Ахат Имантайұлы Жақсыбаев (5 шілдеде 1940 жылы)

Ахат Имантайұлы Жақсыбаев (5 шілдеде 1940 жылы туған, Павлодар қаласы) — жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.
Өмірбаяны
1940 жылы 5 шілдеде Павлодар қаласында туған.
Орта мектепті бітірген соң 1958 — 1960 жылдары Екібастұз қаласында дренажды шахтада жұмыс істеді.
1965 жылы Қазақ мемлекеттік университетін филология факультетінің журналистика бөлімін бітірді.
1965 — 1967 жылдары “Лениншіл жас” (қазіргі “Жас алаш”) газетінің әдеби қызметкері, бөлім меңгерушісі,
1972 — 1992 жылдары “Жұлдыз” журналының жауапты хатшысы,
1993 — 1997 жылдары “Қазақ әдебиеті” газетінің бас редакторы,
1998 — 2000 жылдары “Ақиқат” журналының бас редакторы қызметтерін атқарған.
2001 жылдан “Жас өркен” балалар басылымдары акционерлік қоғамының президенті.
2005 жылдың шілде айында «Жас өркен» ашық акционерлік қоғамы «Жас өркен» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі болып қайта қүрылуына байланысты «Жас өркен» ЖШС-нің бас директоры болып тағайындалды.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық