Азиз Заиров

Азиз Заиров – режиссер-сценарист, қоғам қайраткері.
Азиз Заиров Қытай елімен шекаралас Ұйғыр ауданында дүниеге келген. Ол отбасындағы төртінші бала. Азиздің анасы алтыншы баласын босанарда өмірден озған.

Азиз кішкентай кезінде дәрігерлер туа біткен жүрек ауруын анықтаған. Балаға шұғыл ота жаслуы тиіс еді, алайда әкесі баласының пышаққа түскенін қаламай, ерікті түрде бас тартып, қолхат жазады. Осылайша, екі жасар Азиз бен оның әпкесі, қарындасы үшеуі балалар үйінен бір-ақ шығады.

Он екі жасында Азиз балалар үйінде тәрбиеленушілерімен төбелесіп, жарақат алады. Қарсыласы оның аяғына тот басқан арматураны тығып алады. Салдарынан баланың аяғында жара пайда болып, аяқтың төменгі бөлігі қабынып, тромбофлебит өршиді. Жарақатқа дер кезінде көмек көрсетілмегендіктен, екінші топтағы мүгедек болып қалады.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық