География | Алакөл ауданы

Алакөл ауданы - Алматы облысының солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан әкімшілік бөлік. 1928 ж. құрылған.
Алакөл — Қазақстандағы Алматы және Шығыс Қазақстан облысының аумағында орналасқан тұйық көл, Қазақстандағы ең ғажайып көлдердің бірі.

Алакөл аудандық әкімшілігі

Сонымен қатар аумағы 20 мың гектардан асатын бұл өлкеге денсаулығын түзеткісі келетіндерден басқа, теңдесі жоқ көлде шомылу мен балық аулағанды ұнататындар келеді.
Орта ғасырларда "Гургенор", кейін "Алактогол", "Алатеңіз", "Алакта" деп те аталған. Алакөл — Жетісудың Балқаштанкейінгі үлкен көлі. Ол Алакөл ауданының солтүстік-шығыс бөлігін алып жатыр. Көл ағынсыз, солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа қарай созылып жатыр. Теңіз деңгейінен 247,3 м абсолюттік биіктікте орналасқан. Көлдің аралдарымен қоса есептегендегі аумағы 2696 км2, ұзындығы 104 км, ең шығыңқы ені 52 км, жағалауларының ұзындығы 384 км, орташа тереңдігі 22,1 м, ең терең жері 54 м, көлдің су көлемі 58-60 км3. Су жиналатын алабы 47859 км2. Алакөлдің ең ірі шығанағы — Алакөл шығанағы. Ол көлдің оңтүстік-шығысындағы тау аралық ойыста орналасқан.
Қазақстан – Алматы облысы Алакөл ауданындағы ауыл, Жағатал ауылдық әкімшілік округі орталығы.
Географиялық орны
Аудан орталығы – Үшарал қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 20 км жерде, Ақтоғай-Достық темір жолы бойында,Алакөл көлінің аңғарындағы жусан, изен, көкпек басым өскен бозғылт қоңыр, сортаңды қоңыр топырақты шөлейтті белдемде орналасқан.
Халқы
Тұрғыны 2,3 мың адам (2002).
Тарихы
1964-1997 жылдары мал шаруашылығымен айналысатын Сарықұм кеңшарының орталығы болып келді. Оның негізінде ауылда және округке қарасты Бесағаш ауылында ЖШС-лер және бірнеше шаруа қожалықтары жұмыс істейді.
Инфрақұрылымы
Орта, бастауыш мектептер, клуб, кітапхана, фельдшерлік-акушерлік пункт, т.б. мекемелер бар.
Жалпы мәліметтер
Жерінің аумағы 36,8 мың км2. Тұрғыны 79,6 мың адам (2002). Аудан орталығы — Үшарал қаласы Аудан қалалық, 1 кенттік және 22 ауылдық әкімшілік округке бөлінген. Алакөл ауданы Балқаш-Алакөл ойысы мен Жетісу (Жоңғар) Алатауы аралығында жатыр. Ол шығысында Қытаймен, оңтүстігі мен бақан. Жетісу (Жоңғар) Алатауынан бастау алатын Лепсі, Тентек, Шынжылы, Көксуат өзенідері аудан аумағын кесіп өтіп, солтүстіктегі Алакөл, Сасықкөл көліне құяды.[2] Аягөз аудандарымен шектеседі. Жерінің оңтүстік-шығысын Жетісу Алатауының Шыбынды, Қайқаң, Жабық,Күнгей Тастау, т.б. жоталары алып жатыр. Ауданның қалған бөлігі салыстырмалы түрде жазық келеді. Бұл жерлерде аласа таулар (Арғанаты, Арқарлы, т.б.) мен құмды алқаптар (Қарақұс, Сарықұм, Тасқарақұм) алып жатыр. ....
Рефераттар
Толық

География | АЛАКӨЛ ОЙЫСЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ ТАБИҒАТЫН ҚОРҒАУ

Алакөл ойысы Қазақстанның оңтүстік – шығысында орналасқан. Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігі және Алматы облысының солтүстік – шығыс бөлігі осы ойыс үстінде жатыр. Алакөл ойысының көлемі 30000 км 2 -қа тең.
Ойысты үш жағынан таға тәріздес жоталар қоршап жатыр. Солтүстігінде – Тарбағатай, оңтүстігінде – Жоңғар Алатауы, ал шығысында Барлық және Майлы жоталары орналасқан. Алакөл ойысы батысында Балқаш ойысымен, ал оңтүстік шығысында тау аралық өткел – Жоңғар қақпасы арқылы Қытай халық Республикасының территориясындағы Ебінұр көлінің ойысымен ұласады.
Ойыс өзінің пішіні жағынан көп бұрыштылығымен және тегіс еместігімен ерекшелінеді. Ол оңтүстік – шығыстан солтүстік –батысқа қарай 300 км-ге созылып жатыр. Оның жазық бөлінің ені оңтүстік – шығысында 10 км – ден, солтүстік – батысында 100 км – ге, ал орталық бөлігінде Жоңғар Алатауынан Тарбағатай жотасына дейін 150 км – ге дейін....
Курстық жұмыстар
Толық

География | Алакөл ойысының геотектоникалық құрылысы климаты органикалық дүниесі

Тақырыптың өзектілігі. 45-47°с.е аралығында дүние жүзілік мұхиттан шалғай құрлықтың орталық бөлігіндегі географиялық орынының ерекшелігіне сай, Герцин, Альпі қатпарлықтарында түзілген биік және аласа тау жүйелерімен шектескен Алакөл ойысының табиғатының алуан түрлілігінің негізгі себебін ашып көрсету еліміздің аумағының оңтүстік-шығыс бөлігінің жер бедерінің,климатының, топырағы мен өсімдіктер жамылғысының қалыптасу заңдылықтарын әсер ететін негізгі факторларды анықтауға мүмкіндік береді.
Тақырыптың өзектілігі. 45-46°с.е аралығында дүние жүзілік мұхиттан шалғай құрлықтың орталық бөлігіндегі географиялық орынының ерекшелігіне сай Каледон Герцин, қатпарлықтарында түзіліп, неоген-төрттік дәуірлерде қайта жаңғырған Жетісу Алатауының биік және аласа таулы солтүстік-шығыс бөлігі мен Алакөл ойысының басым бөлігін қамтитын аудан табйғатының алуан түрлілігінің негізгі себебін ашып көрсету Алматы облысының солтүстік-шығыс бөлігінің жер бедерінің, климатының, топырағы мен өсімдіктер жамылғысының қалыптасу заңдылықтарын әсер ететін негізгі факторларды анықтауға мүмкіндік береді.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

География | Алакөл ойысына физикалық географиялық сипаттама

1.1.Алакөл ойысының географиялық орны, аумағы және шекарасы
Алакөл ойысы Қазақстанның оңтүстік – шығысында орналасқан. Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігі және Алматы облысының солтүстік – шығыс бөлігі осы ойыс үстінде жатыр. Алакөл ойысының көлемі 30000 км 2 -қа тең.
Ойысты үш жағынан таға тәріздес жоталар қоршап жатыр. Солтүстігінде – Тарбағатай, оңтүстігінде – Жоңғар Алатауы, ал шығысында Барлық және Майлы жоталары орналасқан. Алакөл ойысы батысында Балқаш ойысымен, ал оңтүстік шығысында тау аралық өткел – Жоңғар қақпасы арқылы Қытай халық Республикасының территориясындағы Ебінұр көлінің ойысымен ұласады.
Ойыс өзінің пішіні жағынан көп бұрыштылығымен және тегіс еместігімен ерекшелінеді. Ол оңтүстік – шығыстан солтүстік –батысқа қарай 300 км-ге созылып жатыр. Оның жазық бөлінің ені оңтүстік – шығысында 10 км – ден, солтүстік – батысында 100 км – ге, ал орталық бөлігінде Жоңғар Алатауынан Тарбағатай жотасына дейін 150 км – ге дейін барады.
Алакөл ойысының жазық бөлігінде үстірттер мен ұсақ шоқы тәріздес жекелеген аласа таулар кездеседі. Ойыстың оңтүстік бөлігінде, яғни Жоңғар Алатауының батысындағы аласа таулар Сайқан, Арқарлы – Арғанаты, солтүстігінде яғни Тарбағатай тауының оңтүстігінде батыстан-шығысқа қарай Сиректас, Көрпебай, Жайтөбе, Бахты, Балтабай – Арқарлы және тағы да басқа аласа таулар орналасқан. Ойыстың аласа бөліктері – Алакөл және Сасықкөлдегі аралдарда палеозойлық ірге тастары жер бетіне шығып, жекелеген төбе болып кездесіп отырады. Ойыстың көп бөлігі құмды массивтермен көмкерілген. Сасықкөл көлінің оңтүстік- батысында Қарақұм, Сарықұмдар бірте-бірте Тасқара құмдарына ауысады. Алакөлдің солтүстік шығысында Биікқұм, Бармаққұм және тағы да басқа құмдар жатыр. Алакөл ойысының жазақ бөлігі тау алды беткейлерде 800 м – ден батып, Алакөл көлінің бассейндерінде 347 м – ге дейін төмендейді. Алакөл ойысы Солтүстік Кавказ тауларымен, Қырым түбегімен, Румыниямен, Солтүстік Италиямен, Франциямен бірдей бір ендік бойында жатыр. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

География | Алакөлдің көпжылдық су деңгейі режимі

Дипломдық жұмыстың мақсаты Алакөлдің көпжылдық су деңгейі режимін зерттеу болып табылады. Практикада су деңгейі режимдерін зерттеу үшін түрлі формулалар, соның ішінде эмпирикалық формулалар кең қолданылады.
Бізге берілгені метеорологиялық элементтердің, яғни жауын-шашынның орташа көпжылдық мәндері, ауа температураларының сәуір-қыркүйек айларындағы орташаланған мәндері және су деңгейлерінің көпжылдық максимум мәндері.
Осы үш параметрді өзара сәйкестендіру үшін А. Шренк, В.И. Коровин, А.В. Шнитников, Р.Д. Курдин, т.б. зерттеуші ғалымдардың Әрбір онкүндіктің соңына теориялық формула арқылы және Ф.И.Быдинның эмприкалық формулалары бойнша мұздың қалыңдығын анықтаймыз
Есеп жүргізу әдістерінің орташа қателіктерінің абсолюттік мәндерін есептегеннен кейін, қарастырылған формулалардың өзенің берілген пункіті үшін мұз қалыңдығының есептеуге қолдануға болатындығына немесе қолдануға келмейтіндігіне талдау жасаймыз. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Алакөл сапары: артықшылықтары мен кемшіліктері

Алакөл сапары туралы ұсынысты Daniyar Zhanys ұсынғанда, еш ойланғам жоқ. Көрмеген жерім, аңсарым ауды. Бірден “барам” дедім. Дәкең өз ісінің маманы, адалы ғой. Белгіленген күн келгенше екі рет қоңырау шалып, анық келетінімді қадағалады. Оның себебін кейін білдім, жақындағанда белгілі себептермен келе алмайтындар болса, орнын басқа....
Кеңестер
Толық