Антон Чехов | Балақайлар


Балалардың папасы мен мамасы, Надя апайлары үйде жоқ. Олар ана бір жатаған қоңыр ат жегіп жүретін қарт офицердің үйіне бала шоқындыру тойына кеткен. Солардың келуін күтіп, Гриша, Аня, Алеша, Соня және аспазшы әйелдің ұлы Андрей бәрі асханадағы тамақ ішетін үстелде лото ойнап отыр. Дұрысын айтқанда, олардың ұйықтайтын кезі болған, бірақ мамаларынан шоқындырған баланың қандай екенін, қонақасыға не бергенін білмей жатса, ұйқылары келер ме, сірә? Аспалы шамның жарығы түскен үстелдің үсті жыпырлаған көп таңбалы сандар, айнала жаңғақтың қабығы, неше түрлі қағаз қиқымдары, шыны сынықтары жайрап жатыр. Әрбір ойыншының алдында екі-екіден карта және таңбалы сандарды жабатын уыс-уыс шыны жарықшақтары. Үстелдің орта тұсында бір тиындық бес бақыр салынған табақша ағараңдайды. Оның қасында шала желінген алманың қалдығы, қайшы және жаңғақтың қабығын салуға қойған тағы бір табақша тұр. Балалар ақшаға ойнап отыр. Тігіс - бір тиыннан. Ойынның шарты: егер кімде-кім қарау ойнаса, дереу ойыннан шығарылады. Асханада ойыншылардан бөтен адам жоқ. Күтуші әйел Агафья Ивановна төменде - ас үйде, аспазшыға киім пішуді үйретіп отыр да, балалардың ағасы, бесінші кластың оқушысы Вася қонақ үйде диван үстінде зерігіп жатыр. .....
Әңгімелер
Толық

Антон Чехов | Святкиде

— Не деп жазайын? - деді де Егор қаламын сияға малды.

Василиса қызын көрмегеніне төрт жыл болған. Ефимья дейтін қызы ерте тұрмыс құрған соң күйеуімен бірге Петербургке кеткен еді, барғаннан кейін екі-ақ рет хат жазды да, сонан соң тап бір су түбіне батқандай із-түзсіз, зым-зия боп жоғалды да кетті. Кемпір сорлы таңертең ерте тұрып сиыр сауып жүрсе де, пешке от жақса да, түнде ұйқылы-ояу жатса да. Ефимьям не болды екен, аман-есен жүр ме екен деп қызын ғана ойлайтын. Хат жазып хабарын білу керек еді, бірақ шалым хат танымайды, басқа жазып бере қоятын адамы да жоқ.

Сөйтіп жүргенде святки келіп қалды да, Василиса шыдай алмай трактир2 иесінің інісі Егорға барды. Ол өзі бір әскери қызметтен қайтып оралғаннан кейін түк бітірмей үйде, трактирде қарап отырған адам еді. Ақысын жақсылап төлесе хатты сол оңды жазады деседі жұрт Василиса ең әуелі трактирдегі аспазшы әйелмен сөйлесті де, сонан соң иесімен, сонан соң Егордың өзімен сөйлесті Сөйтіп он бес тиынға келісті. Міне, енді бұл оқиға мейрамның келесі күні, трактирдегі асхананың ішінде болып отырған оқиға еді. Егор қолына қаламын ұстап, үстел басында отыр. Василиса терең бір ойға шомып, шаруашылықтың қамы деп жабыққан адамдай боп Егордың алдында тұр. Өзімен бірге шалы Петр де ере келіпті. Шалы маңдайының қасқасы күреңітіп тұратын өте жүдеу, ұзын бойлы бір ашаң адам екен; Ол тап бір соқыр адамша қыбыр етпестен мелшиіп алдына тура қарап тұр. Плита үстіндегі кәстрөлде шошқа еті қуырылып жатыр. Ет быж-быж етіп, тіпті, "флю-флю-флю" дегендей боп та қояды. Кухня іші қапас.

— Не жазайын? — деді тағы да Егор.

— Немене бастырмалатып кеткенің! — деді Василиса Егорға ашулы пішінмен күдіктене қарап. Бастырмалатпа! Текке жазып отырған жоқсың ғой .....
Әңгімелер
Толық

Антон Чехов | Қорғансыз жан


Түнде құяңы қатты ұстап, тұла бойы көтертпей тұрса да, Кистунов таңертең қызметіне барып, арызшылар мен банк клиенттерін қабылдай бастады. Оның реңінде қажыған, қиналған кісінің сыңайы бар еді, демін зорға алып, әрең-әрең сөйлеп отырды.

Көне салоп киген, сырт бейнесі сасық қоңызға ұқсас бір арызшы әйелге:

— Не керек еді сізге? - деді. Арызшы әйел судырай жөнелді:

— Мәртебелі мырза, назар аударсаңыз екен, менің күйеуім коллеждік асессор Шукин, бес ай бойы ауырып, сөйтіп, айып ете көрмеңіз, емделіп үйде жатқанында оны себепсізден -себепсіз отставкаға шығарыпты, мәртебелі мырза, ал оның айлығын алғалы барсам, олар, назар аударсаңыз екен, оның айлығынан жиырма төрт сом отыз алты тиын ұстап қалды! "Не үшін?" деймін. "Ол жолдастық кассадан ақша алған, оған басқа чиновниктер кепіл болған", дейді. Қалай болғаны бұл? Ол менің ризалығымсыз ақша ала алатын ба еді? Бұл болмайтын іс, мәртебелі мырза. Мұның өзі неліктен? Өзім бейшара жанмын, пәтер жалдап қана жан сақтаймын... Әлсіз, қорғансызбын... Жұрттың бәрі ренжітеді мені, ешкімнен жақсы сөз естімеймін... — деді......
Әңгімелер
Толық

Антон Чехов | Сүргінде

Заманында Толковый деп атанған Семен қарт пен атын ешкім де білмейтін жас татар жігіті жағада, оттың басында отыр, қалған үш қайықшы үй ішінде. Жасы алпыстарға келген, арық, тістері түскен, жауырынды, сырт қарағанда әлі де мығым Семен қарт мас ол үйге барып жатып ұйықтайтын еді, бірақ қалтасында жарты штофы бар, соны үйдегі жігіттер сұрап ішіп қоя ма деп қауіптенгендіктен ғана бармай отыр. Татар ауру. Қиналып, шоқпытына оранып, Симбир губерниясы жақсы екенін сонда, үйінде, сұлу, ақылды келіншегі қалғанын айтып отыр. Жасы жиырма бестен аспаған, бірақ қазір оның бозғылт, мұңды жүзі оттың жарығында жас баланың әлпеті сияқтанып көрінеді.

— Әрине, бұл жақ пейіш емес, - деп отыр Толковый. - Өзің де көріп жүрсің ғой өзен жағалауы жап-жалаңаш, төңірегінің бәрі саз балшық, басқа түк те жоқ...

Жарықтық пасха мейрамы өткелі қашан, сең әлі жүріп жатыр, мана ертеңгісін қар да жауды.

— Хал мүшкіл! Хал мүшкіл! - деп татар төңірекке үрейлене қарап қойды.

Бұлардан он қадамдай жерде ызғарлы өзен қарауытып ағып жатыр, суы гүрілдеп, жырмаланған жардың балшығына шолпылдай соғып, әлдеқайда алыстағы теңізге қарай асыға ағып барады. Тап жағада үлкен баржа қарауытып көрінеді, оны қайықшылар "қарбас" дейді. Арғы бетте, алыста, біресе өшіп, біресе шалқып, айдаһардай ирелеңдеген оттар көрінеді, олар - қау шөпке салынған өрт. Сол айдаһар оттардың арғы жағы тағы да меңіреу қараңғылық. Ұсақ сеңдердің баржаға дүңкілдеп соғылғаны естіліп қалады. Ауа дымқыл, суық... .....
Әңгімелер
Толық

Антон Чехов | Мұғалім

"Ағайынды Куликиндер мануфактурасының" қаражатымен ашылған фабрика мектебінің мұғалімі Федор Лукич Сысоев мерекелі түстікке әзірленіп жатты. Жыл сайын емтиханнан кейін фабрика дирекциясы түстік беретін де, онда емтиханға қатысқан халық училищелерінің инспекторлары мен фабрика басшылары болатын. Бұл түстіктер ресми болғанымен, әрдайым дәмді, көңілді өтіп, ұзаққа созылатын, мұғалімдердің өздері дәрежесі үлкендерді сыйлауды да ұмытып, ішіп-жеудегі бұлжымас дәстүрлерінен жаңылмай тойып алатын да, кейіннен тамақтары қарлыққанша даурыға сөйлесіп, көшеге шығып фабрика поселкесін басына көтере әндететін, содан соң шөп-шөп сүйісіп, үйлеріне тарайтын. Сысоев фабрика мектебінде қызмет еткен жылдарында мұндай түстіктердің он үшін басынан кешірген еді.

Енді ол он төртінші түстікке баруға әзірленгенде, мейрамдағыдай жасанып, үсті-басын түзей түсті. Жаңа қара костюмін кішкене тазартқыш щеткамен бір сағаттай тазартты, сәнді жаңа көйлегін кигенде де айнаның алдында ұзақ тұрды, көйлегінің баулығына ілмектер тығыз келіп, оңайлықпен өте қоймады, сондықтан әйеліне ызалана сықылықтап, екі қолын уқалап, қысқасы, еркелеген ит сияқты бұлаңдап жүрді.

Сысоевты көріп: .....
Әңгімелер
Толық

Константин Паустовский | Телегей тасқын


Тенгин жаяу әскер полкінің поручигі Лермонтов Кавказға, Грозный қамалына жер ауып келе жатты.

Биылғы көктем кәдуілгі орыс көктеміне ұқсамайды. Ағаштар кенжелеп барып бүршік жарды, иесіз кұлазып қалған уезд бау-бақтарында мойыл кешігіп барып шешек атты. Өзендер де кемерінен асып, көпке дейін сабасына түсе алмады.

Өзендер тасқыны Лермонтовтың жолын бөгеді. Паромдарды сарғая күткен кездері де аз болмады, кейде паром бұзылып, жел құтыра соғып, тасқын суды сапырған шақта, шалғай түкпірдегі қалалардың бірінде аз-кем аялдап қалып та жүрді.

Лермонтов жол-жөнекей кездескен жұрттың жойқын су тасқынын, жолдың берекесіздігін айтып шағынғанын салғырт тыңдайды. Ол кешеуілдеп қалғанына разы. Етегі далақтап қайда шапқылайды сонда? Ысқырған чешен оғының астына ма?

Соңғы жылдары ол тұңғыш рет өлім жайын дегбірсіздене есіне алады. Өмірдің мән-мағынасы өлімде деп ұғатын ұшқалақ балалық шақ сағымдай сейіліп жоқ болды. Тап қазіргідей ол ешқашан өмірге құштар болып көрмеген.

"Жайнаған жастық отым сөнер шақта, сыйлар ма жаз күлк .....
Әңгімелер
Толық

Константин Паустовский | Назды қоңыр даусым жетсін өзіңе


Ол бір Полонскийдің, Майков пен Апухтиннің өлеңдері, Пушкиннің қарапайым әуезді жырлары көбірек айтылатын шақ еді, осы романстың сөзін шығарған Пушкин екенін Левитан тіпті білмеуші еді.

Ол күнде кешқұрым дуал сыртынан әйел әнін тыңдайды, сөйтіп "махаббат зары" жайлы тағы бір романс жадында сақталып қалады.

Ол қайғылы әнді шырқай салған әйелді көргісі келеді. Қыздармен бірге крокет ойнап, айғай сап, ағаш допты соққанда сонау темір жол жиегінен бір-ақ шығаратын гимназисттерді көргісі келеді. Ол балконда отырып, таза стақаннан шай ішкісі келеді. қасықпен лимон езіп, сол қасықтан сағыздай созылып сары өрік шырынының аққанына бей-жай қарап отырғысы келеді. Ол ойына не келсе, соны істеуге, жадырап күлуге құштар, жасырынбақ ойнап, түн жарымға дейін өлең айтуға құштар, аяғын аршындап басып, цензура тыйым салған "Төрт күп" деген әңгімені жазған жазушы Гаршин туралы гимназистердің әсерлі сөзін естуге құштар. Ол он салған әйелдің көзіне байыптап қарағысы келеді - ән шырқаған адамның көзі жұмулы тұрса да, бір мұңлы сезімге толы болады ғой.

.....
Әңгімелер
Толық

Дидар Амантай | Көзіңнен айналдым


Топ – топ. Қаз-қаз басқан екі аяқ – тас жолмен ілгері жүріп бара жатып – қалт тоқтады. Әдетте шалқасынан ашық үлкен жарма қақпа бүгін тиегінен байланып жабық тұр. Ол кідіріп, дағдарып қалды. Топ, екінші аяғын көтерді, топ. Сосын, қапылыс топылдап қайта жүріп бара жатты. Бәтеңкенің жерге тиген дыбысы құмығып шығады. Топ. Жөпелдемеде топатайды қағып, сүрініп кетті, алдына тізерлей құлады. Әдемі топы ақырын сырғып, басынан сыпырылып түсті.

Жерден созалаңдап тұрып, еңселі дуалға түсінбей көз салды. Қарсы алды тегіс бояма, әсем сырланған биік тақтайлар. Белдік темір бекітіп тастаған – зілдей, тастай берік дарбаза. Тыстан әредік жайдарман топырлап өтіп бара жатқан топ-топ балалардың ертеңгі ауа райын топшылаған майда, жарқын дауыстары естіледі. Көне топографияны, қадім заманды әңгіме қылады. Ертедегі уақыт, өткен дәуірде – жаһанда тынымсыз күн күркіреп, найзағай жарқылдайды. Дауылдап, борап жауған бұршақ толастамайды, ғаламды жаңғырыққан күшті дабыс көміп кетеді, тұс-тұстан әлемдік тасқын құйылып, топан су кең байтақ жазық өңір қыр далаға аңдыздап қаптап, дүниежүзін сел басқан деседі. Жайма-шуақ күлкі, шат үндер бірсін-бірсін алыстап, жойылып барады. Ол іркіліп, айналасына зер аударып, абайлап төңірегін шолды.

Қымбат тастармен кестелеп шимайлаған топы Close-Up мөлшерінде ірілене көрінді. Red One жүзін сипай жылжып киіміне тоқтады да, ескі бәтеңкесіне ауысты, сосын шұғыл тайқып, шегініп кетті. Кадрда дала келбеті ашылды, мөлдіреп жалпы кескін шықты. Әлсіз үн, көмескі сыбдыр, күңгірт дыбыс тегіс жаңғырып анық жазылады.

.....
Әңгімелер
Толық

Биология | Балантидиаз

Балантидиаз (balantіdіosis) — балантидиаз [Balantіdіum colі, грек. balantіdіum – қап], адам және жануарлар ағзасында, қоздырғышы Balantіdіum colі ауыз-нәжіс механизмі арқылы берілетін, тоқ ішектің зақымдалуымен және дизентерияға ұқсас белгілері бар, ұзақ және созылмалы түрде өтуімен сипатталатын зооноздық антропургиялық қарапайымдылар тудыратын инвазиялық ауру. Қоздырғышы инфузориялар класына жатады. Бірінші рет іші өтетін аурудан паразитті бөлген швед дәрігері P.Malmsten (1857). .....
Рефераттар
Толық

Биология | Қант диабеті

Қант диабеті



Диабет (лат. diabetes mellitus) — бұл қанда қант мөлшерінің көбейіп кетуінен пайда болатын дерт. Бұл аурумен жас та, кемел жастағылар да, кәрі де ауырады. Әсіресе жасөспірім кездегі диабет ауруы өте қиын, мұндай жаста диабетпен ауырғандарға арнаулы дәрі (инсулин) қолдану ұсынылады. Әйтсе де бұл ауру 40-тан асқан, тамақты шектен тыс ішіп, толыса бастаған адамдарға тән болып келеді. Қант диабеті - көмірсутек, май, ақуыздың зат алмасуының созылмалы бұзылуы, яғни қанға көп мөлшерде қант түйіршегінің бөлінуі болып табылады. Диабет инсулиннің асқазан асты безінен жеткілікті мөлшерде бөлінбеуі салдарынан басталады. Инсулинсіз ағза қант түйіршегін өңдей алмайды. Соның салдарынан қанның құрамында қант мөлшері артады. .....
Рефераттар
Толық