Журналистика | Ана тілі газетіндегі қазақ әліпбиінің жазылуы

Бітіру жұмысының өзектілігі. Ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отыратын даналар сөзі, бабалар өсиетінің бір бөлшегі ауызша жетіп отырса, көп бөлігі тасқа таңбаланып, ақ қағаздың бетіне маржандай тізіліп бүгінгі күнге жетті. Тіпті кейбірін оқи алмай отырған отырған жайымыз бар. Оның себебі қазақтың тарих көшінде түйесін ауыстырған жолаушыдай әліпбиінің бірнеше мәрте өзгеріске ұшырауы болып табылады. Айдауына жүретін, ыңғайына көнетін жайлы түйесін тартып алып өзгесіне мінгізсе, жолаушының астындағы түйесімен алысып жүріп көштен қалып қоятыны секілді қазақ та ой сандығындағы талай маржандарды төгіп, шашып алып, көшке әрең ілесіп келді. Әдейі сүріндіру де болды. Бас аяғы айналдырған 5-6 жылдың ішінде әліпбиін 4 мәрте өзгертуді - әдейі сүріндіру демеген де қалай атауға болады? Өйткені әліпби ауыстырудың соңы сауатсыздыққа әкеліп соғатыны айтпаса да түсінікті. Сол себептен де әліпби - белгілі бір топтың немесе мамандардың ғана талқылар нысаны емес, тұтыс бір ұлттың тағдыры, болашағы. Ахмет Байтұрсынов айтқан халықтың құлағы, көзі һәм тілі баспасөз бұл үлкен мәселеден де шет қалған жоқ. Сонау 20-ғасырдың басынан бері журналист жан айқайының себепшісі болып келе жатқан әліпби мәселесі бүгін де өз шешімін тапқан жоқ. Қайта өршіген үстіне өрши түсуде. Бірі латынға, бірі төте жазуға, үшіншілері көне жазуымыз – рунаға көшейік десе, төртіншілері «басты қатырмай, артық проблема туындатпай кирилше жаза берейік» дейді. Құдды бір, аққу, шортан һәм шаян дерсің. Ал ортада көкпарға түскен серкедей халық бар. Ғалымдар ұсынып отырған харіптердің қайсысы қазаққа тиімді? Бұл сұрақтың жауабы әлі табылған жоқ. Баспасөз бетінде де жан-жақты талқылаулар, пікір-таластар көп. Солардың бірі, қазақ тілінің де, ұлтының да жанашыры «Ана тілі» газетінде материалдар оқырман назарына молынан ұсынылуда. Сондықтан да бір ұлтты тағдырына, бір халықтың болашағына әсер етер, менің бітіру жұмысыма арқау болып отырған тақырыпты ең өзекті мәселе дер едім. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық