Бір күні үш келіншек су алуға шелек алып, суға барады. Судың басында үшеуі бір-бірінен сыр сұрасыпты. Сонда бірінші келіншек айтыпты: – Мен осы күнгі күйеуіме тигенде менен мынандай жақпастық қылық өтті, келіншек-ау... Осы бар ғой, бір күні тигеннен кейін бірнеше ай өткен соң күйеуімнің бір жақсы, жақын құрдасы болушы еді. Сол күнде-күнде келіп, «бер» деп, мазамды ала берді. Сонан бір күні қара басып, «беріп» едім. Бірақ та түннің іші масахана құрулы еді. Сондай тар жерде тамашалап жатқанда, күйеуім есік қақты. Жаңағы құрдасы, түспегір, қайда тығыларын білмей, сасқанынан ол маған: – Енді қайттім? – деді. Сол кезде мен айттым: «Тырп етпе, жата бер», – дедім де, есікті аштым. Қолына домбырасын алып, күйеуім де келді. Ол кірместен тұрып, көрпеше салып, жерге жата қойдым. Шамды жақтым да, көрпешеге отырғызып: – Осы жұрт сені асқан ақын, жорғадай күйші дейді. Сен сол күйіңді тартшы, – дедім. – Соны естуге құмартып отырмын, – деп, асыла түстім. Ол домбыраны алып, күйді күйлетіп отырды. Сонда мен: – Осы сен күйші болсаң, көзіңді жұмып тартшы, домбыраның пернесіне қарамай, – дедім. Ол, байғұс, еш нәрсемен ісі болмай, көзін жұмып, тарта бастады. Ептеп еліктетіп, «Ой, сенің көзің ашық отыр», – дедім. Ол онан сайын көзін қатты жұмды. Сол кезде баяғы масаханадағы құрдас жігітті шығарып жіберіп, өзім қасына қайта келіп отырдым да: – Ой, ақыным-ай, рақмет! Жұрт мақтарлықтай екенсің, – деп, көтеріп қойдым......
Түлен, Құлан, Алдар – үшеуі жортып жүріп, бір жерге келіп, дем алады. Дем алып отырып, әңгімелеседі. – Дүниеде біздей жан болсайшы! Еш нәрседен қорықпаймыз, дегенімізді істейміз, – дейді Алдар шайтандардан сыр ұрлағысы кеп. – Айта көрме. Еш нәрседен қорықпаймызың не? Біріншіден, Құдай қазақтың қамшысынан сақтасын. Екіншіден, инедей жердің тікенінен сақтасын. Бұларды көрсек, көрінім жерден қашып жүреміз. Кәпірдің бетін аулақ қылсын! – дейді Түлен мен Құлан отырып. – Жарайды, сабаздарым, – дейді ішінен Алдар. – Әлде сен еш нәрседен де қорықпайсың ба? – дейді шайтандар отырып Алдарға. – Айта көрме, ойбай! Қорықпайдың не? – деп, Алдар ыршып түседі. – Неден қорқасың? – Ойбай, айтуға да қорқамын. – Қой, айтудан қорыққаны несі? – Иреңдеген қазы дегеннен, кірпі сияқты қарындаған май дегеннен, одан кейін қара торсықтағы қымыз дегеннен жаман қорқамын. Кәпірдің беттерін аулақ қыл деп, солар бар деген жерден күндік жер аулақ жүремін. – Жарайсың, сенің де сырыңды білдік, – дейді шайтандар ішінен. Біраз отырып, дем алғаннан кейін шайтандар тұрып, жүрейік десе, Алдар тұрмайды. – Мен жүрмеймін, – дейді.......
Айнұр Тұрсынбаева айтысқа алғаш келген сәтінен бастап үлкен сахнаға келген қадамдары жайлы айтты. 3-сынып оқып жүргенінде суырып салма ақындық қасиеті барын байқаған мұғалімі оны айтысқа баулыған. Осыдан бастап айтыс әлеміне келген екен.
Бұл туралы айтыскер ақын Тұрсынбек Қабатовпен тікелей эфир кезінде болған әңгімесіне айтты.
Семей өңірінің тумасы Айнұр Тұрсынбаева мұғалімнің тапсырмасымен ең алғаш Ленинге арнап өлең жазған. Оқушының бойында ақындық қасиеті барын байқаған ұстазы оны айтысқа жетелейді.....
Біз түрлі одақтар мен басқосуларда, спартакиада мен азиадаларда, саммиттер мен эксполарда 30 жыл бойы шырылдағанымыз аздай, карантинде де түрлі челлендж жасауда алдымызға жан салмай, онлайн шырылдаған шегірткелерміз ғой.
Сөз өнерін қадірлейтін халықтың жүрегіне айтыскер ретінде жол таба білген Балғынбек Имаш "онлайн шырылдаған шегірткелерміз ғой" деп отыр. Ол бұл сөзі арқылы әншілерді шегірткеге теңеген белгілі кәсіпкер Ахметбек Нұрсиланың пікірімен келісетінін жеткізді. Ақынның ойынша, ел тәуелсіздік алғалы реформадан көз ашпаған білім министрлігінің кесірінен жастарда білім жоқ екен.....
Жігіттің жұмбағы: Тағы да отырмын мен жұмбақ ойлап, Дүлдүлді сахараға қойдым байлап. Басында бұлбұл отыр үйдің сайрап, Бір гауһар қойнында тұрар жайнап. Дарияның жағасында құрағы бар, Жел тисе жанып кетер өрттей қаулап. Азар білгіш болсаң да бір сасарсың, Тауып бер жұмбағымның бәрін ойлап.
Қыздың шешуі: Болғанда – ақыл дария, кеудең – дүлдүл, Басында сайрап тұрған тілің бұлбұл. Қойныңнан шыққан гауһар – екі көзің, Соққан жел дауылдатып айтқан сөзің. Дарияның жанып кеткен құрақтары,....
Оқу іс-әрекетінің мақсаты: Балалардың үй жануарлары туралы түсініктерін кеңейту. Төрт түлік мал төлдерінің аталуын және оларды ажырата білуге үйрету. Төлдерге қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу. Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, әңгімелеу, көрсету. Сөздік жүмыс: Төрт түлік, төл. Оқу іс-әрекетінің көрнекіліктері: Үй жануарлары және төлдерінің суреттері.......
Пән: Қазақ әдебиеті Бөлім атауы: Толғауы тоқсан қызыл тіл Сабақтың тақырыбы: Сүйінбайдың Қатағанмен айтысы 5-сабақ Белгілі бір оқыту мақсаты; Осы сабақтың сол мақсатқа қол жеткізуде тигізетін үлесі 7.А/И2.Эпикалық, поэзиялық , драмалық шығармадағы автор бейнесін анықтау. Сабақ мақсаты: Айтыстағы авторлардың көтерген мәселелерін құндылық тұрғысынан саралай отырып, автор бейнесін анықтайды, өз көзқарастары тұрғысынан баға береді.....
Пән: Қазақ әдебиеті Бөлім атауы: Толғауы тоқсан қызыл тіл Сабақтың тақырыбы: Сүйінбайдың Қатағанмен айтысы 4-сабақ Белгілі бір оқыту мақсаты; Осы сабақтың сол мақсатқа қол жеткізуде тигізетін үлесі Т/Ж2.Әдеби шығарманың тұжырымдамасы 7.Т/Ж2.Әдеби шығармадағы тұлғалық болмысты гуманистік тұрғыдан талдау. Сабақ мақсаты: Айтыстағы ақындардың тұлғалық болмысын гуманистік тұрғыдан талдап, өз көзқарасын білдіріп, тұжырым ұсынады.....