Ғабиден Қожахмет | Апасының тәлімі

Түскі шайын ішіп болысымен, апасы кейде бұған: "Маған "Қыз Жібекті" қойып берші", - дейтіні бар. Бұл далаға ойнап кеткісі келіп тұр еді, енді апасы айтқасын, қойып беруі керек.

Радио үлкен бөлмеде тұрады. Апасы сол бөлмеге өтіп, қасына сүйеніп отыратын жастығын алып, жырды тыңдауға дайындалып отырар еді. Бұл радионың кішкене түймесін басады. Түймені басқанда, радионың бетінде аппақ самаладай жарық сәуле жарқырайды. Егер осы түймені қайтара басса, самаладай сәуле сөніп, радионың жарты бетінде қызылды-жасылды жарық бірқалыпты жанып тұрар еді. Егер мынау жатқан күйтабақтардың арасынан эстрадалық бағыттағы күйтабақтардың бірін алып ойнатса, мына қызылды-жасылды жарықтар дауыс пен әуеннің ырғағына сай жанып-сөне бастар еді. Егер әншінің даусы тым биікке көтеріліп тұрып алса, жарықтардың ішіндегі ашық, көгілдір сәулелі жарық өзге жарықтардан ерекше бөлініп барынша шұғыла шашқан күйі тұрып қалар еді де, әншінің даусы төмен түскенде барып, көк шұғыла да іле-шала сөне қалар еді. Ал егер әншіні сүйемелдеуші музыканттың гитарасының даусы әуенді қайырмалап ойнап тұрып алған сәтте, жарықтардың арасынан ашық қызыл шұғыла сәуле ғана жарқыраған күйі бөліне жанып, сол күйі тұрып қалар еді де, әнші әнді жалғастырып кеткенде, қызыл шұғыла да іле-шала бәсеңси қалар еді. Қазір апасы "Қыз Жібекті" қойып беруді сұрап отыр. Дәстүрлі бағыттағы әндерді қойғанда, қызылды-жасылды жарықтар эстрадалық әндерді қойғандағыдай аса құбылып ойнай бермейді. Тек жыршы даусын көтеріп "әу" деп қалған сәтте ғана, манағы көгілдір сәулелі жарық бір мәрте жарқ ете түсіп, іле-шала тез сөнеді. Дәстүрлі әндерді ойнатқанда, ең бастысы, бұл жарықтарды сөндіріп қойған дұрыс. Өйткені дәстүрлі бағыттағы әндердің басты қасиеті әуеннің ойнақылығында емес, сөз, сөздің құдіреті, сөздің қасиетінде жатар еді.
.....
Әңгімелер
Толық

Ғабиден Қожахмет | Бомбапана


Үлкен ағасы бірде байланыс бөлімшесіндегі жұмысына барып отырып, жұмыс арасында монтёр жігіттермен әңгімелесіп отырады. Негізінен, үлкен ағасы мектептен кейін көкесінің жанында жұмыс істеген. Көкесі кейде өз қызметтеріне байланысты ауданда өтетін жиналыстарына кетіп қалатыны бар, кейде өзге де шаруалары шығады, осындайда жұмыстың барлығын үлкен ағасына сеніп тапсырады. Ауылдық жерде әр рудың өзінің ел ағалары болады. Ағайынның қызық-қуанышы, "біреудің кісісі өлсе, қаралы ол" дегендей, қазалы жерде де осы ел ағалары тізгін ұстайды, пәтуалы сөз, елдік мүдде айтылуға тиісті. Көкесі де - өздерінің Баймырза руының басы-қасында ағалық жасап жүрген адам. Бұл жерде Шәріп, Қолғанат есімдері қатар аталады. Бір кезде ағайынның ас-тойында ел ағалық жасаған осы кісілердің есімдері әлі де жаңғырығып айтылып отырады. Көкесі осындай істердің басы-қасында жүргенде де байланыс бөлімшесінің жұмысын үлкен ағасына сеніп, тапсырып кетеді.
.....
Әңгімелер
Толық

Рухани санамыздың сапасы


Адам өмірді қалай қабылдаса,солай өмір сүреді. Адамның өмір сүру деңгейіне қарап, ойлау деңгейін білуге болады. Мына әлемде қанша адам өмір сүрсе, сонша көзқарас, сонша пікір бар. Және әркім өз ойымен өмір сүреді.
"Қате пікір болмайды. Тек біздің пікірлерімізбен сәйкес келмейтін пікірлер бар" дегендей біз ешкімнің пікірін қате деп жоққа шығара алмаймыз. Және барлық пікірді де дұрыс деп айтуға болмайды. Қате пікірлер жоқ бірақ орынсыз пікірлер бар. Себебі дүниеде миллиардтаған адам болса соның бәрі бірдей данышпан емес қой. Бірақ бәрініңде санасы бар. Иә мінсіз адам болмайды. Кемшіліксіз болмасақ та,сол бойымыздағы кем нәрсені толықтырып, дүниеге адам болып келгенен соң адам болып кетуге тырысу керекпіз! Осы деңгейде болатындай ойлау дәрежеміз болу керек.
Алла бізге өзге тіршілік иелерінен артықшылық етіп сана мен сезімді берді. Бірақ соңғы кездері санамыздың сапасы төмендеп бара жатқандай. Тым таяз ойланамыз! Қоғамдағы қатыгездік пен қателіктер міне осы сапасыз сананың көрінісі. Рухани сананың рухының төмендігі!
Негізгі айтар ойым:
Алла берген сананы биігіне шығара алмасақ хайуаннан айырмашылығымыздың жоқ болғаны. Ешкім өзін хайуанмен теңестіргенін қаламайды ғой. Ендеше рухани санамыздың сапасы адам деген атқа лайық болғаны жөн. .....
Әңгімелер
Толық

Әбдіжапар Арман | Ұлттың тілі

Тіл - сарқылмас қазына. Ұлт Көшбасшысы айтқандай, әр азамат өзінің ұлттық тілін, ұлттық құндылықтарын білуі тиіс. Тіл біздің болмысымыз, оның қатысуынсыз ештеңе болмайды. Жалпы қазақ халқы өзінің шешендігімен және даналығымен ерекшеленеді. Мақал-мәтелдердің мағынасына үңіліп карасаң үлкен даналықты байқайсың.

Тіл – ұлттың жаны. Ал ұлттың болашағы – оның ана тілі. Тіл халықпен бірге өмір сүріп дамиды. Әр ұлттың басты тірегі. Елбасы Н.Ә. Назарбаев халықтың болашағы туралы тереңнен жалғай отырып, «мемлекеттің ең басты дүниесі тек қана байлық емес, сонымен қатар ана тіліміздің болашағы» деген болатын. «Ана тілін үйрену – ұлы іс, әркім өз ана тілінде сөйлеу керек. Ең жақсы тіл – ана тілі» - дейді Сәбит Мұқанов. Ана тілін жетік білу, таза сөйлеу мәдениеттіліктің белгісі. Тіл бар жерде – ел бар.

Елбасы «Қазақстан – 2050» Стратегиясында»: «Ұлттық мүддеге қызмет ету үшін әркім өзгені емес, алдымен өзін қамшылауы тиіс. Тағы да қайталап айтамын: Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін. Сонда ғана қазақ тілі барша қазақстандықтардың жаппай қолданыс тіліне айналады. Тілге деген көзқарас, шындап келгенде, елге деген көзқарас екені даусыз. Сондықтан оған бей-жай қарамайық. Қазақ тілі жаппай қолданыс тіліне айналып, шын мәніндегі мемлекеттік тіл мәртебесіне көтерілгенде, біз елімізді «Қазақ мемлекеті» деп айтатын боламыз»-деп атап өткен болатын. Міне, бүгінде мемлекеттік тілдің мәртебесі биіктей түсті. Елбасының БҰҰ мінберінде қазақша сөйлеуін ана тіліміздің халықаралық мінберге көтерілуі деп бағалаймыз. Бұл біздің көптен күткен мерейлі сәтіміз.

.....
Әңгімелер
Толық

Бердібек Соқпақбаев | Сол бір сапар

Жаз. Біріншіні бітіріп, демалысқа шыққанбыз. Ауданнан жарлық кепті: колхозаралық пионер лагері ашылады. Соған сабақты жақсы оқитын үш бала жібересіңдер. Әрқайсысы өзімен бірге бір пұт үн, бір серке (немесе қой) ала келуі керек. Бұл оның бір aй бойына ішіп-жейтін азығы болады дейді.

Аудан айтты — ауыл үшін заң. Колхоз басшылары мен бізді оқытатын мұғаліміміз абыр-сабыр қам істей бастайды. Қазіргідей емес, артельдің сіңіріне сүрінген кезі. Лагерьге баратын үш бала оңай табылғанмен үш пұт үн, үш серке оңай табыла қоймайды.

Осы барсын, осы барсын деп, арқадан басып таңдаған үш оқушының біреуі мен екем. Қалғаны Ахмет, Садық деген балалар. Жастарымыз шамалас.

Қазіргідей дыр еткізіп жөнелетін машина ол кезде жоқ. Колхозда ат арбаның өзі жетіспейді. Дегенмен колхоз бізді лагерьге жеткізіп салуға бір арбасын береді. Арба айдаушы Базарбай дейтін мінезі күйгелектеу, өзіміздің жамағайын.

Сонымен, аудан айтқан жағдайларды түгел жасап алып, лагерь қайдасың деп жолға шықтық.

Лагерьге бала жіберу ол кезде ел салтына енбеген. Лагерь ол не зат? Онда барған балалар не істейді? Бұны біз түгілі, ата - аналарымыз да жөнді білмейді. Әйтеуір сабақты жақсы оқитын балалар барады деген сөзге қарап, жаман болмаса керек деп топшылайды.

Лагерьдің қандай болатынын кезбен көріп білгенше, біз асығудамыз.

Лагерьдің ашылған жері Құмтекей деп аталатын жазық дала. Бұл арадан елу шақырым шамасы. Арбаға жегілген арық ат бір күнде алып бара алмайды. Ара қонып, ертең жетеміз деген жоспармен шығып келеміз. .....
Әңгімелер
Толық

Рахмет Өтесінов | Аяқталмаған сапар

Жаңа өзен қаласынан таңғы салқынмен шыққанбыз. Күн күйдіріп, сары аңыз тартқан бұйрығыңды, жусанды қу даланы тіліп өтіп, алысқа тартқан тақтайдай тегіс асфальт үстінде «Волга» машинасымен зулап келеміз. Қасымда Өзен, мұнай кәсіпшілік басқармасының бас инженері Стремский мен №1 кәсіпшіліктің аға геологы Проденко бар. Бағытымыз Шевченко қаласы, мақсатымыз күн қызбай тұрып, Шевченкоға жетіп, Министрлік Бас басқармасы басшыларының қатысуымен сағат 10-да басталатын үлкен техникалық жиналысқа қатысып, кешкі салқынмен кейін оралу. Көңіліміз көтеріңкі. Әншейінде көп сөйлемейтін Проценко да сөзге жиі араласып келеді. Денеңді шыжытқан ыссыдан, көз аштырмай, дем алдырмай дамылсыз соғып тұратын аңызақтан ығыр болған адамдарға мынау аз уақыт таңғы салқын самал мен теп-тегіс асфальт жол кең тыныс бергендей, еріксіз көңілді шалқытады.

— Шіркін біздің Маңғыстаудың, осы түнгі, таңғы салқыны ай! — деп рахаттанады Проценко.

— Иә күндіз қанша қиын болғанымен кешкі самалдан ертеңгі сәскеге дейін тамаша-ақ! — деп қостайды Стремский – Оңай олжа емес, біздің Маңғыстау... .....
Әңгімелер
Толық

Бердібек Соқпақбаев | Балапан торғай

Қолында аша ағашы бар сұр кепкалы бала жақындай түссе де, балапан торғай бейқам отыра берді. Тек аяғының дәл астындағы шарбақ ағаш сақ ете түскенде, ол селт етіп, шошып қалды. Жантас екінші рет атып үлгіргенше, балапан торғай жөндалбаса ұша жөнелді.

Балапан торғай алыс шырқап ұша алмайтын еді. Кешенің ар жақ бетіндегі бір шоқ талға талып, әрең жетіп қонды. Жүрен кеудесіне сыймай дүрс-дүрс соқты.

Әккі Жантас ентелеп тағы жетті. Рогаткасын жүгіріп келе жатқан бойда оқтап алды да, қалт тұра қалып және атты. Тас бұл жолы зу етіп, балапанның төбесін жалап кетті. Ол көзін жыпылық еткізіп, бұға қалды.

Балапан торғай ұша жөнелді...

Жантас балапан торғайдың қыр соңынан қалмады, ауылды шыр айналдырып қуа берді. Өкпесі өшіп, әлсіреген балапанда көтеріліп ұшуға енді хал де қалмады.

Үрейі ұшқан балапан жүнін үрпитіп, дуалға жабыса түсті. Әлсіз аяқтары сырғанақтап, сүріне құлап «Аяшы!» Атпашы!» деп жалынғандай шыр-шыр етті. Бірақ без бүйрек Жантас оған құлақ аспады. Қол созым жерде тұрып атқылай бастады.

Кенет Жантастың арт жағынан:

— Әй, о немене? — деген дауыс саңқ ете қалды. Жалт қараса, Қожа жүгіріп келеді екен. Жантас балапанды тездетіп тағы бір атып жіберді. Егер осы атқаны да тимесе, онда бас салып, Қожадан бұрын оны ұстап алмақ......
Әңгімелер
Толық