Ақ сиса, қызыл сиса, сиса, сиса, Жарасар қамзол сұлу, белін қиса. Шорманның Мұстапасы атымды алып, Атандым сол себептен Жаяу Мұса. Адамдар үшін кейде бір әннің өзі өмірінің мәні, естеліктер қоймасының кілті сияқты болатыны бар. Біздің әулетіміз үшін ол - «Ақ сиса» әні. «Ақ сисаны» менің атам жақсы көруші еді, қоңыр дауысқа салып айтып та жүретін еді. Менің атам Оспанов Тұрсын – Ұлы Отан соғысының ардагері, Баянауылдың құрметті азаматы. Тұрсын атам 1922 жылы Баянауыл ауданындағы Қарақуыс деген жерде, қазіргі Қарабұлақта дүниеге келген. Атама дейінгі аға-қарындастары дүниеден қыршын кезінен оза берген, сондықтан ата-анасы ырымдап, атын «Тұрсын» деп атаған. Атамның өмірі жетімдік пен бейнетке толы болған: анасы Бибігүлден 1213 жасында айырылады, сол күннің кешіне қарай қарындасы қайтыс болады, ал бір-екі айдан соң әкесі Оспан дүниеден өтеді. Атам жетім қалады, ағасы Бөкеттің қолында өседі. 17-18 жасында 1842 жылы соғысқа аттанады, Орел - Курск Дугасында күреседі. Сосын жарақаттанып, Уфаға жіберіледі. Мылтық ұстауға қолы жарамай, мүгедек болып, өз ауылына қайтты. Атамды Бөкет ағасы қарсы алып, өз қолына алады, біраз бой жазып алған атам «счетовод», яғни есепші болып жұмыс атқарды. Заря колхозында, қазіргі Құндыкөлде 1943-1988 жылдар аралығында бас есепші болып жұмыс атқарды. Өз өмірінің соңғы күніне дейін адал жұмыс істеген атам 2013 жылдың 9 қыркүйегінде дүниеден өтті. Менің әкемнің іні-қарындастары атамнан соғыс жайлы сұрағанда, атам: «Соғыс деп айтпасын, жаман сөз деп айтсын» ,- деді......
Білім беру саласы: «Қатынас», «Әлеуметтік орта». Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті:Тіл дамыту, көркем әдебиет. Тақырыбы: «Президент – ел тірегі». Мақсаты: Елбасымыздың туып - өскен жері, өмір жолы, қызмет еткен кезеңі туралы мағлұмат беру. Рәміздермен таныстыру, президентіміздің ұстанымымен, өмір жолын үлгі етіп, балаларды Отанын, халқын, жерін сүюге, батылдыққа, азаматтыққа, патриоттыққа тәрбиелеу.
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Тіл дамыту, Жапсыру. Білім беру саласы: «Қатынас» «Шығармашылық» Мақсаты: Балаларға еліміздің Президентін, рәміздерімізді таныстыру. Өз Отанын, туған жерін сүюге, қорғауға, сақтауға, құрметтеуге тәрбиелеу. Мәнерлеп тақпақ айтуға үйрету. Көрнекіліктер: Слайд, үлестірмелі материал, теледидар, суреттер. Методикалық әдісі: Түсіндіру, көрсету, ойын, сұрақ - жауап, мадақтау
Білім беру саласы: «Қатынас», «Әлеуметтік орта». Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті:Тіл дамыту, көркем әдебиет. Тақырыбы: «Президент – ел тірегі». Мақсаты: Елбасымыздың туып - өскен жері, өмір жолы, қызмет еткен кезеңі туралы мағлұмат беру. Рәміздермен таныстыру, президентіміздің ұстанымымен, өмір жолын үлгі етіп, балаларды Отанын, халқын, жерін сүюге, батылдыққа, азаматтыққа, патриоттыққа тәрбиелеу.
Бір нәрсе төрт бұрышты, доп-домалақ, Үстінде тыныш тұрақ, бір сабалақ. Өзінің бір ұшы жерде, бір ұшы көкте, Тоймайды бес жүз түйе баққан шөпке. Әркімдер көтерем деп ойласа да, Келмейді сірә тегі тіпті епке. Пеш, түтін
Сырты қап-қара, Іші қып-қызыл жара. Әлсін кіріп шығады, Бір жалаңбас бала. Пеш, от, кесеу
Бір алыпты мен көрдім, Көрінгенді қармаған. Болғанда екі қанат, отыз қолы, Қалады тап-тақыр боп жүрген жолы, Бар екен алақандай аралшығы, Адамзат пайдаланып жүр ғой оны. Шөп тырма