Алыстағы оралмас алғашқы махаббаты

2005 жыл. Мен асем қалам Атырауда 2-ші курста оқып жатырдым. "505" танысу орталығына жай ғана тіркелген болатынмын. Тізімде тек 5 адам болу керек. Артық тіркелмейді. Содан 16-шы желтоқсан күні (алі есімде)Рысбек есімді жігіт достық жіберді. Смс арқылы хат алыстық. Алматы қаласының жігіті, Ақтөбе қаласында оқыды. Жақсы араласып кеттік. 3 ай бойы суретімізді жіберіп хат алыстық. Суретін көріп жүрегім дүрсілдеп, махаббат сезімі оянды. Катты ғашық болдым. Ол да жасырмады. 4-ші айда құрбыларыммен Ақтөбе қаласына барып Рысбекпен кездестім. Кездесіп, екеуміз тіке көімізге қарай алмадық (неге екенін білмім), жүрек соғысы тоқтар емес. Оқулары қатаң тәртіппен болғандықтан кездесуіміз 2 сағатқа созылды. Жеке әңгімемізді айта алмадық, бірақ көзбен бірімізді қатты түсіндік. Себебі қасымызда менің және оның достары болған. Оларға берілген уақыт шектеулі болғандықтан, қоштасуымызға тура келді. Кетерде қолыма хат ұстатты. Үйге барғасын оқуымды өтінді. Қимастықпен, бір бірімізді көзбен алысқааааа шығарып салдық. Үйге келіп хатын ашып оқыдым, қатты ғашық болғанын сөзбен жеткізі алмайтынын кайталап тусіндіруде. Түсте жарты сағатқа шыға алатынын айтты. Мен де сезімімді білдіріп хат дайындап, кездескенде қолына ұстаттым. Келесі күні Атырауға қайттық. Жанары көз алдымнан кетер емес. Сағына жүре сабағымды жалғастырдым. Арадағы смс, қоңырау, хат, суреттер алмасу үдей түсті. 2-ші курсты бітірдім. Ол Атырауға 1 кунге келді. Құрбыларыммен қаланы араладық. Екеумізден бақытты адам болмады. Бірақ ернімізден сүюге де қимадық. Келесі күні шығарып салдық, поездың қозғалғанда ол да жүгіріп мінді. Қимадық. Амал қанша. 3ші курска көштім. Телефонмен сойлесу тоқтамады. Ол күзде оқуын бітіретін болып, менің диплом алу кешіне барғанымды қалады. Белгілі себептерге байланысты мен бара алмадым. Содан ол қолына дипломын алып Алматыға қайтты. Сөйлесе жүріп, екеуміздің семьямыз біздің арамыздағы махаббатты білетін болды . Арманымыз көп болды......
Махаббат хикаялары
Толық