Айтбай Жұмағұлов Ботпайұлы (1975 жылы)

Айтбай Ботпайұлы Жұмағұлов (1975 жылы, Қарақұдық ауылы, Бұқар жырау ауданы, Қарағанды облысы) - айтыскер ақын, филология ғылымдарының кандидаты, доцент[1].
Атбай Ботпайұлы 1992 жылы Қарақұдық ауылы Амангелді орта мектебін бітірген. Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті филология факультетінің түлегі (1995-1999). Еңбек жолын Қарағанды қаласындағы Әлихан Бөкейхан атындағы №76 қазақ орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі ретінде бастайды(1999-2000), Кейін Қазақстан-Ресей қазіргі заманғы университетінде оқытушы болып қызмет атқарған (2000-2001). 2001 жылдан бері академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті филология факультетінің қазақ әдебиеті кафедрасында аға оқытушы болып қызымет етіп келеді. 2012 оқу жылынан бастап университет доценті. Аталмыш университеттің аспирантурасында күндізгі бөлімінде білім алған (2002-2005). 2007 жылы академик Рымғали Нұрғалидың жетекшілігімен Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде кандидаттық диссертация қорғаған. 2005 жылдан бері Қарағанды облысы Мәдениет басқармасы Халық шығармашылығы орталығында «Арқа» айтыс ақындар мектебінде жетекшілік етіп қызмет атқарады.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық