Бұлшықетіңізді қатайтатын тағамдар

1. Сүзбе

Сүзбе бұлшықет жинауға көмектеседі. Небары 150 грамм сүзбе сізге 22 грамм ақуыз береді.

2. Албырт (еті нәзік қызғылт түсті ірі қызыл балық)

Албыртта ақуыз бен омега-3 қышқылы мол. Ал бұл екеуі сіздің бұлшықетіңізді өсіруге көмектеседі. Албырт ағзадағы зат алмасуды да жеделдетеді.

3. Сұлы

Сұлыда дәрумендер, минералдар, ақуыздар, көмірсулар, жасұнықтар көптеп кездеседі. Ал бұл элементтер біздің денсаулығымызға өте пайдалы. Сұлы қандағы қант мөлшерін де қалпына келтіреді. ......
Кеңестер | Ерлерге (жігіт) пайдалы кеңестер
Толық

Әжімді азайтатын маска

✅ Сұлулыққа құштар адам баласы әрдайым әдемі көрінуге талпынады. Әсіресе әйел затының табиғаты өзіне үнемі күтім жасауды талап етеді. Күтінетін адамның бір белігісі – тері тазалығы. Ұсақ әжімдерді тегістейтін және терең әжімдерді білдірмейтін масканы дайындап, қолданып көріңіздер. ......
Кеңестер | Қыздарға (бойжеткен) пайдалы кеңестер
Толық

Әжем айтып еді

1. Жар қылып алар қызыңның шешесіне қарарсың. Шеше көргенді ал. Алма ағашынан алысқа түспейді.

2. Сонан соң әкесіне қара. Әке қатал, әрі мейірімді болуы керек. Билігі еркекте болған үй береке. Осыны ұмытпа.

3. Еркек балалары мен қоса әйелін де тәрбиелейді. Олардың санасына исламды құй. Дін жолын үйрет, оқыт. Аллаға жақынның адасқанын көргенім жоқ. Сондықтан осы іске жақсы көңіл бөл.

4. Алғаның басқаны емес, әуелі сені сыйласын. Күйеуін ЕРІМ, БАЛАЛАРЫМНЫҢ ӘКЕСІ, БОЛАШАҒЫМ деп сыйлаған әйел сенімен қоса бүкіл әулетіңді құрметтейді. Оның құрметі саған әулетіңнің алдында абырой сыйлайды.......
Кеңестер | Қыздарға (бойжеткен) пайдалы кеңестер
Толық

Әйел затын 10 жыл бұрын қартайтатын жаман әдеттер

✅ Таңғы асты ішпеу

Таңғы асты ішпеу қандағы қант құрамын азайтып, адам рухының серпілуіне кедергі жасайды;
Есте сақтау қуатына ауыр дәрежеде кесірі тиеді;
Асқазан қабыну, асқазан жарасы сынды аурулар туындайды;
Өтке тас байланады.
Су ішкісі келмеу

Су - тіршіліктің тірегі. Бұлшық ет пен теріге жеткілікті су құрамы болмаса, тері оңай құрғап, майдың бөлініп шығуы азаяды, тері оңай сусызданад ......
Кеңестер
Толық

Түнімен телефоннан көз алмайтындар назарына

Британдық дәрігерлер смартфонды қараңғыда қолдану уақытша көруден айыратынын айтты. 22 және 40 жастағы екі келіншек көз жанарларының кейде 15 минут көлемінде көрмей қалатынын айтып шағымданған. Аурудың белгісі туралы New England Journal of Medicine журналында жарияланды.

Мұндай жағдайда бір көз жарыққа, екіншісі қараңғыға үйреніп қалады. Смартфонды сөндірген кезде жарыққа үйреніп қалған көз біраз қараңғыны қабылдай алмай қалады. Уақытша көрмей қалудың басты себебі – осы.

Көз жанардың әр түрлі адаптациясынан болатын жайсыздықтан сақтану үшін, дәрігерлер қараңғыда смартфонға екі көзбен бірдей қарауға кеңес береді. ......
Кеңестер
Толық

Қыста тоңазытқышты пайдаланбайтын болсаңыз мынаны ескеріңіз

Тоңазытқыш ұзақ әрі сапалы қызмет етуі үшін... Тоңазытқыш – адам денсаулығына маңызды азық-түліктің бұзылмай сақталуы үшін пайдаланылатын, электр қуатымен жұмыс істейтін құрылғы екенін барлығымыз жақсы білеміз. Ал қазіргі үйлерді тоңазытқышсыз елестету мүмкін емес. Дегенмен салқын түсіп, қысқы мезгілге ауысқан шақта күннің ыстығында кейбіріміз талай керегімізге жараған тоңазытқышты көктемге дейін уақытша өшіріп қойып немесе орын болмай балконға, жылуы жоқ бос бөлмелерге қойып жатамыз. Бірақ, бұлай жасауға бола ма? "Кейбір жағдайларға байланысты тоңазытқышты уақытша пайдаланбайтын болғанда не істеу керек? Кейін керек кезінде қосқаннан кейін дәл бұрынғысынша жұмыс жасай бере ме?"деген сансыз сұрақтар алаңдатып қоятыны белгілі. Сондықтан кішігірім бола да маңызы бар осы сұрақтардың жауаптарын қарастырып көрелік.......
Кеңестер
Толық

Ата ана есіңде ұста Ғалымдар айтқан он қағида

Балаға деген тәрбие – баламен сөйлесумен, әңгімелесумен, оған ақыл – кеңес берумен ғана шектелмейді. Тәрбие – тұрмысты ұйымдастыра білуде, балаға әркімнің өз жеке басы арқылы өнеге көрсетуінде. Отбасындағы бала тәрбиесі халық өмірімен, қоғамның мақсат-міндеттерімен байланыста болуы керек. Біз бүгін оқырмандарға ғалымдар айтқан ата-ананың есінде жүруге тиіс он қағиданы ұсындық.
1) Баланы жас кезінен бастап сыйлап, қадір – қасиетін, ар – намысын бағалап, дұрыс сөйлесіп, дұрыс қарым – қатынас жасаған абзал.
2) Тәкаппарлықтың нашар қасиет екендігін түсіндіріп, тәкаппар болуының алдын алу керек.
3) Әдепсіз сөз, дөрекі айқай – тәрбиедегі ең жаман әдіс. Бала оған үйреніп кетеді немесе оған қарай жауап береді. ......
Кеңестер
Толық

Әкесі баласына не айтуы керек

Қазіргі қоғамда қыз секілд жігіттер көп. Себебі олардың көз алдындағы үлгі боларлық ана-әпкелері, мұғалімдері де әйел заты. Әкесі нағыз ер адам болып, баласын әскери тәртіппен тәрбиелемесе, жағдай қиын.

1. Адамдармен амандасқанда, бетпе-бет сөйлескенде, көзіне тік қара. Қолын алғанда, сенімді бол.

2. Ата-анаңды сыйла.

3. Қызметіңе жауапкершілікпен қара. Есіңде болсын: әлемдегі барлық жұмыс маңызды. Біреудің лауазымы сенен төмен болса, сөзбен тілме.

4. Алдыңдағы істі өзіңнің жасай алатыныңды білсең, өзгені мазалама. Мұнымен көп нәрсеге қол жеткізесің. ......
Кеңестер
Толық

Әйелдің ер адамға ұнамайтын әрекеттері

Еркек пен әйел – екі бөлек жаратылыс, екі әлем. Әйел адамның мазасын алып, түн ұйқысынан айыратын мәселеге ер адам бей-жай қарап, мән бермеуі мүмкін. Біз, нәзік жандылар, әу бастан әлсіз болып жаралғанбыз. Ал қандай әрекетіміз еркектің ашуына тиеді екен?

✅ 1. Біз сүйіктімізге күніне мың рет қоңырау шаламыз. Ер адам жұмыста болса да, оны жұмысынан алаңдататынымызды білсек те, түсінгіміз келмейді. Қоңырау шалғанда, телефонын көтермесе, ашуға булығып, сүйіктімізбен санасудан бас тартамыз. Бұл ісімізді "оған қамқорлық танытып жатырмын" деп ақтап алғымыз келеді. Осы дұрыс па?

✅ 2. Құрбымызбен телефон арқылы сағаттап сөйлесуді ұнатамыз. Сүйіктіміз жанымызда отырғанда, құрбымызбен әр нәрсені бір айтып, телефонмен сөйлесеміз. Бұл қылығымыз ер адамды ренжітеді. Өйткені еркектер үнемі назарда болғанды қатты жақсы көреді. ......
Кеңестер
Толық

ПАЙҒАМБАРЫМЫЗДЫҢ ӘЙЕЛДЕР ЖАЙЫНДА АЙТҚАН МҮБӘРАК СӨЗДЕРІ

1. Жақсы мінез иесі бір әйел жетпіс әулиеден жоғары.
2. Жаман мінез иесі бір әйел мың жаман мінез иесі ерден де жаман.
3. Жүкті әйелдің екі ракат намазы жүкті емес бір әйелдің жетпіс ракат намазынан да қайырлы.
4. Өз баласын емзірген әйелге әр жұтым сүті үшін жеке жеке сауап беріледі.
5. Күйеуі үйге шаршап келген кезде әйелі жылы жүзбен «ҚОШ КЕЛДІҢІЗ» деп айтса, жарты жихат (Алла жолында қызмет) сауабы беріледі.
6. Әйелі күйеуіне, күйеуі де әйеліне рақымдылықпен және мейірімділікпен қараса Алла Тағала екеуіне де рақымдылықпен қарайды.
7. Күйеуін Алла жолында қызметке шығарып салып, өзі де үйінде әдептілікпен отырған әйел күйеуінен бес жүз жыл бұрын жәннатқа кіреді. Жетпіс мың періштенің және хор қыздардың басшысы болады. Жәннат суымен жуынғаннан кейін жақұттан жаратылған аттын үстінде күйеуін қарсы алады.
8. Баласы жылау себебімен түнде ұйықтай-алмаған әйелге жиырма құл азат еткен сауап беріледі. ......
Кеңестер
Толық