Әдебиет | Айқап журналындағы оқу тәрбие туралы ойларды зерделеу

XX ғасырдың бас кезінде, яғни 1911 жылдың қаңтарынан бастап, 1915 жылдың қыркүйек айына дейін Тройцкі қаласындағы «Энергия» баспахансында қазақ тілінде үзбей шығып тұрған «Айқап» журналы халқымыздың әлеуметтік саяси-өмірінде, әдебиет пен мәдениетімізді насихаттап таратуда елеулі роль атқарды. Ол қазақтың тұңғыш қоғамдық-саяси және әдеби журналы болды. «Айқап» өзінің сипаты жөнінен жалпы демократиялық болғанымен, іс жүзінде Шоқан Уәлихановтың, Ыбырай Алтынсариннің, Абай Құнанбаевтың ағартушылық идеялары негізінде дамып келе жатқан қазақтың қоғамдық ой-пікірінің, әдебиетінің, публицистикасының прогресшілдік және демократиялық дәстүрлерін жалғастырған ілгері дамытқан журнал болды.
«Айқап» журналын ұйымдастырушы және редакторы демократ –жазушы Мұқаметжан Сералин (1872-1929) болды. М. Сералин журналдың төңірегіне өзімен ниеттес көрнекті ақын жазушыларды, қоғамдық қайраткерлерді топтастырды. Журналдың секретары 1911-12 жылдары Әкірам Ғалимов, 1913-14 жылдары Сұлтанмахмұт Торайғыров болды. Әр уақытта тілші, автор болып Сәкен Сейфуллин , Бейімбет Майлин, Сәбит Дөнентаев, Спандияр Көбеев және осылар сияқты ақын-жазушылар қатысты. [45].
«Айқап» журналы осылай аталуының себебі мен алдағы мақсаты туралы 1911 жылғы 11-санында бастырушылар алқасының атынан былайша түсінік береді: «Айқап» деген сөз қазақтың төл сөзі, ол ғасырлар бойы мәдениеттен, білімнен, кенже қалған бүкіл қазақ халқының өкініші ретінде алынды. «Ай, қап!» деп санымызды соқтық, енді ел қатарына қосылайық деген үнді білдіреді.
«Айқаптың» төңірегіне жиналып, қазақ халқының қоғамдық ой –пікірінің қалыптасуына елеулі үлес қосқан әдебиеті мен мәдениетті жайында байсалды талғамдар айтқан журналдың редакторы М. Сералиннің «Айқап» журналының басқармасында қызмет еткен жазушылардың еңбектері ерекше. «Айқап» журналының бетінде қазақ совет поэзиясының алыбы - С. Сейфуллиннің алғашқы өлеңдері, Б. Майлиннің тұңғыш мақалалары басылды және С. Дөнентаевтың бірнеше өлеңдері жарияланды.
Журнал оқу, жас буындарды тәрбиелеу және мәдени-ағарту ісіне шын мәнісінде прогрестік және демократиялық тұрғыдан көңіл бөлді. Бұл іске Сералин өзі сияқты мұғалім , жазушыларды публицистерді тартты.
«Айқап» отырықшы болуды мәдениет мәселелерімен байланыстыра үгіттеді. М. Сералин орыс халқының ғылымын, өнерін, тілін үйрену керек дей келіп, бұларды білу үшін школа мектеп ашу қажет. Бұл 4-5 үйдің қолынан келетін іс емес, кедейлердің баласын алыс жерге жіберіп оқытуға қалі келмейді. Сондықтан « бір жерге қала болып жиналудан басқа ем жоқ». Ал «50-60 үй бір жерде , жиналып отырса, оларға орталарынан молда (мұғалім) ұстап бала оқыту оңай ....
Рефераттар
Толық