада өшпес із қалдырды. Бастау-бұлағына көз жіберсек, бұл әріден келе жатқан дәстүр екен. Елорданы қастерлеудің тамаша үлгісін Күлтегін тасындағы Өтікенге арналған жазудан, Асан Қайғының Жерұйықты іздеуінен көре аламыз. Байырғы түркілер де, олардың заңды мұрагері қазақтар да мемлекеттің Астанасын елдік тірегі, үйлесім мен бірліктің ұйытқысы, ақыл-ой мен күш-қайраттың қайнар бұлағы ретінде қабылдаған ғой.
Үш ғасырға жуық созылған отарлау, тоталитарлық модернизация мен зорлық Елордаға қатысты қастерлі ұғым-түсініктердің, жөн-жоралғының, салт-сананың сайын даламыздағы құндылықтарын аяусыз шайқалтқанымен, түбегейлі жойып жібере алмапты. Олар мемлекеттік тәуелсіздігіміз жарияланған сәттен бұрқ етіп сыртқа шықты. Елордасын бас-аяғы 10 жыл ішінде бұрын-соңды қол жетпеген биікке көтере алған халық, оған барша әлемнің назарын аударта білген халық, жатқа телмірген жадағай қаланы Қыз Жібек пен Баян сұлудың моншағындай ару шаһарға айналдырған халық, түптеп келгенде, мәңгі ел ұстайтын мәңгі халық екенін бүгінде қапысыз дәлелдеді.
Мықтылардың әлсіздерді өзіне қаратып алуының әлемдік тәжірбиесіне көз жүгіртсек, бодан елдің бостандыққа шығуы, мемлекеттік тәуелсіздікке қол жеткізуі ешқашан оңайға соқпаған. Миллиондардың қанын мойнына артқан кеңестік тоталитарлық жүйені былай қойғанда, өзін өркениетті, ізгілікті санайтын Еуропаның Англия, Франция, Португалия сияқты отарлаушылары Индиядан, Алжирден, Египеттен айрылмау үшін небір құйтырқы саясатқа, зорлық-зомбылыққа барғанын қария тарих жақсы біледі. Ендеше, баршаға жайлы жаңа тұрпаттағы қоғам орнатуға уәде бергенмен, діттеген мақсатына жетпей, айықпас қайшылықтардан титықтағанына қоса қатыгездігі шектен шыққан КОКП мен Кеңес Одағы уысынан аман-есен босағанымыз – біріншіден, тағдырдың сыйы болса, екіншіден, азаттық жолындағы құрбандықтардың өтеуі екені күмәнсіз.
Азаттық туын көтерген сәттен жауапкершілігі бұрынғыдан әлденеше ауыр жаңа дәуір басталды. Саяси жүйені, экономикалық қатынастарды, мәдени-рухани құндылықтарды, заңнамаларды, ішкі-сыртқы саясатты тәуелсіздік мүддесіне жүгіндіру, тарих тағылымы мен заманауи талаптары биігіне көтеру, сол арқылы елдің табиғи-ырғақты даму жолын табу, әлемдік өркениетке өзіндік келбет-кескінімізбен кірігу – бәрі бір сәтте алдан шықты. Бұған өтпелі дәуір қиыншылықтары қосылды. Ескі қоғам ығысып орнын бере қоймаған, жаңа қоғам әлі толық орнықпаған ғасырлар тоғысында, қазақ халқы ұлт болып қалу-қалмауы қыл үстінде тұрған алмағайып заманда «Кім кінәлі?», «Не істеу керек?», «Кім кімді жеңеді?» сұрағына жауап ұсынғандар елде жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтай қаптап кеткені әлі есімізде. ....
Рефераттар
Толық

Тарих| АЛАШТЫҢ ЖОЛЫ

Қазақтың сан ғасырлық тарихының ең жарқын беттерін жазған Алаш қозғалысы – тарихи-саяси, айрықша құбылыс ретінде ұлтымыздың мәдени-рухани даму жолын жаңа арнаға бұрғаны сөзсіз. Өйткені, ол қазақ баласының саясат, мәдениет сатысына көтерілгендігін айғақтай отырып, ендігі жерде ұлт ретінде дербес өмір сүруге, өзге елдермен терезесі тең халық ретінде азат күн кешуге болатындығына әлеуметті сендіре алған жаңашыл қозғалыс еді. Қозғалыстың қарқындылығы мен жаңашылдығы – қазақ қоғамы үшін қиын-қыстау сол бір дүбірлі шақта азаттық ұранын салып, іс жүзінде бытыраңқылық пен мемлекеттік институттар қалыптаспаған сахара төсінде дербес мемлекет идеясын құруға бел шешіп кірісуінде еді. Алмағайып кезеңде амал тауып, халқының басын қосып, ертеңіне сендірген осындай ұлы топ бұғанға дейін болмағаны тарихтан белгілі. Олар сол тұста кездескен қиындықтардың барлығын жеңе білді, түпкі мақсатқа жету үшін, қандай да болмасын, замана сауалының оңтайлы шешімдерін таба білді. Алаш қозғалысы совет өкіметі тарапынан терістелгенімен, оның идеялары ұлтжанды азаматтардың жүрегі мен санасында өмір сүріп келді. Оның жарқын әрі бұлтартпас мысалы – тәуелсіздіктің қарсаңында Алаш идеясының қайтадан жаңа күшпен жаңғыруы. Ес жиып, етек жапқан бүгінгі күнде алаштық идея саналы қазақ баласын, елжанды қазақ азаматын қайтадан баурап алу үстінде. Мұның басты себебі, Алаш қозғалысының ең ұлы мақсаты – ұлттық тәуелсіз мемлекет құру идеясымен сабақтасып жатқанында еді. ХХ ғасырдың басында ұлтының теңдігі үшін қауымдасумен де, қаламмен де, қарумен де күреске түскен Алаш қайраткерлерінің пәрменді еңбегі Алаш баласының есінен еш кетпек емес. Оның дәлелі – тәуелсіз Қазақстанның барлық түкпіріндегі қазақ зиялы қауымының ісіндегі, ойындағы алашшылдық сана. Бұл алашшылдық сана уақыт жылжыған сайын қазіргі қазақ қоғамында тереңдей түссе, халқымыздың ұлттық өресі де биіктей бермек. Алаш зиялыларының қазақ даласында ұлттық идеяны негіздегені жөнінде Елбасы Н.Назарбаев өзінің «Тарих толқынында» кітабының «Алаш мұрасы және осы заман» атты тарауында: «ХХ ғасырдың басында ұлттық бірлікті нығайту идеясын алға тартқан рухани-зерделі игі жақсылар қазақтың ұлттық идеясын жасау міндетін өз мойнына алды. Олар қоғамның түрлі тарабынан шыққандар, әрі ең алдымен дәстүрлі дала ақсүйектерінің өкілдері еді. ХХ ғасырдың басындағы қазақ қоғамында зиялы қауым қалыптасуының ұрпақтар эстафетасы сияқты сипаты болғанын атап айтқан абзал» – деп көрсеткен болатын.....
Рефераттар
Толық

Арман жыры алаштың, азатық еді аңсаған.

Азабыңды шеккен ел,
Тозағыңнан өткен ел.
Батысыңда қар жатса,
Шығысында көктем ел.
Бір шеті мен бір шеті
Жеткізбейтін неткен ел?!
Қ. Мырза Әли
«Тәуелсіздік-барлық қазақстандықтар үшін аса қасиетті құндылық» - деп Елбасы бекерден-бекер айтпаған.Талай ғасырлар бойы осы жолда жан алысып жан берісіп, ереуіл атқа ер салып, егеулі найза қолға алып, ұлан ғайыр осынау атырапты көзінің қарашығындай сақтап ұрпаққа қалдырған баһадүр бабалармыздың арқасы. Тәуелсіздік оңайлықпен келген жоқ, небір алмағайып қиын-қыстау, тар жол тайғақ кешулерді бастан кешіп, ұлттық рухымыздың сағын сындырған тарихи толқулар мен толғаныстарға толы болды.......
Шығармалар
Толық

География | Балқаштың экологиялық проблемалары

Бүгін Қазақстан ғалымдары тағы бір экологиялық апат қаупін болжамдайды. Олардың а йтуынша, Балқаш көлінің құрғап кету қаупі бар.
Балқаш көлемі бойынша Орталық Азияда төртінші көл болып табылады. Көлдің 3 миллион жергілікті халқының тұрмысы және аймақтағы экономикасы үшін орасан зор мәні бар.
Би-Би-Си тілшісі Джил МакГиверинг Балқаш көлінің солтүстік жағалауына барып, сондағы жағдайды зерттеп көрген.
Көл жағасында тұратын жергілікті тұрғындардың кейбірі көлдегі су деңгейінің соңғы 30-40 жылдың ішінде айтарлықтай азайғанын айтады. Көбі 3 миллион халықтың тұрмысына қажетті суды қамтамасыз етіп, аймақтың қантамыры қызметін атқарып келетін Балқаш көлі құрғап кетпей ма деп қорқады.
Джил кездестірген Егор есімді орыс жігіті көлдің өзгергені туралы былай деп айтып берді:
"1968-69 жылдармен салыстырсақ, Балқаштың су деңгейі күрт төмендеді. Қазір өзіміз тұрған жерімізде бұрын су болатын. Анау тұрған мұнарадан жұрт парашютпен суға секіретін. Кафелер тұрған жерде де су болатын бұрын", - дейді Егор.
Су деңгейінің төмендегеніне табиғи өзгерістер ықпал еткен де шығар. Алайда, Балқашқа қауіп төндіретін басты күш....
Рефераттар
Толық

География | Балқаштың экологиялық проблемасының сыры мен мұңы

Қуаңшылық дәуірден көлдің деңгейі төмендеп отырған. Ежелгі Балқаштың айдыны жекелеген иірімдерге бөлініп кететін және көл шұңқыры тұтастай дерлік құрғап қалуы мүмкін еді. Климаттың қайталай ылғалдануы ежелгі Алатау мен Тарбағатай тауларынан ағып түсетін және көлге жаңа мекендеушілер алып келетін өзен сулары ойыстың суға толыуан алып келетін. Осы себеп көлдің ихтиофаунасының қайталанбауы мер түрлік құрамының кедейлігіне түсінік береді. ХІХ ғасырдың соңында Балқаш пен Алакөлдің көлдерінде балықтың бар жоғы 4 немес 6 түрі (ихтиологтар балықтың қайсысы жеке түр екіендігі жөнінде әзірше бір шешімге келген жоқ) кездесетін.
Бәрінен аздау туғызатын айтарлықтай «жас» көлдің «кәрі» мекендеушісі балқаш алабұғасы болатын. Ол кезінде Балқаш алабына тұтас таралған болатын. Алабұғаның пелагиялық (көлдік) нысананың ірі экземплярларының тұрқы (ұз) 50 см-ге және салмағы 1,0-1,5 кг-ға жететін.
Алабұғаның (солтүстікке таман таралған тұқымдастардың өкілі) қалай және қашан Балқаш алабына тап болғаны осы күнге шейін белгісіз. Мүмкін, ерте замандарда Ертіс пен Солтүстік Балқаш өңірінен шекаралық өзендері салдарынан біресе осы, біресе өзге алапқа жалғасып бағытын өзгертеуі мүмкін. Балқаш алабұғасының жұмбағы балықтың, Сырдария алабындағы подкаменщик және Байкал непрасының жұмбақтарымен үндес.
Балқаштың және оның салаларының «аборигендері» не тұқы тұқымдастарына (шармай, көкбас, көкталма), вьюн (жалаңаштар) тұқымдастарына жатады. Олар таулар арқылы мезгіл-мезгіл бағытын өзгертетін өзендермен жеткен деп есептелінеді. Көлемі аса зор болған ежелгі Балқаштың негізінен балықтардың өзендік түрлерімен толтырылуын осылай түсіндіреді. Және неліктен олар әдетте көлге тән түрлермен балқаш үшін болған ұрыста тез жеңіліске душар болғанын пайымдайды. ....
Рефераттар
Толық