Информатика | Архивтік файлдар

Компьютерді қамтамасыз ету барысында әр түрлі себептерге байланысты қатты дискідегі бірқатар ақпараттар жоғалуы немесе жойылып кетуі мүмкін.
Ақпараттарды компьютерлік вирустардың жойып жіберуі, дұрыс түзетулер енгізбеу немесе кездейсоқ жағдайда файлдарды өшіріп және т.б. жағдайлар, қатты дисктың бұзылуына әкеп соғады. Осындай жағдайларды болдырмау үшін қолданып жүрген файлдардың көшірмесі немесе жүйелі түрде өзгертілген файлдың көшірмелерін жаңартып отыру керек. Ақпараттарды сақтау үшін олардың көшірмесін алу керек. Файлдар қанша орын алса, көшірмелерде сонша орын алады және де керекті файлдарды көшіріп алу үшін көп дискета керек болады. Мысалы: қатты дискідегі сыйымдылығы 1,2 Гбайт файлды көшіріп алу үшін әрқайсысының сыйымдылығы 1,44 Мбайттан тұратын 854 дискета керек. Мұндай саны көп дискетпен жұмыс істеу және көшірмелерді жасау өте қиын .
Файлдарды архивтеуге арналып жасалған программаларды көшірме жасау барысында пайдалану тиімді болады. Бұл программалар дискетадағы орынды үнемдеп, қатар қолданып отырған файлдарды бір архивтік файлға біріктіруге көмектеседі. Бұл архивтерді енгізуді едәуір оңайлатады.
Архиваторлар файл көлемін 10-70 пайызға дейін кішірейтуге мүмкіндік береді .
Архивтік программалар бір-бірінен қысылған файлдардың форматымен, жұмыс істеу жылдамдығымен, архивке орналастырғандағы файлды қысу деңгейі сияқты әртүрлі мүмкіндіктерімен айрықшаланады. ....
Курстық жұмыстар
Толық