Асқар Татанайұлы (1906-1996)
Асқар Татанайұлы (1906, Шыңжаң өлк., Алтай айм., Бітеуірге а.—1996, Алтай қ.), ақын, ҚХР-дың халық жазушысы (1988). Өлеңді 30 ж. жаза бастайды. “Малбикенің өмірі”, “Ғылымсыз—ғұмыр тұл” дастан-толғауларымен шыңжаң-қазақ әдебиетіне жаңаша леп әкелді. “Талап”, “Қалың мал”, “Құлдықтан құтылғандар” пьесаларын жазып, өлкеде қазақ драматургиясының негізін қалады. Шығармаларының негізгі арқауы—халықты ояту, әлеум. әділетсіздікке қарсы күреске жұмылдыру. Қытайдағы “Мәдениет төңкерісінің” тауқыметін 20 жыл бойы Тарымда (жазалау аймағы) тартқан ақын түрмеде де қаламнан қол үзбей, “Тарихи дерек, келелі кеңес” трилогиясын, “Бір ғасыр” өлең-романын, хикаят түрінде “Қара сеңгір оқиғасын”жазады. “Керейдің билік заңын” әңгімелейді. “Арқалық батыр” қиссасын қайта жазып шығады.
Өзінің саналы ғұмырын қазақ жазба әдебиетінің дамуына арнаған Асқар Татанайұлы, Қытай Халық Республикасының Алтай аймағында дүниеге келген. Оннан астам дастан, жиырмаға жуық пьеса, мыңнан астам өлең, көптеген тарихи әңгімелер жазған қаламгер солақай саясаттың салдарынан он сегіз жылдай қуғынға ұшырап, көп қиындық көрген. ....

Өмірбаяндар (биография)