Арман Бердалин Тілектесұлы (10 желтоқсан 1983 жылы)

Арман Тілектесұлы Бердалин (10 желтоқсан 1983 жылы, Айсары ауылында туды) — айтыскер, ақын, жазушы, саясаттанушы. Ұлты — қазақ, діні — ислам.
Өмірбаяны
Арман Тілектесұлы Бердалин 10 желтоқсан 1983 жылы, қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы, Ақжар ауданы, Айсары ауылында туды. Біржан сал атындағы өнер колледжін, Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің саясаттану факультетін бітірген (2004). Красный Яр кентіндегі Мәдениет үйінің директоры (2007). 1992 жылы өткен «Әнші балапан» конкурсының жеңімпазы. Абайдың 150-жылдығына (1995), Қарасай батырдың 400 жылдығына (1998), Сұлтанмахмұт Торайғыровтың 110-жылдығына (2003), Мағжан Жұмабаевтың 110-жылдығына (2003, 2-ші орын), Сейтен Сауытбаевтың 95-жылдығына (Гран-при), Көкен Шәкеевтің 80 жылдығына (Гран-при, 2004), Шығанақ Берсиевтың 125-жылдығына (Гран-при, 2006), Қостанай облысының 70-жылдығына (Гран-при, 2006), Қарағанды облысының 70-жылдығына (2007), Ақмола облысының 70-жылдығына (2009) арналып өткізілген көптеген өңірлік, республикалық айтыстардың жеңімпазы. Махамбет Өтемісұлының 200 жылдығына арналған «Жас толқын» фестивалінде 1-орын алды. Ресейдегі Қазақстан жылына (Мәскеу, 2004) арналып өткізілген халықаралық ақындар айтысына қатысқан.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық