Жаз айы. Күн шайдай ашық, ауа-райы сондай тамаша. Нағыз көлге баратын кез еді. Сұлтан таңертен ерте тұрып, серуенге шығып, біршама жүгіріп қайтады. Уйіне келгенде ақ дастархан жайылып, шай дайын тұр екен, ал алдында күлімсіреп отқан анасы Сұлтанды күтіп отыр. Анасы екеуі таңғы асын ішіп, әңгімеге кірісіп кетеді. Жүрек жалғап алғаннан кейін Сұлтан өз бөлмесіне жүгіре жөнелді. Бұны түсінбеген анасы баласының артынан еріп барса, Сұлтан ұялы телефонмен сөйлесіп жатыр екен. Тұтқаны қойғаннан кейін, анасы одан жөнін сұрастырды. Сөйтсе, телефон шалған Сұлтанның достары екен, олармен көлге баруын, барлық сыныптастар сонда жиналатыны жайлы айтыпты. Ол анасынан рұқсат сұрайды, себебі достарын көрмегелі көп болды. Анасы мақұлдап, баласына рұқсат береді. Сағат түскі үш болып қалды. Сұлтан үйден шығар кезде, анасы оған көп кешікпеуін өтінді. Бірақ ол анасының айтқанын естімей, үйден тез шығып кетті. Достарымен көрісіп, бір көңіл көтеріп қалды. Сыныптағы қыздары сұлу, әрі әдемі болып кетіпті. Әсіресе Балкен, ақылына көркі сай, бойы да өсіпті. Бәрі бір-бірімен әңгімелесіп, бой жазып.....
Алматы қаласының күніне орай өткен Muzzone арнасы ұйымдастырған ЕМА-2014 марапаттау салтанатында жүлдегерлердің есімі белгілі болды. Үш кезең арқылы анықталған жүлдегерлерді бірінші, екінші кезеңде халық дауыс беру арқылы таңдаса, үшінші кезеңде қазылар алқасы сыннан өткізді.
ЕМА-2014 жүлдесінде Қайрат Нұртас финалға шыққан Әли Оқапов пен Айқынды басып озып "Үздік орындаушы" атағына лайық деп танылды. Қайрат жүлдені алуға өзі келе алмай, көрермендерге видеосәлем жолдады. Ал Серік Ибрагимов "Жаңа тыныс", Әлішер Қайратұлы "Көрермен көзайымы", Луина "Үздік әйел орындаушы", "Орда" тобы "Үздік ер тобы", "Город А" "Үздік әйел тобы", Домино....