Ананың ұлын жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті)

Мінгенде атым қан жирен,
Қан жирен жүрер әр күймен.
Алды-артымды ойласам,
Әуе айналып, күн күйген.
Белеңге шығып қараймын,
Желге шашымды тараймын.
Келмеген соң жалғызым
Не болам деп ойлаймын,
Кереге бойын бойлаймын.
Әуеден ұшқан кекілік,
Кекілік отыр бекініп.
Жылады деп сөкпеңдер,
Жалғызымнан айрылып,
Мен отырмын өкініп.
Қайыңнан алған күрегім,
Қайғылы болған жүрегім.
Алладан мен тілегем жоқ,
Осылай болды тілегім.
Білезік салдым білекке,
Жеткізе ме деп тілекке.....
Өлеңдер
Толық