Антон Чехов Чиновниктің ажалы
Кереметтей көңілді кеште білдей мекеменің шаруашылық жағын күйттейтін кереметтей бір қызметкері Иван Дмитриевич Червяков екінші қатардағы креслолардың бірінде "Корневиль қоңырауларын" дүрбімен қарап отыр еді. Көргенінің көңілінен шыққаны сонша, төбесі көкке сәл жетпей тұрғандай болған. Бірақ кенет... Әңгіме біткеннің осы бір "бірақ кенеттен" аяқ алып жүргізбейтін әдеті ғой. Әйтсе де, өмірдің өзі кездейсоқтыққа толы болса, автор байғұстардың жазығы қанша. Кенет Червяковтың беті бүрісіп -тырысып, көзінен жас шығып, демі бітіп, дүрбіден көзін жұлып алып, еңкейе беріп "әтпішу" деп қалғаны. Онысы енді түшкіргені ғой. Кім - кімнің де қайда болмасын түшкіруге қақысы бар шығар. Мұжықтар да, полицмейстерлер де, оқта-текте тіпті құпия кеңесшілердің өздері де түшкіріп қап жатпай ма! Түшкіргенде не тұр, жұрттың бәрі түшкіреді. Червяков те қысылған жоқ, орамалын алып сүртініп, көргенді кісілеріне түшкірем деп емес, біреу-міреудің мазасын алған жоқ па екем деп жан-жағына көз тастап еді, зәресі зәр түбіне кеткені. Сөйтсе, тап алдындағы бірінші қатарда отырған кәрі кісі әлдене деп міңгірлеп биялайымен мойынын, маңдайының қасқасын сүртіп жатыр екен. Ол кісінің қатынас жолдары мекемесінде істейтін статс генерал Бризжалов екенін Червяков бірден таныды.
"Шамасы, түкірігім шашырап кетті-ау,- деп ойлады Червяков. Менің бастығым емес, бірақ бәрібір ыңғайсыз болды ғой. Кешірім сұраған жөн шығар".
Червяков жөткірініп, денесін ілгері ұмсынып, генералдың құлағына:
— Мәртебелі тақсыр, байқаусызда түкірігім шашырап кетті білем, кешірерсіз, — деп сыбырлады.
— Оқасы жоқ, ештеңе етпес........
Әңгімелер