Экономика | Аудит стандарттары

АП жəне тіркелген кəсіби «Аудиторлар алқасы» аудиторлық ұйымынан басқа, Қазақстанда бухгалтерлер мен аудиторларға арналған басқа кəсіптік бірлестіктер бар, олар: Кəсіпқой бухгалтерлер мен аудиторлар палатасы (ППБА), Қазақстан бухгалтерлер мен аудиторлар одағы. АП Халықаралық бухгалтерлер федерациясының (МФБ) толық мүшесі болып табылғанымен, ол əзірше МФБ мүшелерінің міндеттері туралы қағидаларды (ПОЧ) түгел орындай бермейді. АП да, ППБА да Еуразиялық сертификатталған бухгалтерлер мен аудиторлар кеңесінің мүшелері болып табылады.
Аудит стандарттарын қабылдаумен қатар, АП өз мүшелерінің кəсіби білімі үшін жауап береді. АП 1998 жылғы МФБ Этика кодексінің негізінде өзінің Этика кодексін əзірледі. Алайда АП Кодексінде анағұрлым, əсіре тəуелсіз аудиторға қатысты тұрғыдан қатаңға айналған МФБ қолданыстағы талаптарының барлығы ескерілмеген. Сонымен қатар, РОСК дайындаған топ қолда бар Кодекс сақталмаған бірнеше жағдайды атады.
АП мүшесіне айналу үшін, дербес аудитор САР/СIРА (Сертификатталған практикашы бухгалтер / Сертификатталған халықаралық кəсіби бухгалтер) куəландыру бағдарламасының негізінде емтихандар өткізетін АП Біліктілік комиссиясымен (КК) куəландырылуға тиіс. Алайда емтихандарды табысты тапсырғандардың үлесі кандидаттардың нашар дайындығына, оқу бойынша тиімсіз бағдарламаларға жəне жоғары емтихандық стандарттарға байланысты көп болмай отыр.
ППБА қатысушылары – негізінен сертификатталған практикашы бухгалтерлер (САР немесе сертификатталған бухгалтерлер) жəне небəрі бірнеше Сертификатталған халықаралық кəсіби бухгалтер (СIРА немесе сертификатталған аудиторлар). ППБА өз мүшелері үшін кəсіптік ережелер шығарды, бірақ РОСК дайындаған топ анықтағандай, Палатаның жеке мүшелері ондай ережелердің бар екені туралы əдетте біле бермейді.
Қазақстанда ППБА куəландырған бухгалтерлер ППБА да, АП да куəландыру рəсімін бір СAP/СIPA куəландыру бағдарламасының негізінде құрғанына қарамастан, аудитор болу үшін өздерінің (Сертификатталған практикашы бухгалтерлер / Сертификатталған халықаралық кəсіби бухгалтерлер) ретінде тəжірибелерін пайдалана алмайтынына байланысты, бухгалтерлер мен аудиторларды куəландыруда елеулі проблема орын алып отыр. Бұл ППБА куəландырған бухгалтер кез келген басқа бухгалтердің біліктілігі немесе бухгалтерлік жұмыс тəжірибесі жоқ адам секілді барлық КК емтихандарын тапсыруға тиіс болады деген сөз....
Рефераттар
Толық

Экономика | Аудит стандарттары

Курстық жұмыстың өзектілігі: Экономиканың дамуының барлық даму сатыларындағы негізгі тізбек өнеркәсіп болып табылады. Өйткені өнеркәсіпте жұмыскердің өндіріс құралдары мен тікелей байланысы анық көрінеді. Жеке өнеркәсіптік кәсіпорын дегеніміз өндірістік- техникалық бірлігі бар, ұйымдастыру -әкімшілік және шаруашылық тұрғыда тәуелсіз өндірістік бірлік болып табылады.
2006 жылғы 1 наурыздағы ҚР Президентінің халыққа Жолдауында Қазақстанның алдағы уақытта әлемдегі 50 бәсекелеселдің қатарына кіру туралы міндеті қойылғаны белгілі. Бұл міндет Қазақстан экономикасы дамуының сапалы да жаңа кезеңін ашқалы отыр.Ол дегеніміз өтпелі кезең жағдайындағы модернизациялауды аяқтап, енді бәсекелестік қабілеті бар елді жасауға ұмтылуды білдіреді.
Ал, ұлттық экономиканың бәсекелестігі бұл экономиканың, соның ішінде, өнеркәсіптік өндірістің озық технологиялар мен жаңалықтарды игеруі арқылы, ішкі және әлемдік нарыққа сапалы да, бәсекелес өнімдер шығарып, оларды өткізуде бәсеклестік артықшылықтарды пайдалану, сондай-ақ, өндірісті заман талабына сай жаңғырта білу қабілетін сипаттайды.
Экономиканың негізгі қозғалысы инновацияларға тәуелді және инновациялар арқылы сол елдің қандай бір ресурстар мен факторларға деген кемтігінің орнын толтырады. Көптеген салалар инновацияларды пайдаланып қоймай, оларды үнемі жасайды және орналастырады. Елдердегі экономиканың жетекші салалары негізінен өндірістің базалық факторлары мен ресурстары есебінен артықшылықтарға қол жеткізеді. Олардың сыртқы нарықтарға шығуына бірлескен негізде құрылған шетелдік кәсіпорындар ықпал етеді. Мұндай сатыдағы экономика әлемдік нарықтағы болатын өзгерістерге өте сезімтал келеді. ....
Курстық жұмыстар
Толық