Жаңа жыл туралы анекдоттар мен аяз ата туралы әзілдер

Бір кісі Жаңа Жыл қарсаңында ескі досына хабарласып жатыр:

- Досым, ол жақта қалай өмір сүріп жатырсыңдар?

- Не болды?

- Сұмдық суық емес пе?

- Қатты суық емес, - 20.

- Теледидардан «- 50» деп жатырғой?

- Аааа, ол сырттағы температурағой ...




- Жаным, Жаңа Жылға қандай сыйлық алғың келеді?

- Ой, білмеймін, тіпті ...

- Жақсы, онда саған ойлануға тағы бір жыл уақыт беремін.

Анекдоттар мен әзілдер
Толық

Карантинде халқына мыңдаған доллар берген елдер

Биылғы көктем әлем халықтарының есінде мәңгі сақталары сөзсіз. Коронавирус індеті жаппай тарап, жер планетасының тұрғындарын әбден абдыратты. Жұқпалы аурудан сақтану мақсатында екі ел арасындағы шекаралар жабылып, мемлекет тұрғындары карантинге үйлеріне қамалды. Адамдардың осыған дейін күнкөрісіне жарап тұрған жұмыстары тоқтады, кейбірі тіпті қысқаруға ілігіп, табыссыз қалды. Сондай елдің бірі Қазақстан. Біздің елде де көктемгі карантиннің салдарынан жұмыссыздық деңгейі күрт өсіп, халықтың күнкөрісі күн санап төмендеп барады.

Жаңалықтар
Толық

Сатиралық ертегі: Жантөлі

Жантөлі деген қыз болыпты. Бойына ешбір жанды теңгермепті. Бір күні жігіттер ақылдасып:
– Осы қызды асқақтатып қоймай, біреуіміз алатын болайық. Елден кетірген ерге өлім емес пе, осыны елден кетірмейік, – десіпті.
Сол ақылмен ішіндегі біреуі айтыпты:
– Әуелі жеребе ұстайық, басқа шыққанымыз қызды алайық, өзгелеріміз оған көмектесейік, – депті.
Бұлар жеребе ұстайды. Ішіндегі денелі бір жігіттің қолы басқа шығады, бірақ таяқтың екі елі жері артық қалады, оны көрсетпеу үшін бұл жігіт қолын басып ұстайды. Оны сезген жігіттер таласады, ақыры, олай керісіп, былай керісіп, алғашқы жігітті бас етіп қояды.
Бұдан кейін бас жігіт қызға келіп, өзінің көңілін білдірмек болады. Жантөлі үйінің сыртындағы Талғар деген төбені көрсетіп:
– Мына төбені бұлтпен бүркемей, толық ассаң, тиген болар ем, – дейді.......
Ертегілер
Толық