Қазақша Фильм: Тракторшының махаббаты телехикаясы (14 бөлім)
Қазақша Фильм: Тракторшының махаббаты телехикаясы (4 бөлім)
Қазақша Фильм: Тракторшының махаббаты телехикаясы (6 бөлім)
Қазақша Фильм: Тракторшының махаббаты телехикаясы (5 бөлім)
Қазақша Фильм: Тракторшының махаббаты телехикаясы (3 бөлім)
Қазақстан 2030 жылы әлемдегі 10 ірі мұнай өндіруші елдің қатарына енбек
Қазақстан 2030 жылға қарай әлемдегі ірі мұнай өндіруші елдердің ондығына кіруге ниетті.
Бұл туралы бүгін Қазақстан Президенті жанындағы Орталық коммункациялар қызметінің баспасөз мәслихатында Мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалин мәлімдеді, деп хабарлайды Bnews.kz.
"Болашақта Қазақстан көмірсутегін өндіру көлемін одан әрі арттырады деп күтілуде. Бұл ретте Қазақстан өндірістің шыңына әлі шыға қоймаған аздаған елдердің бірі. Біздің болжауымызша, 2030 жылға қарай Қазақстан мұнай өндіру деңгейін 110 млн тоннадан асыруы мүмкін, бұл болашақта әлемдегі ірі мұнай өндіруші елдердің ондығына кіруге жол ашады", - деп мәлімдеді Қарабалин.
Оның сөзіне қарағанда, бұл мәселеде Теңіз, Қарашығанақ, Қашаған кен орындары базалық жоба ретінде қарастырылады. Министр атап өткендей, елдің мұнай-газ саласына 60 млрд АҚШ доллары тартылған.
"Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан экономикасына 160 млрд АҚШ долларынан астам қаржы тартылса, оның 60 млрд-қа жуығы мұнай-газ саласына тиесілі", - деп түсіндірді ол.
Тек соңғы 5 жылдың ішінде мұнай-газ саласына 20 млрд долларға жуық қаржы инвестицияланған.
Шенеуніктер баспана салығын мың пайызға көтермек
Қаржы министрінің орынбасары Руслан Дәленов бүгін әлеуметтік желілерде жарылыс жасады. Алдағы уақытта көбеймек баспана салығының нақты сомасын ол өзінің "твиттер" парақшасына жариялап жіберді.
Оған көз жүгіртсек, пәтер салығы бір екі емес, жүз пайыздап көтерілмек.
Астана мен Алматы және облыс орталықтарындағы баспанаға қатысты көбеймек салықтың салмағын Экономика және бюджетті жоспарлау министрі Ерболат Досаев осыған дейін шенеуніктік тілмен жалпылама түсіндіріп келген еді. Қаржы вице-министрі бүгін өспек пайыздарға нақты тіл бітірді.
Мәселен, үкіметтің есебінше 45 шаршы метрлік пәтері барлар 1805 теңге салық төлеп келсе, енді 5827 теңгеге шығындалмақ. Яғни, олар үшін салық 323 пайызға өспек. Ал, 80 шаршы метрлік үйдің иесі қазіргі 4 708 теңгенің орнына 18 433 теңге төлемек. Бұл 392 пайыз. Ал, 151 шаршы....
Қазақстанда темекі және алкогольді ішімдіктер қымбаттайды
Елімізде темекі және алкоголь өнімдеріне акциз көтерілетін болды. Бұл туралы ҚР экономика мен бюджетті жоспарлау министрі Ерболат Досаев хабарлады.
Ведомство басшысының айтуынша, қазіргі таңда 1000 темекі үшін акциз 1550 теңгені құрайды. 2014 жылға қарай бұл көрсеткішті 3000 теңгеге жеткізу арқылы, шылымның құнын 100% қымбаттату жоспарланған. Ал, 2020 жылға қарай оның бағасын 10 000-ға дейін көтеру көзделіп отыр. Қымбатшылық алкогольды ішімдіктерді де айналып өтпейді.
Бүгінгі күні 1 литр спирт үшін акциз 500 теңге болса, 2014 жылы ол 1000 теңгеге, ал 2016 жылы 1600 теңгеге дейін көтеріледі.
"Қазақстан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының зерттеуі бойынша спирт өнімдерін көп пайдаланатын мемлекеттердің алғашқы отыздығына кіреді. Яғни бір Қазақстан азаматы 7-8 литр ішімдік ішеді деген сөз. Осыған орай, бізге темекі және алкоголь өнімдерінің бағасын көтеру маңызды. Әрине, қымбатшылық.....