Бір атадан туыпты жиырма тоғыз баласы, Бірлігінде бұлардың, ешкімнің жоқ таласы, Бірігіп жүріп іс қылар, өзің ойлап қарашы. Жиырма тоғыз әріп
Қаздар бар жиырма тоғыз бірге туған, Әлемнің былық басқан бетін жуған. Қор болмайды, өмірде кем болмайды, Туа салып анадан соны қуған. Жиырма тоғыз әріп
Жансызға жиырма тоғыз* болдым таныс, Тамаша бір жүйрікпен қылдым жарыс. Жансыз тұрып, жандының себебімен, Аяғын басады екен шәркем шалыс. Жиырма тоғыз әріп
Бесік жыры – ананың балаға деген үлкен махаббатының жырмен өрілген көрінісі. Баланы тербетіп отырып айтылатын осынау керемет жырдың тәрбиелік, тағылымдық мағынасы зор. Әдемі әуеннің астарында жас баланың дені сау, адал, өнерлі, еңбексүйгіш, еліне қорған болатын азамат болып ер жетсе екен деген ізгі тілек бар. Ананың жырмен жеткізген ізгі тілегін тыңдаған бала шебер болуға да, шешен болуға да ұмтылып өсері анық. Сондықтан да әрбір ана өз баласына әсерлі әуен, сырлы сөзбен айтылатын бесік жырын міндетті түрде айтуы абзал. Бесік жырыны көптеген түрлері бар. Біз сіздерге жырдың көпшілікке белгілі деген бірнеше нұсқасын ұсынбақпыз.