Атамның рухына арнаймын

Ақ сиса, қызыл сиса, сиса, сиса,
Жарасар қамзол сұлу, белін қиса.
Шорманның Мұстапасы атымды алып,
Атандым сол себептен Жаяу Мұса.
Адамдар үшін кейде бір әннің өзі өмірінің мәні, естеліктер қоймасының кілті сияқты болатыны бар. Біздің әулетіміз үшін ол - «Ақ сиса» әні. «Ақ сисаны» менің атам жақсы көруші еді, қоңыр дауысқа салып айтып та жүретін еді. Менің атам Оспанов Тұрсын – Ұлы Отан соғысының ардагері, Баянауылдың құрметті азаматы. Тұрсын атам 1922 жылы Баянауыл ауданындағы Қарақуыс деген жерде, қазіргі Қарабұлақта дүниеге келген. Атама дейінгі аға-қарындастары дүниеден қыршын кезінен оза берген, сондықтан ата-анасы ырымдап, атын «Тұрсын» деп атаған. Атамның өмірі жетімдік пен бейнетке толы болған: анасы Бибігүлден 1213 жасында айырылады, сол күннің кешіне қарай қарындасы қайтыс болады, ал бір-екі айдан соң әкесі Оспан дүниеден өтеді. Атам жетім қалады, ағасы Бөкеттің қолында өседі. 17-18 жасында 1842 жылы соғысқа аттанады, Орел - Курск Дугасында күреседі. Сосын жарақаттанып, Уфаға жіберіледі. Мылтық ұстауға қолы жарамай, мүгедек болып, өз ауылына қайтты. Атамды Бөкет ағасы қарсы алып, өз қолына алады, біраз бой жазып алған атам «счетовод», яғни есепші болып жұмыс атқарды. Заря колхозында, қазіргі Құндыкөлде 1943-1988 жылдар аралығында бас есепші болып жұмыс атқарды. Өз өмірінің соңғы күніне дейін адал жұмыс істеген атам 2013 жылдың 9 қыркүйегінде дүниеден өтті. Менің әкемнің іні-қарындастары атамнан соғыс жайлы сұрағанда, атам: «Соғыс деп айтпасын, жаман сөз деп айтсын» ,- деді......
Шығармалар
Толық